СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дамыта о?ыту ар?ылы о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілетін дамыту

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дамыта о?ыту ар?ылы о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілетін дамыту ?аза?ты? кеме?гер ?стазы Ахмет Байт?рсын?лы «Елді т?зетуді бала о?ыту ісін т?зетуден бастау керек деген болатын». Сонды?тан да, ?азіргі кезде білім беруді? жа?а ж?йесі жасалып, ?лемдік білім беру ж?йесіне жетуге ат салысуда. Б?гінгі мемлекет алдында?ы басты міндет - білім беру ж?йесін жа?арту болып отыр. ?азіргі білім беру саласында о?ытуды? жа?а технологияларын ме?гермейінше сауатты, жан - жа?ты маман болуы м?мкін емес. О?ушыларды т?гел жетілдіруге ба?ыттал?ан ж?мыс т?рлерін ?олдану. ?р т?рлі де?гейдегі о?ушыларды? ?з «даму» зонасында ?суіне жа?дай жасау. Осы принципке с?йкес ?лтты? педагогиканы? негізін ?алаушыларды? пікірі: «Тумасында ?анша зеректік болса да ?ылымсыз, т?рбиесіз бала кемеліне жетпейді Кімде кім ?з таби?атында шеберлік барын сездіріп, ?з жолына т?ссе ?ана к?зге к?рінеді. Оны жетелеуші - м??алім.»(М. Дулатов) ?азіргі уа?ытта дамыта о?ыту «принциптері» ж?не сыни ойлау жобасы ?з философиясы жа?ынан ?о?ам талабына сай болып отыр. Баланы? а?ыл - ой ?абілетін т?рбиелеу - о?ыту ж?мысыны? басты міндеттеріні? бірі. М??алім бала ойыны? ?алай болса солай дамуына жол бермей, д?рыс т?рбиелеп отыру?а тиіс. Б?л ?шін мына жайттар ескеріледі: ?з ойын д?лелдеп айта білуге ?йретуде баланы? ой тізбегіні? д?рыс логикалы? жолмен ??рылуын ?ада?алау, ой ж?мысын т?ртіпке салып отыру, баланы? ?зіндік ойлау ?абілетін дамыту ?шін саба? ?стінде о?ушыны? белсенді а?ыл - ой ж?мысын ?йымдастырып, тап?ырлы?ын ?оштап отыру. ?лы педагог К. Д. Ушинскийді? с?зімен айт?анда, «кімде - кім о?ушыны? тіл ?абілетін дамыт?ысы келсе, е? алдымен, оны? ой ?абілетін дамытуы тиіс». П. П. Блонскийді? айтуынша, а?ыл ?рекеті ойды? дамуына негіз болады. Ал ?р н?рсені а?ыл?а салып шешу ?шін ба?ыла?ыш болу керек, іс - ?рекеттік т?жірибесі мен білімі, тіл байлы?ы болу керек. Мектеп о?ушыларыны? негізгі к?сібі - ой д?ниесі ар?ылы ??ыну, ме?геру, еске са?тау, нені ?алай еске са?тауды ж?не нені ?ашан еске т?сіруді ойластыру. О?ытуды? м?ні баланы? жа?аны о?ып, ?йренуіне негізделеді. Сонды?тан да баланы? а?ыл - ой дамуыны? жа?а саты?а к?шу м?мкіндігін ай?ындайтын жуы? арада?ы даму айма?ы о?у мен даму ?шін м?нді болма?. Дамыта о?ыту жо?ар?ы де?гейдегі а?ыл - ой ?рекетін ?ажет етеді. Шынды?ында, о?ушы а?ыл - ойыны? даму д?режесі ?зара байланысты, ?зара саба?тасты?ы бар, бірін - бірі толы?тырып т?ратын ?ылыми білім да?дыларыны? ж?йесін ме?геруі мен оларды практикалы? т?р?ыда к?рсете білу шеберлігінен к?рінеді. Дамыта о?ытуда баланы? ізденушілік – ойлау ?рекетін ?йымдастыру басты назарда ?сталады. Ол ?шін бала ?зіні? б??ан дейінгі білетін амалдарыны?, т?сілдеріні? жа?а м?селені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жа?дай?а т?суі керек. Содан барып оны? білім алу?а деген ынта - ы?ыласы артады, білім алу?а ?рекеттенеді. Дамыта о?ытуда м??алімні? басты міндетіне жататындар: - о?у материалдарын о?ушы?а дайын к?йінде к?рсету емес, о?ушымен бірлесіп, жалпы іс - ?рекетті ?йымдастыра отырып, ал?а ?ой?ан міндеттерді т?сіндіру, оларды шешуді? т?сілдерін, жолдарын іздестіру ар?ылы ?з іс - т?жірибесінде ?алай ?олданатынына к??іл б?лу; - о?у ?рекетін ?алыптастыру, айналада?ы д?ниемен белсенді ?рекеттестік, этикалы?, эстетикалы? ?арым - ?атынас?а дайындау, дара т?л?алы? адамгершілік нормаларын ме?герту; - о?у барысында баланы? бойында?ы дамытуды ?алыптастыруды да?ды?а айналдыру; - о?у мен тілді? арасында?ы байланыстылы??а аса к??іл б?лу. - с?здік ?оры мен тілді? арасында?ы байланыстылы??а аса к??іл б?лу; - о?ушыны? сезіміне ?сер етіп, логикалы? ойын дамыту; - жалпы о?ушыны? жан д?ниесін дамыту. Ал сыни ойлау не ма?ына береді? «Сыни ойлау», б?л - американды? алды??ы ?атарлы идеялары негізінде ??рыл?ан жоба. Шы?ыс даналы?ы былай дейді; «Ма?ан айтса?, ?мытып ?алам, к?рсетсе? есімде ?алар. Ал, ?зім істесем, ?йреніп алам». Я?ни баланы? ынтасын жетелеу, ?ызы?ушылы?ын ояту ар?ылы о?ыту, ?йрету ?ажет деген с?з. Ол ?зіне т?н саба? ??рылымы жасал?ан, ?р кезе?ге сай стратегиялар, я?ни о?ыту ?шін м??алімге на?ты тапсырмалар берілген. Б?л технологияны ?олдану ?шін м??алімні? шеберлігі, ?р стратегияны ?з орнына ?тымды ?олдана білу де аса ?ажетті. Бастауыш сыныпта о?ы?ан озат, ынталы о?ушыларды? ?атары жыл сайын кеми беретіні б?рімізге белгілі. Психологиясы тек айт?анды « орындаушы» болу?а ?йренуге, ?з бетімен ойлау?а, ?з де?гейінде білімді ме?геруге ба?ытталма?ан, тасада ?алатын о?ушыда ?зіне деген ??штарлы?ы жойылады. Б?гінгі айтылып отыр?ан дамыта о?ыту мен сыни ойлау жобаларыны? философиясы - баланы ?з бетінше ізденуге, шешім ?абылдау?а да?дыландыру, даралы? ерекшеліктерін ескерту, ?рі ?арай жетілдіруге болып табылады. Дамыта о?ыту принциптеріне лайы? сыни ойлау стратегиясы: Бірлескен топты? ж?мыстары, ж?птасу, джигсо, топта тал?ылау, еркін жазу. Бала дамуында?ы о?ыту р?лін к?рнекті психолог А. В. Выготский екі айма? бойынша аны?тап к?рсеткен: Б. Д. Жа?ын айма?ы. Д. Д. ?ол жеткен айма?ы. Саба?ты? дамыта о?ыту мен сыни ойлау?а негізделуі басты шарт бол?ан жа?дайда саба?ты? жоспары мына ?лгіде к?рсетіледі. Жеке т?л?а?а ба?дарлан?ан ?рекет: I ?йымдастыру. II ?ызы?ушылы?ты ояту. III Ба?дар беру. IV ?лгіні к?рсету. V М?селе ?ою. VI Ой б?лісу. VII Пікірлер шкаласы. VIII Ба?ылау, ба?алау. IX Со??ы н?тиже. Осы о?ыту т?рлерін ж?зеге асыруда ?ойылатын талаптар: Нашар о?итын о?ушыны шамасы келгенше ?абілеті жететін жерге дейін к?теру, ?ркімні? даму зонасын ке?ейту; бала ?з ойын ?оры?пай сеніммен айта алатындай, д?лелдей алатындай орта ту?ызу; таби?и ынтасын, ы?ыласын жойып алмай, ?немі оны? ал?а жылжу?а с?ранысын, шы?армашылы?ын жетілдіру; ?з бетінше іздену, к?ргенін, ?йренгенін ой ?орыту ар?ылы ме?геруге жа?дай ту?ызу; ба?а ?ою со??ы н?тиже ?шін емес, кешегі білім де?гейімен салыстыру негізінде ?ойылатын есте ?стау. Осы технология бойынша ?ткізілген саба? жоспары: А) ?ызы?ушылы?ын ояту ( о?ушыны? ?з білімін орта?а салу?а м?мкіндік жасау) - Балалар Отан, т?уелсіздік с?здерін естігенде ойымыз?а ?андай не келеді? ?) Ма?ынаны тани білу. Ендеше балалар бізді? б?гінгі саба?ымызды? та?ырыбы « Ол а?ын болар ма еді?» Ма?саты: О?ушылар?а м?тін мазм?нын ме?герту, желто?сан о?и?асы т?сінік беру. ?. Рыс??лбековты? ерлігімен таныстыру О?улы?пен ж?мыс (о?ып отыр?ан кезде ?арындашпен т?ртіп отырады) Білемін Білмеймін Зерттеймін Б) Ой тол?аныс Т?уелсіздік -------------------------, ---------------------- к?ркейсін. Бейбітшілік ------------------------, -------------------- орнасын. ?орытынды. ?. Рыс??лбеков жайлы не білді?дер? Осы м?тінні? та?ырыбы мазм?нына сай деп ойлайсы?дар ма? Та?ы ?алай айту?а болады? Ия Жо? Неліктен? Неліктен? Д?лелде? Д?лелде? Саба?ты бекіту: «Кубизм» ?дісі бойынша - Т?уелсіздігімізді ?ашан алды?? - Желто?сан о?и?асы ?ай жылы болды? - Желто?сан ??рбандарын ата? - ?айратты? ?ке - шешесіні? аты кім? - Жасы нешеде? ?ай облыста ту?ан? - Тірі бол?анда кім болар еді? ?дебиеттер: Бастауыш мектеп журналы. Д. Клустер «Сын т?р?ыдан ойлау дегеніміз не?» Куртис С. ж?не т. б. «О?у мен жазу ар?ылы сын т?р?ысынан ойлауды дамыту» методикалы? ??рал

Просмотр содержимого документа
«Дамыта о?ыту ар?ылы о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілетін дамыту»

Дамыта оқыту арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек деген болатын». Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру жүйесіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет - білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес.

Оқушыларды түгел жетілдіруге бағытталған жұмыс түрлерін қолдану. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз «даму» зонасында өсуіне жағдай жасау.

Осы принципке сәйкес ұлттық педагогиканың негізін қалаушылардың пікірі:

«Тумасында қанша зеректік болса да ғылымсыз, тәрбиесіз бала кемеліне жетпейді Кімде кім өз табиғатында шеберлік барын сездіріп, өз жолына түссе ғана көзге көрінеді. Оны жетелеуші - мұғалім.»(М. Дулатов)

Қазіргі уақытта дамыта оқыту «принциптері» және сыни ойлау жобасы өз философиясы жағынан қоғам талабына сай болып отыр.

Баланың ақыл - ой қабілетін тәрбиелеу - оқыту жұмысының басты міндеттерінің бірі. Мұғалім бала ойының қалай болса солай дамуына жол бермей, дұрыс тәрбиелеп отыруға тиіс. Бұл үшін мына жайттар ескеріледі: өз ойын дәлелдеп айта білуге үйретуде баланың ой тізбегінің дұрыс логикалық жолмен құрылуын қадағалау, ой жұмысын тәртіпке салып отыру, баланың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін сабақ үстінде оқушының белсенді ақыл - ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығын қоштап отыру. Ұлы педагог К. Д. Ушинскийдің сөзімен айтқанда, «кімде - кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен, оның ой қабілетін дамытуы тиіс».

П. П. Блонскийдің айтуынша, ақыл әрекеті ойдың дамуына негіз болады. Ал әр нәрсені ақылға салып шешу үшін бақылағыш болу керек, іс - әрекеттік тәжірибесі мен білімі, тіл байлығы болу керек. Мектеп оқушыларының негізгі кәсібі - ой дүниесі арқылы ұғыну, меңгеру, еске сақтау, нені қалай еске сақтауды және нені қашан еске түсіруді ойластыру.

Оқытудың мәні баланың жаңаны оқып, үйренуіне негізделеді. Сондықтан да баланың ақыл - ой дамуының жаңа сатыға көшу мүмкіндігін айқындайтын жуық арадағы даму аймағы оқу мен даму үшін мәнді болмақ.

Дамыта оқыту жоғарғы деңгейдегі ақыл - ой әрекетін қажет етеді. Шындығында, оқушы ақыл - ойының даму дәрежесі өзара байланысты, өзара сабақтастығы бар, бірін - бірі толықтырып тұратын ғылыми білім дағдыларының жүйесін меңгеруі мен оларды практикалық тұрғыда көрсете білу шеберлігінен көрінеді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндетіне жататындар:

- оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс - тәжірибесінде қалай қолданатынына көңіл бөлу;

- оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;

- оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру;

- оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

- сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;

- оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;

- жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Ал сыни ойлау не мағына береді? «Сыни ойлау», бұл - американдық алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді; «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Яғни баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз.

Ол өзіне тән сабақ құрылымы жасалған, әр кезеңге сай стратегиялар, яғни оқыту үшін мұғалімге нақты тапсырмалар берілген. Бұл технологияны қолдану үшін мұғалімнің шеберлігі, әр стратегияны өз орнына ұтымды қолдана білу де аса қажетті.

Бастауыш сыныпта оқыған озат, ынталы оқушылардың қатары жыл сайын кеми беретіні бәрімізге белгілі. Психологиясы тек айтқанды « орындаушы» болуға үйренуге, өз бетімен ойлауға, өз деңгейінде білімді меңгеруге бағытталмаған, тасада қалатын оқушыда өзіне деген құштарлығы жойылады. Бүгінгі айтылып отырған дамыта оқыту мен сыни ойлау жобаларының философиясы - баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, даралық ерекшеліктерін ескерту, әрі қарай жетілдіруге болып табылады. Дамыта оқыту принциптеріне лайық сыни ойлау стратегиясы:

Бірлескен топтық жұмыстары, жұптасу, джигсо, топта талқылау, еркін жазу.

Бала дамуындағы оқыту рөлін көрнекті психолог А. В. Выготский екі аймақ бойынша анықтап көрсеткен:

Б. Д. Жақын аймағы.

Д. Д. қол жеткен аймағы.

Сабақтың дамыта оқыту мен сыни ойлауға негізделуі басты шарт болған жағдайда сабақтың жоспары мына үлгіде көрсетіледі.

Жеке тұлғаға бағдарланған әрекет:

I Ұйымдастыру.

II Қызығушылықты ояту.

III Бағдар беру.

IV Үлгіні көрсету.

V Мәселе қою.

VI Ой бөлісу.

VII Пікірлер шкаласы.

VIII Бақылау, бағалау.

IX Соңғы нәтиже.

Осы оқыту түрлерін жүзеге асыруда қойылатын талаптар:

Нашар оқитын оқушыны шамасы келгенше қабілеті жететін жерге дейін көтеру, әркімнің даму зонасын кеңейту; бала өз ойын қорықпай сеніммен айта алатындай, дәлелдей алатындай орта туғызу; табиғи ынтасын, ықыласын жойып алмай, үнемі оның алға жылжуға сұранысын, шығармашылығын жетілдіру;

өз бетінше іздену, көргенін, үйренгенін ой қорыту арқылы меңгеруге жағдай туғызу; баға қою соңғы нәтиже үшін емес, кешегі білім деңгейімен салыстыру негізінде қойылатын есте ұстау.

Осы технология бойынша өткізілген сабақ жоспары:

А) Қызығушылығын ояту ( оқушының өз білімін ортаға салуға мүмкіндік жасау)

- Балалар Отан, тәуелсіздік сөздерін естігенде ойымызға қандай не келеді?

Ә) Мағынаны тани білу.

Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Ол ақын болар ма еді?»

Мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту, желтоқсан оқиғасы түсінік беру. Қ. Рысқұлбековтың ерлігімен таныстыру

Оқулықпен жұмыс

(оқып отырған кезде қарындашпен түртіп отырады)

Білемін Білмеймін Зерттеймін

Б) Ой толғаныс

Тәуелсіздік -------------------------,

---------------------- көркейсін.

Бейбітшілік ------------------------,

-------------------- орнасын.

Қорытынды.

Қ. Рысқұлбеков жайлы не білдіңдер?

Осы мәтіннің тақырыбы мазмұнына сай деп ойлайсыңдар ма?

Тағы қалай айтуға болады?

Ия Жоқ

Неліктен? Неліктен?

Дәлелде? Дәлелде?

Сабақты бекіту: «Кубизм» әдісі бойынша

- Тәуелсіздігімізді қашан алдық?

- Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

- Желтоқсан құрбандарын ата?

- Қайраттың әке - шешесінің аты кім?

- Жасы нешеде? Қай облыста туған?

- Тірі болғанда кім болар еді?

Әдебиеттер:

Бастауыш мектеп журналы.

Д. Клустер «Сын тұрғыдан ойлау дегеніміз не?»

Куртис С. және т. б. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» методикалық құрал


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!