СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Cырмақ" ою-өрнек өнері.

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік мақсаты: Қазақ халқының қолөнері жайлы мағлұмат беру, сәндік сурет салуға оқушыларды баулу, шығармашылық елестету қабілетін, көркемдік талғамын дамыту. Киіз, сырмақ, текемет, тұскиіз туралы қысқаша мағлұмат беру;     Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, сәндік нақыштарды бейнелеуде өрнектердің ретімен орналастырып үйрету, сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту;  

Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;  

Просмотр содержимого документа
«"Cырмақ" ою-өрнек өнері.»

Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары. 3-4 «Ә» сынып



Сынып: 3 «Ә»

Сынып: 4 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: «Сырмақ». Ою элементтері мен сарны.

Сабақтың тақырыбы: ‹‹Ою-өрнек композициясы›› Ою элементтері, тіктөртбұрыштағы ою – өрнек.

Білімділік мақсаты: Қазақ халқының қолөнері жайлы мағлұмат беру, сәндік сурет салуға оқушыларды баулу, шығармашылық елестету қабілетін, көркемдік талғамын дамыту. Киіз, сырмақ, текемет, тұскиіз туралы қысқаша мағлұмат беру;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, сәндік нақыштарды бейнелеуде өрнектердің ретімен орналастырып үйрету, сабаққа деген қызығушылығын, шеберлігін дамыту;

Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;

Сабаққа қажет материалдар:
Мұғалім үшін: көрнекілік иллюстрациялар, ою элементтерінің суреттері, қолөнер бұйымдарының үлгілері, «салқын», «жылы» түстер таблицасы, «спектр» шеңбері, шаблондар.
Оқушылар үшін: альбом, акварель бояуы, қылқалам түрлері, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, карандаш, өшіргіш, фломастер түрлері.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ:
ІV.Сармандық жұмыс
V. Үйге тапсырма
VI. Сабақты қорытындылау.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасы: «Адам тұлғасы»

ІІ.Үй тапсырмасы: «Менің төрт аяқты досым» мүсіні.

Болжау стратегиясы:
- Балалар мына бейнеден не көріп тұрсыңдар? (ою-өрнектер), (сырмақ)
- Бұл екі суреттің байланысы не болуы мүмкін? (оқушылар жауаптары)
- Бұл бұйымдарды кім жасауы мүмкін? (оқушы-дың болжамдары)

  • Дұрыс. Бұл қолөнер туындылары.

ІІІ. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының қолөнер бұйымдарының тарихымен танысамыз. Қазақ халқының қолөнері өте ерте заманнан бастап дамыған. Халық іскерлік қолөнер негізінен үй кәсібі негізінен дамыған деп айта аламыз. Барлық уақытта халық шеберлері бұйымдардың тек қана пайдалы ғана емес, сонымен бірге сыртқы бейнесі сәнді болуына да көп мән берген. Тұрмыс заттарын жасап сәндеуде халық суретшілері сәндік өрнектің түрлі үлгісін ойлап тауып пайдаланды.
Сабақ барысында оқушыларға ою-өрнекпен безендірілген тұрмыстық заттардың суреттерін көрсете отырып сәндік-қолданбалы өнер – халықтың өнері екенін түсіндіремін. Халық тұрмыстық заттарын жасап қана қоймай, оған қажет пішіні мен сипат берді, сол заттардағы әсемдікті аша көрсетіп, оны ұрпақтарға жеткізуге тырысқан.
Сәндік қолданбалы өнер ою-өрнекті, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруде пайдаланған.
Қазақ қолөнерін төрт топтқа бөлген. Олар: ұсталар, зергерлер, ісмерлер мен шеберлер.

Ұсталар - найза, қылыш, қанжар, қалқан, семсер, т.б. қару жарақ түрлерін жасаған.
Зергерлер - білезік, сырға, сақина, шашбау, қапсырма, сәукелеге тағылатын қымбат металдардан (алтын, күміс ) соғылған әшекей бұйымдар жасаған.
Ағаш шеберлері – киіз үй сүйегінен бастап, сандық, асадал, ожау, тостаған, қобыз, домбыра, бесік, шана, арба т.б. бұйымдар жасаған.
Ісмерлер – камзол, шапан, құрақ көрпе тігумен, тұс киіз, алаша тоқумен, сырмақ, текемет басумен айналысқан.
Ою-өрнек - өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Байқап отырсаңыз киіз, ағаш бұйымдарында көбінесе мүйіз өрнектерін қолданатынын көреміз. Сонымен бірге өрнек ою-өрнек элементтерінің ретімен қайталануына негізделген.

Оюларға сүйсініп,
қайран қалып тұрасың.
Көре білсең түсініп,
одан көп сыр ұғасың
демекші қазақтың тарихын, өмірін өрнектер бойынша оқып білуге болады.

Жеке тапсырмалар: берілген ою-өрнектің жартысын сал. Симметрия және асимметрия ережелерін сақтай білу.

Сырмақтың шығу тарихы туралы видео жазба қарау.



ІV. Сарамандық жұмыс: Оқушылар шаблондарды алып өрнек композицияларын құруға кіріседі.
Балалардың ой-өрісінің дамуына, қиялына, өзін еркін ұстауына, ойлауға саз әуені психологиялық тұрғыдан жақсы әсер етеді.

VІ.Үйге тапсырма: түс үйлесімдіктеріне байланысты «салқын», «жылы» түстерін араластыра отырып өрнек түрлеріне композиция құрып келу.

VІІ.Сабақты қорытындылау:

«Қолөнер» сөзіне топтастыру стратегиясы бойынша, оқушылар үйден орындаған шығармашылық композициялары арқылы сабақ қорытындыланады.