ТАҚЫРЫБЫ: Менің мерекем. Заттарды өлшемі (биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы) бойынша салыстырамын. | Мектеп/МҰ: Абай Құнанбаев атындағы №19 орта мектеп |
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары | 0.1.1.3.Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру. |
Тілдік мақсат | Тəрбиеленушілер: -өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде лексика мен терминологияны пайдалана алады. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: -көбірек, азырақ, сонша, кеңірек, биігірек, жіңішкерек. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Пікір алмасуға арналған сұрақтар: –Заттарды көлемінің артуына қарай қалай бөлу керек екенін түсіндір. –Қалай ойлайсың, қандай жағдайда салыстырудың қандай тəсілдерін пайдаланған қолайлырақ? –Заттардың көлемдерін салыстыру нəтижелерін сипаттау үшін қандай көмекші сөздер пайдаланылады? Жазу: Торкөздер бойынша салынған үзік сызықтарды бастырып жазу. |
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. | Ынталандыру. Педагог тəрбиеленушілерден қаншаға дейін санай білетіндерін сұрайды. Олар жауап береді. Өзектендіру. Педагог суреттегі заттарды санауды немесе ең үлкен, ең ұзын, ең қысқа затты таңдауды ұсынады. | |
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс | Мақсат қою (проблемалық жағдай). (Ұ) ҰОҚ-де балалар заттарды көлемі бойынша салыстырады. Педагог балалардан: «Үлкен затты кішкентай заттан ажырата аласыңдар ма?» – деп сұрайды. Егер балаларға «биік – аласа», «кішкентай – үлкен», «кең – тар», «ұзын – қысқа» деген ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіруге тырыссаңыз, олар сізді тыңдамайды. Жаңалық ашу. (Ж) Балалардың қандай заттарды кішкентай, ал қандай заттарды үлкен деп атайтынын түсінуі үшін педагог оларға мысалдар келтіреді. Мысалы, текшелерден мұнара салуды сұрайды. Оның жанына көлемі кішірек тағы бір мұнара салуды ұсынады. Педагог балалардан қайсысы үлкен, ал қайсысы кішкентай екенін көрсетуді сұрайды. Əдетте, мектепке дейінгі жастағы балаларда жауап беруге қиындық тумайды. Осы ұғымның қалыптасуын бекіту үшін педагог балалардан ермексаздан кішкентай жəне үлкен шар жəне т.б жасауды сұрайды. Педагог балаларға салыстыру тəсілдерінің ішінен ең тиімді тəсілді таңдауды ұсынады: көзбен салыстыру, беттестіру, ауыстыру, өзара бірыңғай сəйкестік. Электрондық жиынтық полотномен (№1-3) жұмыс ұйымдастыруға болады. Педагог (ал одан кейін балалар) геометриялық фигуралар мен заттарды өлшемі бойынша (ұлғаю, кему) орналастырады. Балалар əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы орындайды. Оларға ең үлкен жəне ең кішкентай саптаяқтарды таңдап, салыстыру ұсынылады. Орындықтардың, қораптардың көлемі бірдей ме? Ең үлкен сыйлықты көрсетіңдер? Келесі 2-тапсырмада балалар торттың өлшемі бойынша бір тіліміне сəйкес ыдыстарды таңдайды. Балалар бірыңғай сəйкестік амалын пайдаланып, алдымен ең үлкен жəне ең кішкентай көлемдегі жұпты таңдайды, содан кейін аралық сəйкестіктерді іріктейді. Сергіту сəті. Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңын қараңыз.) | Əліппе-дəптер. Үлестірмелі материалдар. №41-43 кесте №1-3 электрондық жиынтық полотно. |
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. | (Ө)Рефлексивті бағалау. Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады. Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. | Əліппе-дəптер |