Пәннің аты : әліппе | Уақыты: | 1-сынып | Мұғалім: Мырзакулова Г |
Сабақтың атауы | Д дыбысы мен әрпі |
Мақсаты | Оқушыларға "Д д" дыбысы мен әрпін таныстыру. Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету, тілін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Д д дыбысы бар сөздерге талдау жасайды, айтылуы мен жазылуын үйренеді. |
Күтілетін нәтиже |
+Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту | Бала біткен соғады Жеңіл шарды домалақ. Ұрсаң, ұшып жоғары Жерге түсер домалап. Ол не? (Доп) | Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
Мағынаны тану | Оқулықпен жұмыс жүргізу. Бүгін бізд дыбысы әрпімен танысамыз. – Д дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы? – Дұрыс айтасыңдар доп д дыбысынан басталады. – Д дыбысы дауысты ма? әлде дауыссыз ба? – Қандай текшемен белгілейміз? – Дұрыс көкпен белгілейміз дауыссыз дыбысты. – Неге? Не үшін? Ол дауыссыз дыбыс. – Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық. – Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? – Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады. Қәне, альфавит ішіндеД дыбысын табайық. (тақтадағы әріптердің ішінен 1 оқушы көрсетеді) |
Сергіту сәті | Сергіту сәтін орындайды. Бала, бала, балақан, Қәне қайсы алақан. Саусақтарың әйбәт, Былай, былай, ойнап. Топ – топ басайық Жалаудан күн жасайық Жаса – жаса жарқын күн Жаса – жаса алтын күн. Жазуымызды жалғастырайық. | Ой сергітеді,шашағандары басылады |
Ой толғаныс | Тақтадағы сөзжұмбақты шешейік. -Жел толтырылған, резеңке, ойыншық (доп) -Күй ойнайтын аспап. (домбыра) -Оқу құралының бірі, жазу жазамыз. (дәптер) – Жазық жер, алаңқай. -Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады? Ал, енді біз жаңылтпаш жаттайық. Доп деп, Дөп теп. (2-3 рет қайталайды) – Ал, балалар Алдаркөсеге айтыңдаршы қандай әріппен таныстыңдар? -Д дыбысы қандай дыбыс? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? |
Үйге тапсырма | Жазу дәптерімен жұмыс | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау парақшасын толтырады. |
Кері байланыс |   | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |