СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Жүрек қан тамыр ауруларын алдын-алу жолдары»

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жүрек қан тамыр ауруларын алдын-алу жолдары»

Просмотр содержимого документа
««Жүрек қан тамыр ауруларын алдын-алу жолдары»»



Химия және биология пәні мұғалімі :Лақай Азамат



8 сынып биология Сыныптан тыс ашық тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы : «Жүрек қан тамыр ауруларын алдын-алу жолдары»

Сабақтың мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

«Дені сау ұрпақ - мемлекет байлығы» екендігін түсіндіру

Көрнекіліктері : буклет , журнал, суреттер, кубик , слайд. Тәжірибе жұмыстарына құралдар

Сабақтың барысы : ой шақыру

Мұғалім сөзі : Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бәріңізге мәлім Ал жүрек қантамыр жүйесінде ең бастысы –жүрек.

Ендеше Ақын Мұқағали Мақатаебтің «Жүрек арызы өлеңін»

Әуез Амангүл орындайды.

Жүргізуші Тұрсын Гүлнұр Елімізде өлім-жітім көрсеткіші жағынан жүрек қан тамырлары ауруы 1- орында тұр. Мәселен ,бүгінгі күні республикада 1 жарым миллионға жуық адам жүрек ауруына шалдыққан Осы орайда мектебіміздің 8-сынып оқушыларымен . «Жүрек қан тамырлары ауруларын алдын-алу жолдары» атты дөңгелек столымызға қош келіпсіздер.

Ауруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ

Жылы сөз , жеңіл тамақ , жақсы әуен

Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ дей келе

«Жасыл дәріхана» аялдамасына келейік.

...... слайд.........

Денсаулық басты байлық . Бұл аялдамада мен сіздерге сұрақ қоямын , ал сіздер жауап беріңіздер .

Өмірде адамға не қажет ?..................................

Ендеше адамға денсаулық қажет болса арықарай

Аурудың алдын алу” аялдамасына өтейік .

......слайд........

кезекті биолог маманға береміз

Биолог маман Меруерт

Жүрек туралы қысқаша анықтама береді.

..........Слайд ...........

Жүргізуші :

Мед статист Зарина

...... слайд......

Адамның жүрегі минутына негізінен қалыпты жағдайда 5-8, тәулігіне 7500 литр қанды денеге айдайды екен.Минутына 70 рет соққанда тамыр арнасына 4-5 литр қан айдайды.Денеге қандайда бір жүктеме түскен кезде қан ағымы 4-5 есе көбейеді.Дене еңбегімен айналыспайтын адамның жүрегі тоқтамастан тәулігіне 10 тонна , жылына 3650 , өмір бойы 300 мың тонна қан жүгіртеді.

Жүргізуші: «Жүрек –қантамыр аурулары деген не?

Терапевт Ақмарал

Саламатсыздар ма жиылған қауым.Өмір бойы тынымсыз жұмыс атқаратын жүрек қызметі бұзылса , ағза ауруға шалдығады. Енді жүрек-қан тамырлары аурулары мен оны тудыратын себептерге тоқталсақ.Жүрек аурулары жүректің ишемиялық аурулары немесе тамырдың гипертониялық аурулары болып бөлінеді.

Слайд................

Мед статист Зарина

Жүрек ақауының бірнеше түрі бар.Ол көбіне туа бітті пайда болады.Елімізде жылына 3000 нан аса сәби жүрек ақауымен дүниеге келсе, соның 10-15 пайызы ғана 1 жасқа дейін өмір сүреді екен.

......Слайд......

Балалар дәргері . Аяулым

...... слайд......

Туа біткен жүрек ақауы жүрек клапандарының , тесіктері мен қатпарларының туа біткен ауытқуы.Мұндай ауытқулар жүрек механизмінің түбегейлі бұзылуына әкеліп соқтырады.

Мед статист Зарина

...... слайд......

Еліміз бойынша 32 кардиологиялық орталық ашылған Оның төртеуінде сәбилерге ота жасалады екен.Алайда ота кезегінде тұрған сәбилердің барлығына бірден жәрдем беру мүмкін болмай тұр Әрине туу көрсеткіші жоғарылаған сайын , жүрек ақауы бар балалардың саны да артатыны анық.

Жүргізуші: Ендігі кезекті кардиолог маманға берейік

Кардиолог Саян

.....слайд............

Саламатсыздар ма құрметті әріптестер

Жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде қоғамымызда ең жиі кездесетін түрі –жүрек қыспасы

Басты себеп –жүректі қоректендіретін күре тамырдағы қан айналымының бұзылуы.Жүрек қыспасының салдарынан қан тамырлары тарылады.Тамыр тарылған соң жүрек өзіне қажетті қоректік заттар мен оттегін ала алмай зардап шегеді.Мұндайда адамның кеуде сырты немесе жүрек тұсы күйдірген тәрізді ауырады,қысады немесе кеудені басып тұрғандай сезінеді.Оның әсері сол қолға ,мойынға, арқа тұсына беріледі.Кейде ауру белгісі басқаша борлып келеді.Іштің жоғарғы жағы ауырады.,адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді.Кейбіреулер мұны асқазан ауруы деп түсініп , басқа ем алуы мүмкін.

Жақсы рахмет

Жүргізуші : Ендігі кезекті тамақтану орталығының маманына берейік

Арыстан

........слайд..........

Мамандардың айтуынша , бүгінде жүрек ауруына душар етіп отырған бірден-бір себеп-тамақ.Қазақ «ауру-астан!» деп тегін айтпайды.Қазір барлық тамақ түрі түрлі жасанды қоспалар арқылы дайындалады.Әсіресе құрамында концентраты көп өнімдердің қатары көбейеді.Мәселен кәуап,фастфут,хотдогтарқытырлақ нандар газды сусын,шұжық т.б.

Жүргізуші Ендігі кезеңді тағы кардиолог , маманға берейік

Кардиолог Саян

.........слайд........

Атеросклероз –артерия қабырғасына май массасының жиналуыхолестериннің көбеюі, қанның қоюлануы.Холестерин 1-ден бұл ағзадағы май алмасуының бұзылуы ол қандағы холестеринді көбейтеді.2-ден артерия қабырғасының зақымданып ,өзгеріске ұшырауы 3-ден тромбоциттер

Кеңесіңізге рахмет айтамыз

Ендігі кезек :Есіл ауданының Дінтанушысы

Әділхан.

........слайд........

Адам денесінде бір кесек ет бар ,егер ол сау болса барлық денең сау

болғаны ,егер ауру болса барлық денең ауырғаны.Біліп қойыңыз ол не? Ол жүрек деген екен Пайғамбарымыз Мұхаммед

тамақтану орталығының маманына сөйлейді.

Күніне 5 порция жеміс-жидек немесе көкеніс , Сдәрумені ,

К дәрумені Са ,мыс

Терапевт Ақмарал

.........слайд.........

Үйде қан қысымын қалай өлшеуге болады тәжірибе жүзінде көрсетіледі

-өлшер алдында 5 минуттай тынығып алады.

-өлшер алдында 30-минуттай темекі тартпаушай,кофе,арақ ішпеу

Өлшеу кезінде орындықтың арқасына сүйеніп ,қолды қозғалтпай үстелдің үстінде ұстау

Сөйлемей отыру

Аяқты айқастырмай,табанды тіреп отыру

Өлшер алдында қуығы бос болу керек.

Мед статист Жүлдыз

Слайд...........................

Еліміздегі өлім-жітім себебінің 1-шебінде де жүрек-қан тамырлары аурулары тұр Әлем бойынша жылына 8,6 миллионнан аса әйел қан тамырлары аурулары мен инсульттан о дүниелік болады.Статистикаға жүгінсек егер 20 әйелдің біреуі сүт безі

Слайдтар көрстіледі Айгерім өлең оқиды.

Жүргізуші ендеше жат қылықтан аулақ болайық .

1. Оқушыларға темекі шегетін , арақ ішетін адам суреті көрсетіледі . Оның астында сұрақтар бар . Оқушылар осы сұрақтарға дұрыс жауап қайтарып , карточкаларды кезекпен ашса , сауатты адамның суреті шығады .

2. Темекі шегетін адамның ерекшелігі . 3. Арақ ішетін адамның ерекшелігі . 4. Нашамен айналысатын адамның ерекшелігі.

Шынығу клубы” аялдамасына қош келдіздер

Шынығу түрлері: спорт , таза ауа , су , күн сәулесі . Шынығу түрлерінің көпшілігі табиғатта өтеді . Табиғат пен адам егіз . Табиғат еш уақытта адамсыз өмір сүре алмайды . Бірақ та адамныңіс-әрекеттері, сан алуан тіршілігі табиғатқа жанға бататын жаралар салуда . Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2030 жылға бағдарлама жасаған уақытта “Тазалық –саулық, саулық-байлық негізі” халық нақылын пайдаланды. Бұл президентіміздің қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән беру . Осыған өз үлестерін білдіру мақсатында оқушылар екі топқа бөлініп, спорттық тапсырмалар орындады

Ендеше дәрігерлерге сұрақтарыңыз болса қойыңыздар ............

Жақсы сіздер дәрігерлерден жауаптарыңызды толықтай қамтып алдыңыздар деген сенімдемін. Олай болса енді сіздерге мен сұрақ қойсам деймін.

Жүрек пен мейірімділктің бір-біріне жақындығы қалай деп ойлайсыздар?!

....................................................................

Ендеше осы сұрақтың жауабын экранда шығатын бейнекөріністен байқайық .

............... Ана жүрегі....................

Мұғалім сөзі : Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

Жүргізуші :

Адам өмірі қаншалықты қиындықтықпен , сүйіспеншіліктен тұрса біздің де жүрегіміз осындай қиындық пен сүйіспеншіліктен тұрады . Бүгінгі ашық тәрбие сағатына қатысып белсенділіктеріңізді көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Жүрегіміз мәңгілік соқсын.

Мұғалім: осымен сабағымыз аяқталды сау болыңыздар

Спорттық суреттер көрсетіледі




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!