СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Country, people and job

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.  Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. 

     Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін  арттыру курсының  бізге ұсынылып  отырған бағдарламасы  мына  жеті  модульді  қамтыған:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және  оқыту. 

7. Білім  берудегі  басқару және көшбасшылы

         Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)  бағдарламасының  қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған  жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.

   1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік –сындарлылық көзқарасымен тығыз  байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету » немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше  жалғастыра   алатын  білім  жинау жауапкершілігін  түсінуге  және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

    3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар  өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

Просмотр содержимого документа
«Country, people and job»

Тақырыбы

Country, peoples and job.

Мақсаты

Оқушыларға елдер, адамдар және жұмыстар туралы ақпарат беру.

Жалпы мақсат

Оқушылар өзге елдің адамдарымен, жұмыстарымен таныстыру. Тіл байлығы, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген шығармашылық белсенділігі артады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ағылшын тілінде уақыттың қанша болғанын айта алады, оларды өзара талқылайды, жеке, жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын дәлелдеп беруге үйренеді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Суреттер сөйлейді», «Жасырын сан», сөзімді аяқта, автор орындығы, «Пошта».

Қолданылатын ресурстар

Жазба дәптер, кітап

Үй тапсырмасын сұрау

Жазба дәптер бойынша үй жұмысын тексеру.

Тренинг

«Сандарды бейнеле» ойыны арқылы психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім қызығушылық-

тарын ояту

«Зияткерлік сергіту»

Жаңа тақырыпты ашуға бағытталған жалпы сұрақтар қойылады:

Оқушылар бар білімдерімен бөліседі

Түсіну

Мәтінмен жұмыс

Мәтінмен топпен жұмыс жасайды.

Мәтінді оқып аударады.

Қолдану

1-жаттығу

Жаңа Зеландия туралы не білесіз? Картадан тауып, сұраққа жауап беру.

Оқушылар картадан тауып, сұраққа жауап береді.

Талдау

Постер қорғау

Өз елі туралы постер қорғау

Оқушылар өз елінің картасын салып,

Жинақтау

Жазба дәптермен жұмыс

1,2-жаттығу. Тыныс белгілерін орнына қою.

3-жаттығу. Сөйлем құрастыру.

Оқушылар жазба дәптермен жеке-жеке орындайды.

Рефлексия

Оқушылар сабақта алған білімімен бөліседі.

Алған білімдерімен бөліседі.

Сабақта алған білімдерін саусақтармен көрсетеді.

Үй тапсырмасы

4-жаттығу.

Санжар Мадиев жайлы мақала жазу.

Оқушылар үй тапсырмасын белгілеп алады.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!