Тақырыбы: Сөз сардары Зейнолла
Қазақ топырағында әдебиет туралы ғылым бірте-бірте дамып, қалыптасты. Әдебиет өкілдерін топтастырып қарайтын болсақ, әрине барлығымыз Мұхтар Әуезов, Абай Құнанбаевты айтармыз. Әдебиетте М.Әуезовпен бірге он жыл бірге қызмет еткен, бес жыл М.Әуезовтен дәріс алған Зейнолла Қабдоловты естен шығармаймыз. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қабдолов Зейнолла 1927 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кентінде дүниеге келген.
Тасты-тасқа жанар болсаң, от ұшқыны пайда болады. Ертеде алғашқы адамзат қоғамының алғашқы дәуірінде от болмаған. Қарапайым тастарды бір-біріне соғу арқылы от болған. «Ұшқыннан жалын лаулайды» - деп орыс жазушысы А.Одоевский айтқанындай, жастардың арман-қиялына үміт тастайтын, мотивация беретін З.Қабдоловтың «Ұшқыны». Тұңғыш көлемді шығармада университет студенттерінің өмірі Атырау мұнайшыларының тұрмыс-тіршілігімен сабақтастырыла суреттелген.
З.Қабдоловтың «Ұшқын» романы әкесі Қабдол Көпжанұлына арналып, әкеге деген махаббаттан, әке махаббатын ана мейірімімен тең етіп көрсетіп, жазылған. Зейнолла кітабындағы негізгі тақырып – жастар өмірі. Студенттер мен оқушылар кітапты қызығып оқи алатын кітап десек те болады. Себебі, жастар үшін дәл көз алдынан өтіп жатқан өмірді оқу тіптен қызық.
Роман Батыс Қазақстан облысының табиғатын суретеуден бастайды. «Бұл өңірде тамыз туысымен көп ұзамай күз белгісі көріне бастайды: бидайық дәнін төгеді, жусан бүрінен айрылады, бұйырғының да бояуы оңады – алабота тәрізді әнтек сарғыш тартып, аласара береді.» Суреттеп отырып белгілі бір детальға мән бергенін байқаймыз. З.Қабдолов: «деталь – бөлшек». Осы сөйлемде бөлшек болып, табиғатты суреттеп тұрған детальдар: тамыз, күз, жусан бүрі, бұйырғы, алабота сөздері. Романның басты кейіпкері – студент (Тайман) және әкесі.
З.Қабдолов «Ұшқын» романының негізгі идеясы
Әдебиетте бейнелеу құралдары бейнелі сөздер, құбылту, метонимия, әсірелеу, кейіпкерлерді мінездеу, портрет жасау, табиғат көріністерін суреттеу, оқиғаны әртүрлі өрістету қолданылады. З.Қабдоловтың «Ұшқын» романын қарайтын болсақ, эпитет кездеседі. Эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. [294-б. Сөз өнері] Романда сырлы сыбыр, мұңды саз, сұлу сурет, жібек жіптерге, қызғылт шапақ, кең дала, жеңіл газик, көк комбинезон, қара көзінде, қағылез жігіт, мігірсіз қала, қалың вышка, майда үні, ақ жібек кофтасы, қызыл галустук, ақ өңді, үлкен сурет,
Кейіпкерлерді мінездеу
Жасы отыздан асқанмен өзін баладай жеңіл, жинақы ұстайтын қағылез жігіт
Дәурен – Тайманның әкесі, біздің әдебиетімізде мұндай әке образы болған емес. Көптеген шығармаларда әке қатал, суық жан ретінде суреттеледі. Дәурен болса баласына ғашық, мейірленіп, еміреніп балаларының асты-үстіне түседі. Тайманның мамандығын анықтағана Дәурен «сен мен емес, менен гөрі білгішеу геолог боласың» деген. Әкесінің баласына деген мейірімін көрсететін:«Қыста қанатымның аяғы тоңып жүрсе...», «Тайманым, шаршап келеді ғой! Кеткенше демалса қайтеді...» деп, Тайманды ойлайды. Оқуға аттанып бара жатқан Тайманды «байқаусызда трамвайға түсіп қалма» деп те сақтандырады. Шығармадағы тағы бір образ – Қабен. Қабен – ашаң, ұзын жігіт. Шығармада «мүйіз көзілдірігін ылғи мұрнының ұшына киіп жүреді. Мұның отырысы қызық: алдындағы столға доғадай иіліп, жанынан бірқырын қараған адамға сұрақ белгісі тәрізді көрінеді. Қатар құрбыларының арасында шынында да геолог емес, философ атанған Қабеннің қолынан ешқашан кітап түсіп көрген емес.» [24-бет] Дәуреннің кіші баласының туған күніне арналған мәжілісте Қабен қазақ арасында бел алып кеткен екі нәрсені сөз етеді. Ол: ру мәселесі және арақ. Себебі, қазақ елін жегідей жеп келе жатқан ру таласының сарқыншағы. Руға тарту, жерлестікке іш бұру деген елдің шырқын бұзатын сұрқиялық. Ал, екінші, ішіп алған адамда адамшылық қасиеттің жұрнағы да қалмайды. Ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, айтпаған сөзі, былмаған жері қалмайды. Қабен руға бөлінуге, арақ атаулыға қарсы. Қабен түп негізінде қатал емес, жүрегінің түкпірінде адамға деген үлкен махаббат ұялап жатқан жан. Шығарманың негізгі кейіпкері – Тайман. Еңбек ұясында қанаттанған, ақылды жастың бойында әлі аңқаулығы қала қоймаған, өмір тәжірибесі аз, іс-әрекетінде, ой-парасатында олақтық көп.
Образдың қазақшасы – көркем бейне.
З.Қабдолов романда варваризм сөздерді молынан қолданған. Варваризм – белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдарына сйкеспейтін, зәрушілігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен қолданыстары. «Жеңіл газиктің төбесі ашық, алдыңғы әйнегін жалт-жұлт ойнатып зырлап келеді.»
- Осында өнберсетет бітіргендер де, енстетут тауысқандар да көп. Араларында кандедаттар да көп.
- А-а... – деп, Науша да ақсия қалды, - рас, қазір помбөрелшікпін. Бірақ Дәурен ағайға шөпір алдыртпадым. Өнберсетет, енстетут, кандедат, помбөрелшікпін кірме сөздер. Романда кірме сөздермен қатар, «мұнай» маманы терминдері көп кездеседі.
«Әне қаланың шығысында самсап, көкке бойлаған қалың вышка – мұнай мұнаралары.
Егер мұнысы рас болса, сол отыз құлаштың бір құлашын отыз жыл бойына Тайманның әкесі бұрғылаған скважиналар төмендетіп жүрмесе неғылсын!..
Құдық-ұңғыны цементтеу мен насос жұмыстарына дейін түгел меңгеріп, тіпті мұндағы геофизикалық әдістердің бірі – кароттаж деп аталатын қиын процестің талай бұралаңын ұғып...
Мүлде басқа – турбиналық бұрғылау, роторлық бұрғылау.
Ал, турбиналық бұрғылау ісінде тек бұрғыға таяу тек турбобур ғана айналып тұрады.
Ол штурвалда тұр екен.
Раствор!
Қысым қанша?! – деп әркімге шұғыл, шолақ тіл қатқаны болмаса, өззге бұйрығының бәрін сөзбен емес, ыммен келіп жетеді.
Мұндағы:
Вышка – бұрғылау мұнарасы.
Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол арасына тең ұзындық бірлігі.
скважина – ұңғыма
геофизика– жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін және оның қатты, сұйық, газ қабаттарында өтетін құбылыстарды зерттейтін ғылымдар жиынтығы.
каротаж – бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін арнаулы геофизикалық зерттеулер кешені.
Зейнолла Қабдолов шығармаларын 11-сынып бағдарламасында оқытады. Болашақ мұғалім ретінде З.Қабдолов шығармаларын негігі орта білімде оқыту басты назарға алынса. Себебі, мектепті негізгі орта біліммен аяқтайтын оқушылар үшін бұл дұрыс емес. Оқушылардың бойында ұлттық кодты қалыптастыруда да өзіндік орны бар. Жаңа бағдарлама негізінде оқушыларға білім нәрін сусындату біздің міндетіміз. Егерде 9-сыныпта «З.Қабдолов және шығармашылығы» атты тақырып беріліп, «Менің Әуезовім» роман-эссесінен үзінді берілетін болса, оқушыларды қалай оқытуға болаы? Тақырыпқа сай оқу мақсаттары беріледі және сабақ нәтижесін көрсетеміз. Жаңа сабақты қалай түсіндіреміз? Ең бірінші оқушылардан бүгінгі сабақта не білгілері келетіндері жөнінде біліп алуға болады. (оқушылар өз ойларын айтады) Оқушыларға З.Қабдоловтың өмірімен танысуға уақыт беріп, білімдерін тақтаға «Зейнолла кім?» жаздырамыз. Ал шығармашылығымен үзінді берілсе, мектепте оқушыларға үзіндіні оқитындай мотивтер орындату керек. Мектеп оқушылары дәрістерді көп ұната қоймайдын, және жас ерекшеліктерін ескеру қажет.