СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дәріс тақырыбы: "СТАРТАП ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР"

Категория: Экономика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Дәріс тақырыбы: "СТАРТАП ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР"»

СТАРТАП ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

    1. Ресурстардың шектеулілігі;

    2. Негізгі ресурстардың түрлері.

1 сұрақ. Біз негізгі ресурстар туралы айтқан кезде, мынадай сұраққа барамыз: «Сіздің бизнес-модельіңіздің жұмыс істеуі үшін Сізге қандай маңызды активтер қажет?». Қандай активтер ең маңызды болып табылады?

Әрбір стартап үшін ең қызықты мәселе ақша немесе қаржы болып табылады. Компания жұмысын қалай іске қосуға болады? Материалдық ресурстарды сатып алуға бизнес үшін несие алу керек пе? Өндірістік желі қажет. Жабдық керек. Машиналар қажет. Станоктар қажет. Ал зияткерлік меншік қалай? Нарықтағы позицияны анықтау керек пе, онда клиенттер бар ма? Мұның бәрі болу үшін қандай негізгі адами ресурстар қажет? Бізге ғалымдар қажет пе? Бағдарламашылар? Инженерлер? Есепші? Мүмкін, елде осының барлығы шоғырланған бір орын бар шығар? Сіз ресурстар туралы ойлаған кезде, осы мәселелердің барлығы орынды.

Жалпы ресурстар не үшін қажет? Олар бірнеше маңызды функцияларды орындайды. Олардың көмегімен:

    • тұтынушыға құнды ұсыныстар жасау және жеткізуге болады;

Бір затты сату үшін, Сіз бұны жасауға тиіссіз, немесе қандай да бір «құпия» ингредиент қосып, ұсынысыңызды ерекше етіп жасау үшін оны басқа өндірушіден сатып алуыңыз керек. Сіз сәнді кепкаларды өзіңіз тіге аласыз, не кепка дүкенін ашып, ең танымал брендтердің кепкалары мен бейсболкаларын ұсына аласыз. Бұл жағдайдағы сіздің құндылығыңыз енді сатып алушыға өзіне қатты ұнайтын кепканы таңдап, бағаларын алыстыру үшін 10 түрлі кепка өндірушілердің сайттарына кірудің қажеті жоқ екендігінде болып отыр. Мұның бәрін бір ғана (сіздің) дүкеніңіз жасай алады, әрі түрлі модельдерді киіп көруге болады. Қай жағдайда да сізге түрлі ресурстар қажет болады – тігін шеберханасы, сату бөлімі, дүкен және т.б. немесе қойма, сатып алу бөлімі, оқытылған персонал және т.б.

    • нарыққа шығуға болады;

Міне, сіз өзіңіздің керемет кепкаларыңызды тіктіңіз делік. Бірақ енді нарыққа шығуыңыз керек. Ол үшін дүкенді сатып алу немесе жалға алу, немесе интернет-дүкен үшін тамаша веб-сайт жасау, жарнама менеджерін жалдау, жарнамалық акцияларды ұйымдастыру, әлеуметтік желілер арқылы өз тауарыңызбен таныстыруыңыз қажет. Бұл үшін түрлі ресурстар қажет.

    • тұтыну сегменттерімен байланыс орнатуға болады;

Кепкаларды тіктіңіз, интернет-дүкен үшін сатылатын веб-сайтты жасадыңыз, бірақ, сонымен тоқтап қалсаңыз, осының барлығын сіздің дүкеніңіз туралы біліп үлгерген және өзіңіздің кепкаңызды сатып алғысы келетіндер жасайды. Сіздің бизнесіңіз тоқтайды. Үнемі өсіп, жетілу үшін – жаңа модельдерді, маталардың жаңа түстерін, тігудің жаңа технологияларын, өнімнің жаңа партияларын және т.б. өндіру, сізге клиенттермен үнемі өзара іс-қимыл жасау, яғни өзіңіз туралы айту, өзіңізді жарнамалау, акциялар өткізу, іс-шараларға демеуші болу және т.б. қажет. Және оған да ресурс керек.

    • пайда алуға болады.

Бизнестің идеяны құрудан бастап, тауар өндіру, сату, жарнама жасау және т.б. барлық кезеңдері бір нәрсеге ғана бағытталған, ол – пайда. Сондықтан өзіңізде бар ресурстар сіздің қызметіңіздің дәл осы, түпкілікті мақсаты үшін жұмыс істейді.


  1. Сұрақ. Сонымен, сізге қажетті барлық ресурстарды төрт топқа бөлуге болады:

  1. Материалдық;

  2. Қаржылық;

  3. Адами;

  4. Зияткерлік және уақытша Олардың әрқайсысын қарайық. Материалдық ресурстар ең айқын.

Әрбір модель өзінің материалдық ресурстарын талап етеді. Кірістер түсімінің әрбір үлгісі үшін қандай материалдық ресурстар қажет екенін сипаттаңыз:

1) өнімді сату немесе қызмет көрсету,

2) пайдалану үшін төлем,

3) жазылу төлемі,

4) жалдау,

5) лицензиялар,

6) брокерлік пайыздар,

7) жарнама.

Бастау үшін қандай материалдық ресурстар қажет және сіздің бизнесіңіздің жұмыс істеуі үшін бөлек сипаттаңыз.

Қаржы ресурстары – бұл бизнес иелері жинаған немесе банкте немесе басқа ұйымда кредитке алынған ақша.

Сол жерден сіз мемлекеттік немесе жеке көздерден бизнесті дамытуға ресурстарды қалай тар- туға болатынын біле аласыз.

Зияткерлік ресурстар – бұл сіздің қызметкерлеріңіздің білімі, біліктілігі, білім деңгейі, жаңа технологиялар, лицензиялар, авторлық құқық, бағдарламалық жасақтама, нарық, бәсекелестік туралы білім және т.б.

Сондай-ақ зияткерлік ресурстарға мыналар жатады:

  • сауда маркалары – яғни тауарлардың белгілері – Өзіндік немесе графикалық. Бұл өнімдердің брендтері, логотиптер, слогандар;

  • авторлық құқықтар – сіздің шығармашылық қызметіңіздің нәтижесінде құрғаныңыз – бағдарламалар, фильмдер, музыка, веб-сайттар және т.б.;

  • сауда құпиялары – өндіріс құпиялары, құнды ұсыныстар, бірегей технологиялар, байланыстар, ингредиенттер; формулалар және т.б.;

  • келісім-шарттар – яғни сіз және сіздің серіктестер туралы барлық бизнес-ақпарат, бағалар, шарттар және т.б.;

  • патенттер – яғни сіздің өнертабыстарыңыз бен жаңа технологиялар.

Ресурстардың келесі түрі – адами, бірақ бұл туралы біз қызметкерлерді басқаруға арналған жеке сабақта сөз етеміз.

Бизнестің уақытша ресурстары немесе резервтері өте шектеулі. Бұл ресурс түрі бірегей: оны жинақтау мүмкін емес. Оны ішінара жұмсауға немесе пайдалану кезеңін созуға болмайды.

Ресурстардың соңғы түрі туралы нақты айту қиын болса да, уақыт – кез келген бизнестің негізгі ресурсы. «Уақыт – ақша» деген белгілі мәтел естеріңізде ме? Бизнестегі іс-әрекет – теріміздің әрбір нақты кезеңіне көп уақыт жұмсаған сайын, соғұрлым ол бізге қымбат. Не жақсырақ: екі апта ішінде жобаны 100 000 теңгеге оны қайта жасауға болмайтындай етіп жасайтын жақсы маманды жалға алу, немесе дәл сол жұмысты екі ай жасайтын 50 000 теңгеге делдал қызметкерді жалға алу керек пе? Арзанырақ болған сайын тиімді деп көрінуі мүмкін басында. Бірақ, әле уметтік желілерде сіздің тауарыңызды жылжыту мен айналысуға тиісті SMM-маманды жалдадық дейік. Кәсіби маманға 100 000 теңге төлеп, сіз бір аптадан соң тапсырыстар ала бастайсыз, сату басталады және пайда түседі. Екінші жағдайда сіз жұмыскерге төлем жасауда үнемдейсіз, бірақ сатылым тек қана екі айдан соң ғана басталады, сіз алуға тиісті ықтимал пайдадан айрыласыз. Нақты сол үшін осы немесе басқа ресурстардың қажеттілігі туралы барлық шешімдерді уақыт тұрғысынан тексеруге болады. Ол үшін өзіңізге үнемі сұрақтар қоясыз: «Қандай да-болмасын күндегі өнімдерді сатуға қанша уақыт кетті?», «Бұл уақыт бөлігінде және ілеспе шығындарда (кеңсені жалдау, жұмыскерлердің айлықтары және т.б.) пайдалы болды ма?», «осы уақыт ішінде жарнама қаншаға шықты?», «Бұл шығындар мен басқа шығындармен салыстырғанда пайдалы болды ма?» және т.б.