СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жас маман - 2018

Нажмите, чтобы узнать подробности

Колледж бітіруші түлектерді жаңа өмірге басқалы отырған қадамдарымен құттықтап, ақ жол тілеу. 

Просмотр содержимого документа
«Жас маман - 2018»

«Жас маман – 2018» атты мерекелік кеш

Сценарий

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, ата – аналар және 2018 жылдың түлектері! «Жас маман – 2018» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Бүгін Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық және техникалық колледжі өзінің түлектерін ақ сапарға шығарып салғалы тұр. Бітіруші түлектердің диплом табыстау салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!

Қазақстан Республикасының Әнұраны

Жүргізуші: Бүгінде колледжімізде ___ оқытушы дәріс береді. ___ студент күндізгі және сырттай бөлімде білім алуда. Соның ішінде ___ студенті колледжімізді күндізгі бөлімін биыл аяқтағалы отыр. Колледжіміз көптеген жетістіктерге жетіп, аудан, облыс көлемінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеміз.

Жүргізуші: Қымбатты бітіруші түлектер, алайын деп отырған дипломдарыңыз құтты болсын, өнер жолындағы сапарларыңыз сәтті болсын!

Жүргізуші: Ал енді, осының бәріне үлесін қосып, себепкер болып жүрген, студенттердің бітіру кеші аясындағы мерекеге зор ықпалын тигізіп отырған колледжіміздің директорын түлектерге ақ жол тілеу үшін және де үздік диплом табыстау үшін сахнаға________________________________________ шақырамыз. 

Жүргізуші: Үздік диплом иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!

Жүргізуші: «Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс студенті ________________ «Мен қазақпын» тамаша әнімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Көптен күткен салтанатты мерзімде келіп жетті. Ол – алтын ұяда 4 жыл бойы, бойыңызға жинаған, білім нәріне сусындағаныңыздың дәлелі – «Диплом» тапсыру салтанаты. Ендеше, студенттерге ақ жол тілеп, келесі құттықтау сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ________________________ беріледі.

Жүргізуші: Болашақ жас мамандарымызға қошемет білдіріп отырайық. Диплом иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің құрметтеріңізге колледжіміздің биші қыздарын қарсы алыңыздар. Би.

Жүргізуші: Өнерлі студент қашанда биік шыңдарға шығатыны сөзсіз. Колледж өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, колледжден тыс жерлер де, аудандық, облыстық байқауларға, облыстық олимпиадаларға қатысып жүрген

біздің түлектерімізді сәтті аяқтауларымен құттықтай келіп отырған қонағымыз және бітіруші белсенді түлектерімізді алғыс хатпен марапаттау үшін ортаға Жастар ресурстық орталығының маманы ______ортаға шақырамыз. (Жастар ресурстық орталығының алғыс хаты)

Жүргізуші: Ән мерекем. Ортада бүгінгі бастауыш бңлңм беру мамандығының бітіруші түлегі ________________ ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Өмірдегі ең жауапты кезеңге қадам басқан бітіруші түлектерге бүгінгі диплом беру салтанатында дипломмен қоса, еңбек кітапшасы табысталғалы отыр. Ендеше ортаға

1._____________________________________________________________

2._____________________________________________________________

3._____________________________________________________________

шақырамыз. (Еңбек кітапшасы тапсырылады).

Жүргізуші: Ортаға мұнай газ кен орындарын пайдалану мамандығының бітіруші түлектерін өздерінің өнерлерімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Ата - ана тәрбиелеп балапаның,

Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып

Құрметті ата-аналар колледжіміздің белсенді де, білімді азаматын тәрбиелегеніңіз үшін колледж атынан алғыс хаттарымызды қабыл алыңыздар. Ортаға колледжіміздің директоры __________________ шақырамыз. (Ата-аналарға алғыс хат)

Жүргізуші: Келесі кезекті колледж өміріне, колледжден тыс қоғамдық шараларға атсалысып, колледжіміздің атын шығарып жүрген белсенді студенттерімізді алғыс хатпен марапаттауғабереміз. (Колледж алғыс хаты)

Жүргізуші: Ендеше ортаға өздерінің ақ тілектерін арнау үшін түлектерімізді шақырайық.

1.

2.

3.

Жүргізуші: Колледжіміздің түлегі, жас маман құқықтану мамандығының оқытушысы _______________ мен Бастауыш білім беру мамандығының 3 курс студенті __________________ «Кел студент» әнімен ортаға шақырамыз. Қол соғып, қошеметтеп отырыңыздар. Ән:

Жүргізуші: Колледж аманатын тапсыру үшін бітіруші үздік диплом иегері ________________ , аманат қабылдап алу құрметі колледжіміздің белсенді 2 курс студенті _________________ беріледі.

Жүргізуші: Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық – техникалық колледжінің ұжымы қоғамның рухани жандануының басты кепілін мәдениет биіктерінен іздестіреді. Әрбір бітіруші жас түлекке қажымас қайрат, талмас қанат, биік шыңдардан көрінуге, ел өркениетін дамытуға бағытталған өткір де өзекті жобаларын жүзеге асыру жолында сәттіліктер тілейміз!

Жүргізуші: Бүгінгі бітіруші түлектердің «Жас маман – 2018» атты салтанатты жиынын студенттердің қоштасу әнімен аяқтасақ. Барлық жас түлектерді сахна төріне шақырамыз.

Ән: студенттердің қоштасу әні

Жүргізуші: Ауызбіршілігі айнымайтын, ақжүрек жұрт, қуатты ұлт, шуақты ұлыс – Қазақстанның болашақ жастары жасасын...! Келесі кездескенше сау-саламатты болыңыздар...!