СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 01.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дәстүрлі сабақ жай механизм

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

·         1. Жай механизмдердің түрлерімен таныстыру.

·         2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

·         3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Показать полностью

Просмотр содержимого документа
«Дәстүрлі сабақ жай механизм»

Жай механизмдер

Сабақ тақырыбы: Жай механизмдер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға  иінді таразылар, жай механизмдер және олардың  жұмыс істеу принциптері туралы  түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • 1. Жай механизмдердің түрлерімен таныстыру.

  • 2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  • 3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі:  саяхат сабақ

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, есеп шығару

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор, иінтірек, таразылар, блоктар, жүктер, суреттер.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Саяхатқа даярлық (үй тапсырмасын тексеру).

  3. Жаңа сабақты тұсіндіру.

  4. Сабақты  бекіту тапсырмалары:

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Бағалау.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру.

2. Мұғалімнің сөзі: Оқушылар, бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін төмендегідей тапсырмаларды орындауларыңыз керек:

1. Жұмыс деп қандай шаманы айтамыз?

2. Қуат деп қандай шаманы айтамыз?

3. Энергияның анықтамасы?

4. Күш моменті дегеніміз не?

5. Массасы 5 кг тас, биіктігі 3 м үйдің төбесіне Жер бетінен 15 м биіктіктен құлайды. Ауырлық күшінің жұмысын және екі деңгейдегі потенциалдық энергияны табыңдар.

6. Серіппені 5 см сығу үшін 150 Дж потенциалдық энергиясы жұмсалса, серіппенің қатаңдығы қандай болған?

7. Массасы 50 кг бала сатымен 30 м биіктікке 10 минут ішінде көтерілетін болса, баланың өндірген қуатын анықтаңдар.

3. Алдымызда тағы бір елдің барын көріп келе жатырмыз. Енді «Жай механизмдер» елімен танысайық:

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.

Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық және оның өзге түрлері: сына, бұранда.

d1-жұмысшы күшінің иіні,

d2-жүктің ауырлық күшінің иіні,

Ғ1-жұмысшының жасайтын күші,

Ғ2-көтеретін дененің ауырлық күші.

Жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысы күштен сонша есе ұтады.

Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы: Блок дегеніміз-өз осінің төңірегінен айнала қозғала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік. Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блокжылжымайтын блок деп аталады (а-сурет).

Жылжымайтын блокты теңиінді иіндік деп қарастыруға болады (ә-сурет).

Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады (б-сурет).

В-суретте жылжымалы блок иіндік ретінде көрсетілген. Мұндағы 0-иіндіктің тіреу нүктесі, Р-ауырлық күшінің иіні –АО, Ғ жұмыс істейтін күштің иіні-ВО.

ВО иіні АО иінінен 2 есе артық болғандықтан Ғ күші Р күшінен 2 есе кем. Күш моменттерінің тепе-теңдік шарты бойынша  Бұдан:  яғни  Күштен ұту үшін жылжымалы және жылжымайтын блоктарды бірге пайдаланады (г-сурет).

«Жай механизмдер» елімен танысып болсақ, саясатымызды әрі қарай жалғастырайық.



Бұл ауылда бөгеттер бар екен. Жақсы таныс болу үшін осы бөгеттерден өтейік.

1 бөгет. Есеп. Иіндіктің кіші иініне 300 Н, ал үлкен иініне 20 Н күш әрекет етеді. Кіші иінінің ұзындығы 5 см. Үлкен иіннің ұзындығы қандай?

2 бөгет. Глосарий



3 бөгет. Семантикалық карта



Механизмдер

Блок

Жылжымалы блок

Жылжымайтын блок

1

Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырады...





2

Өз осінің төңірегінде айнала алатын, шетінде науасы бар дөңгелек тегершік.





3

Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар





4

Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайды.







4. Бекіту сұрақтары.

  1. Жай механизмдер дегеніміз не?

  2. Жай механизмдердің қандай түрлерін білесіңіздер?

  3. Жай механизмдер жұмыстан ұтыс бере ме?

  4. Блок дегеніміз қандай құрал?



5. Үйге тапсырма: Глосарий жаттау. §59. Механиканың алтын ережесі мен §60. Механизмнің пайдалы әрекет коэффициентін оқып келу.

6. Бағалау. 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!