Іздену–ұйымдас-тырушылық
|
- Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Алдармен бірге «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.
-Алдар немен жүреді?
- «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?
- Ат қалай жүреді? Аттың жүрісін тілімізбен көрсетейік.
- Балалар, мен ол баққа Алдармен бірге «Білім көлігімен» барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?
- Онда біз өткен әріптерді қайталайық.
- Тасбақа деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Oрындық деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Нан деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Робот деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Аққу деген сөз қандай дыбыстан аяқталады?
- Шағала деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Лақ деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Ай деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Алма деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
- Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар!
Д әрпімен танысу
- Д дыбысы дауысты ма? Әлде дауыссыз ба?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- Дұрыс, дауыссыз дыбысты көкпен белгілейміз.
- Неге? Не үшін?
- Неге ол дауыссыз деп саналады?
- Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық.
- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады.
- Қане, алфавит ішінде Д дыбысын табайық.
Жазу дәптермен жұмыс:
1.Суретте не болып жатыр деп ойлайсың?
-Балалар қайда ойнады?
-Балалар немен ойнады?
Доптың пішіні қандай? Жауабын сызбамен көрсет.
Сұрақ-жауаптың қай сөзінен д дыбысын естідің?
- Дұрыс, өте жақсы.
2.Ойын құралдарынан д дыбысының орнын тап.
Дартс Доп Домино Сергіту сәті.
Қолды жоғары көтеріп,
Демалып бір алайық.
Доп сияқты домалап,
Секіріп, секіріп алайық.
Денемізді бос ұстап,
Шынығып бір алайық.
Д – ұяң дауыссыз дыбыс. Д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі жəне астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.
- Д әрпін ауада жазғызу.Д әрпімен таныс бол.
4. Суретке қара. Берілген создерді балалардың есімдерімен байланыстырып әңгімеле.
Керекті сөздер: келді, жүзді, жарысты, дірілдеді, секірді.
Демалыс күні
О- секіріп кетті,
Д- дір-дір етті.
Бассейнде Д әрпіне кай бала ұқсайды?
5. Д әрпін бастырып, жазып шық.
|
-Атқа мініп жүреді.
-Атпен барайық.
-Ия, дайынбыз.
Тасбақа деген сөз Т дыбыстан басталады.
– Oрындық деген сөз О дыбыстан басталады.
– Нан деген сөз Н дыбыстан басталады.
– Робот деген сөз Р дыбыстан
басталады
– Аққу деген сөз У дыбыстан аяқталады.
– Шағала деген сөз Ш дыбыстан басталады.
– Лақ деген сөз Л дыбыстан басталады.
– Ай деген сөз А дыбыстан басталады.
– Алма деген сөз А дыбыстан басталады.
- Дыбыста екі топқа бөлінеді: дауысты, дауыссыз
- Дауыссыз
- Көк.
- Ол дауыссыз дыбыс.
- Ол әндетіліп, созылып айтылмайды.
Барлығы хормен айтады.
- Ол созылмайды.
Тақтадағы әріптердің ішінен 1 оқушы көрсетеді.
Балалар ойнап жатыр
Балалар далада ойнады
Балалар доппен ойнады
ООООООООООО
Дала, доп
Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.
Айдос келді,Дархан дірілдеді, Шералы түсті,Темірлан жарысты,Оралхан секірді
Дархан
Дәптердегі Д әрпін үлгіге қарап жазады.
|
|
Рефлексивтік-
қорытындылау
|
Қорытындылау:
Тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.
- Жел толтырылған, резинадан жасалған ойыншық?
- Қай музыкалық аспаппен орындайды?
- Оқу құралының бірі, оған жазу жазамыз.
- Жазық жер, алаңқай.
- Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады?
- Ал, енді біз жаңылтпаш жаттайық.
Доп деп, доп теп. (2-3 рет қайталайды)
- Ал, балалар Алдаркөсеге айтыңдаршы қандай әріппен таныстыңдар?
- Д дыбысы қандай дыбыс?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
|
- Доп.
- Домбыра.
- Дәптер.
- Дала.
- Д дыбысынан.
Хормен қайталайды.
- Д әрпімен таныстық.
- Дауыссыз.
- Дыбыстар екіге бөлінеді.
|
|