«Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша тест тапсырмалары
1. 1 және 2 сыныптардың оқу жоспарларындағы ортақ тақырыптар пәндердің арасында қандай байланыс орнатуға мүмкіндік береді....
А) сабақтастық
В) пәнаралық
С) сыныпаралық
Д) тақырыптық
2. Оқушылардың бойында жаңартылған бастауыш сынып бағдарламалары аясында қалыптастырылатын дағдылардың бірі...
А) адами құндылықтарды сақтау
В) бірлескен зерттеу жүргізу
С) достық сыйластықта болу
Д) үлкендерді құрметтей алу
3. Білім беру бағдарламасының іс жүзінде орындалуына қатысы бар барлық компоненттердің бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтуы
А) байланыстылық
В) кешенділік
С) ұтымдылық
Д) үйлесімділік
4. Оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделетін тәсілдері.......
А) бағдарлы
В) дәстүрлі
С) модульдік
Д) сындарлы
5. Топтағы бірлескен жұмыс негізделетін қағидат (Нарди)
А) әріптес үні
В) бөлінген таным
С) ортақ мүдде
Д) өзара келісім
6. Жекеленген оқушының дербес қабілеттеріне сәйкес нұсқауларды, тапсырмаларды, материалдарды, әдістерді іріктеу үрдісі........
А) оқытуды бағалау
В) оқытуды бақылау
С) оқытуды саралау
Д) оқытуды талдау
7. Топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша тақырыптық ойындар арқылы жүргізілетін оқу түрі
А) бағдарлы
В) белсенді
С) реттеуші
Д) жағдаяттық
8. Уәжді өсіретін факторды атаңыз..........
А) әр оқушыға жеке қолдау көрсету
В) негізінен мұғалімнің өзі сөйлеуі
С) оқушылардың мұғалімнен көмек күтуі
Д) оқушылардың қабілеттерін ескермеуі
9. Тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы
А) ұзақ мерзімді жоспар
В) орта мерзімді жоспар
С) қысқа мерзімді жоспар
Д) оқу жоспары
10. Бағалау белгіленбейді, оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады
А) аттестация
В) қалыптастырушы бағалау
С) жиынтық бағалау
Д) портфолио
11. Сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылатын бағалау
А) қалыптастырушы
В) жиынтық
С) модерация
Д) портфолио
12. Күнделікті оқытатын сабақтың сызбасы
А) ҰМЖ
В) ОМЖ
С) ҚМЖ
Д) Оқу бағдаламасы
13. Оқушылардың оқуға қызығушылықпен қатысып, үдеріске белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуі...........
А) өзіндік мақсат
В) өзіндік ынта
С) сыртқы уәж
Д) ішкі уәж
14. Бастауыш сыныптарда зерттеу сұрағын келісу үдерісі кімнің көмегімен жүргізілуі тиіс.....
А) сарапшының
В) басшының
С) жетекшінің
Д) мұғалімнің
15. Оқушылардың үлгеріміне ықпалы зор әдіс-тәсіл ретіндегі стратегия......
А) саралау
В) кері байланыс
С) топтық жұмыс
Д) жаттығулар
16. «2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат қашан қабылданды?
А) Астана, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015 жыл 21 сәуір №3 хаттама
В) Астана, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016 жыл 21 сәуір №3 хаттама
С) Астана, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017 жыл 22 сәуір №3 хаттама
Д) Астана, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017 жыл 21 сәуір №3 хаттама
17. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қаулысы қашан қолданысқа енгізілді?
А) 2015 жыл 25 сәуір №327-бұйрық
В) 2017 жыл 25 сәуір №327-бұйрық
С) 2015 жыл 20 сәуір №327-бұйрық
Д) 2016 жыл 25 сәуір №327-бұйрық
18. Бағалаудың басты мақсаттары:
А) болжау және сұрыптау;
В) уәж, оқытудың қиындықтарын анықтау, болжау, сұрыптау, бақылау, орындау;
С) уәж, кері байланыс, оқыту қиындықтарын анықтау, болжау, сұрыптау, стандартты бақылау
Д) уәж, оқытудың қиындықтарының мазмұны мен оқыту стилін бақылау.
19. Критериалды бағалау дегеніміз –
А) жеке қалыптасатын және оқу мен оқудан тыс кездегі белсенділігін, дайындық деңгейін көрсететін оқушының тұлғалық қасиеттері;
В) пән бойынша оқушылардың білім мен үлгерімін жан-жақты сипаттайтын және көп баллды шкаламен өлшенетін сандық мөлшер;
С) білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес оқушылардың нақты айқындалған оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген критерийлер үдерісінде барлық оқушыларға алдын ал белгілі болған үрдіс;
Д) барлық жауаптар дұрыс.
20. Критериалды бағалаудың негізгі ұғымдары қандай?
А) критерий, дискриптор, рубрика, модерация, балл, сандық бағалау, әріптік бағалау, сыртқы жиынтық бағалау;
В) баланың даму аймағы, критерий, дискриптор, рибрика, модерация;
С) критерий, дискриптор, қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау, рубрика, модерация;
Д) ішкі және сыртқы жиынтық бағалау, критерий, жақын даму аймағы, алыс даму аймағы, ынтымақтастық, рубрика, модерация, бағалау көрсеткіштері.
ТЕСТ ЖАУАПТАРЫ
Сұрақтар | Жауаптары |
1. 1 және 2 сыныптардың оқу жоспарларындағы ортақ тақырыптар пәндердің арасында қандай байланыс орнатуға мүмкіндік береді | В) пәнаралық + |
2. Оқушылардың бойында жаңартылған бастауыш сынып бағдарламалары аясында қалыптастырылатын дағдылардың бірі | В) бірлескен зерттеу жүргізу+ |
3. Білім беру бағдарламасының іс жүзінде орындалуына қатысы бар барлық компоненттердің бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтуы | В) кешенділік+ |
4. Оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделетін тәсілдері | С) модульдік+ |
5. Топтағы бірлескен жұмыс негізделетін қағидат (Нарди) | В) бөлінген таным+ |
6. Жекеленген оқушының дербес қабілеттеріне сәйкес нұсқауларды, тапсырмаларды, материалдарды, әдістерді іріктеу үрдісі | С) оқытуды саралау+ |
7. Топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша тақырыптық ойындар арқылы жүргізілетін оқу | В) белсенді+ |
8. Уәжді өсіретін факторды атаңыз | А) әр оқушыға жеке қолдау көрсету+ |
9. Тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланыстырылған тібектелген сабақтар топтамасы | В) орта мерзімді жоспар+ |
10. Бағалау белгіленбейді, оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады | В) қалыптастырушы бағалау+ |
11. Сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылатын бағалау | А) қалыптастырушы+ |
12. Күнделікті оқытатын сабақтың сызбасы | С) ҚМЖ+ |
13. Оқушылардың оқуға қызығушылықпен қатысып, үдеріске белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуі | Д) ішкі уәж+ |
14. Бастауыш сыныптарда зерттеу сұрағын келісу үдерісі кімнің көмегімен жүргізілуі тиіс | Д) мұғалімнің+ |
15. Оқушылардың үлгеріміне ықпалы зор әдіс-тәсіл ретіндегі стратегияны көрсет | В) кері байланыс+ |
16. «2017-2018 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат қашан қабылданды? | Д) Астана, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017 жыл 21 сәуір №3 хаттама+ |
17. «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қаулысы қашан қолданысқа енгізілді? | А) 2015 жыл 25 сәуір №327-бұйрық+ |
18. Бағалаудың басты мақсаттары: | В) уәж, оқытудың қиындықтарын анықтау, болжау, сұрыптау, бақылау, орындау;+ |
19. Критериалды бағалау дегеніміз – | С) білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес оқушылардың нақты айқындалған оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген критерийлер үдерісінде оқушыларға алдын ал белгілі болған үрдіс; |
20. Критериалды бағалаудың негізгі ұғымдары қандай? | С) критерий, дискриптор, қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау, рубрика, модерация;+ |