Сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: «Дайын түнгі көйлекті соңғы әшекейлеу».
Ылғалды- жылулық өңдеу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты: Практикалық қабілеттерін арттыра отырып, логикалық, фантазиялық қабілеттерін дамыту, ұлттық ою-өрнек элементтерін тиімді қолдана білу туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
- Білімділік: көйлектің шығу тарихы туралы, әсемдік, түс үйлесімділігі туралы, «композиция», «колорит», «симметрия» сөздеріне түсінік беру.
- Дамытушылық: эстетикалық талғаммен ұйымдастырушылық, ойлау қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: ойын технологиясы, баяндау.
Көрнекіліктер: әшекейленген дайын бұйымдар, тест жұмыстары, «Сөзжұмбақ», «филврод», педагогика- психологиялық ойын, әр түрлі сәндегі оюланған көйлектер салынған плакаттар.
Сабақтың эпиграфі: «Талаппен бастап, талғаммен аяқта».
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, әдеп, музыка.
Қолданылатын әдебиеттер: «Іс тіге біл» кітабв, газеттер материалдар.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшімен жұмыс, оқу-
құралдарын тексеру, оқушылардың зейінін аудару (Осы сабақта нені
үйренем деп ойлайсыңдар, қандай көңіл күймен сабаққа қатысып
отырасыңдар?).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімін бағалау (тест жұмысын өзін өзі бағалау арқылы тексеріп, бағалардың қорапшасына салу).
- Дайын бұйымның уақытша иесі.
А) адам; б) манекен; в) қуыршақ.
2. Ылғалды –жылу өңдеу, жуған кезде матаның кішірейуі.
А) матаның отыруы; б) матаның сетінеуі; в) матаның жылу өткізгіштігі.
3. Машина инесі мен қол инесінің басты міндеті.
А) тігіс жүргізу; б) ілмек жүргізу; в) бос тігіс.
4. Матаның сапасы неге байланысты?
А) талшықтардың құрамына; б) механикаландырылған жабдықтарға; в) жүннің сортына.
5. Матаның қыртыстануы неге байланысты?
А) талшықтардың созылғыштығы мен жіптің иірілуіне байланысты; б) ауа өткізгіштігіне байланысты ; в) ылғал өткізгіштігін байланысты.
6. Матаның қоршаған ортадан ылғалды қабылдау қасиеті.
А) ылғал өткізгіштік; б) шаң өткізгіштік; в) матаның сетінеуі.
7. Машина инесінің үстіңгі жағы қалай аталады?
А) колба; б) үсті; в) стержень.
8. Өте жұқа материалды қандай тігіспен тігеміз?
А) майда тігіспен; б) қалын тігіспен; в) ірі тігіспен.
9. Машинада үстіңгі (ине) және астыңғы (шөлмек) жіптердің айқасуынан не пайда болады? А) тігіс; б) шатасу; в) сөгілу.
10.Адам өлшемін алғанда қай жағынан тұрып алады?
А) оң жағынан; б) сол жағынан; в) алдынан.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру:
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау.
Ең бірінші көйлек дегеніміз не, көйлек қайдай пайда болады? Осы біз көйлек туралы не білеміз, соған тоқталайық.
Көйлек Х ғасырда Римде пайда болған. Көйлек сөзі латын тілінен аударғанда, кию деген туындаған. Көйлектің бірнеше түрлері бар: спорттық , классикалық, күнделікті. Оны жібек, барқыт матадан тігеді, түсі әр түрлі болады, қазіргі кезде салқын түсті көйлектер сәнге айналауда.
Жаңа заман талабына сай сәнді көйлектерді ұлттық ою-өрнектермен, яғни ою-өрнек элементтерін аксесуар ретінде пайдаланып,көйлекті әсемдеп киюге болады. Егер ою- өрнекті әсемдеп, үйлесімін тауып, айналасын «зигзаг» тігісімен кестелесек, ешкімді қайталамайтын, басқа ешкімде жоқ көйлек киюге болады. Қолмен кестелеп тігетін кезде инені шынтаққа дейін сабақтауды ұмытпау керек. Ою- өрнек элементтерін пайдаланған кезде композиция, колорит ережесін, орналасуын, яғни симметриясын сақтау керек .
Енді сабақ барысында кездескен жаңа сөздерге анықтама берейік:
Симметрия- ою-өрнектің бір-біріне тең келуі.
Колорит- түстердің үйлесімі.
Композиция –ою- өрнектің ретімен орналастыру.
Ырғақ -бір оюдың ретімен бірнеше рет қайталануы.
Қол жұмысымен жұмыс жасағанда барлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеті, мысалы:
- инені сабақтағанда ауызға салып отыруға болмайды;
- жіпті тіспен үзбеу, қайшыны қайшыламау;
- Жұмыс орнын міндетті түрде жинап кету.
ІҮ. Сарамандық жұмыс (баяу музыка ойнап тұрады ). Мұғалім түрлі түсті қағазға ою ойып, қай оюдың қай жерде қолданатыны туралы қысқаша түсінік беріп кетеді.
- Енді оқушылар үйден тігіп келген (макет) көйлектерін өз қиялдарымен ою-өрнекпен әшекейлейді.
Ү. Сергіту сәті.
1. Сабақтың эпиграфі жасалған ойындағы сұрақтарға жауап беру.
2. Әріптерден еңбекке байланысты «сөзжұмбақ» құрастыру (қайшы, мата, бисер, біз, үтік, ине, оймақ, жіп).
C ө з қ ұ р а қ
и і ш а с т з
ж н б п ү к о
қ й ы е р м
|
ҮІ. Тест жұмыстарынан алған бағалары бойынша, ойындағы сұрақтарға берген жауаптары бойынша, сарамандық жұмысы бойынша оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: сырт киім және сәнді киімдердің ілгектерінен, түйметүрлерінен коллекция, буклет жасау.
Бағалау критерийі
«5» -10 -9 «4» -8 «3»-7-5 «2»-4
Оқушылардың бағалау парағы.
Аты
|
Үй тапсырмасы
|
Тест
|
Сарамандық жұмыс
|
Сергіту сәті
|
Сабақты бекіту сұрақтары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
«Қазақстан жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Дайын түнгі көйлекті соңғы әшекейлеу». Ылғалды – жылулық өңдеу жұмыстары.
Пән: технология
Сынып: 7-сынып
Пән мұғалімі: А.Т.Бейсенбина