СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дарабоз ойыны 5,6 снынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дарабоз ойыны 5сынып оқушыларына арналған,Сыныптан тыс жумыс

Просмотр содержимого документа
«Дарабоз ойыны 5,6 снынып»

Күні: 30.01.17.
Сыныбы:
5,6 сынып
Тақырыбы: Сынып дарабозы

Мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, қосымша материалдар

Құрметті ұстаздар, оқушылар! 7 «б» сыныбында өткелі отырған «Сынып дарабозы» интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер.
Бүгінгі сайысымызға сыныбымыздан 6 оқушы қатысқалы отыр. Ортаға сайысқа қатысатын оқушыларымызды шақырайық.

Сайысымызды бастамас бұрын сайысымызға төрелік ететін әділқазы алқаларымен таныс болайық.
Қазір біз балалар, осы уақытқа дейін алған білімдеріңізді көрсете көрсетеміз.

Оқушылармен таныс болсақ бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.
1 - кезең. «Бәйге»
2 - кезең «Кім жүйрік?»
3 - кезең «Тіл – өнер»
4 - кезең «Жалғасын тап»
5 - кезең «Сиқырлы ұяшықтар»
Сайыскерлеріміз дайын болса ойынды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - кезең «Бәйге»
Шарты: Сұрақтар тест түрінде беріледі. Сұрақтар экранға көрсетілгеннен кейін төрт жауаптың біреуін таңдап, таңдаған нұсқаны қағазға жазып бәріміз бірге қағазды көтереміз. 10 сек. Уақыт беріледі.
Тест
1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш қалай аталады?
А) шаршы ә) тең қабырғалы үшбұрыш *Б) тең бүйірлі үшбұрыш в) Тік бұрышты үшбұрыш
2. Халықаралық әйелдер күні
А) 22 – наурыз ә) 8 - наурыз*б) 1 – қыркүйек в) 31 - тамыз
3. Көктемнің бірінші айы
А) наурыз* ә) мамырб) сәуір в) ақпан
4. Жәндікті көрсет
А) Түйе ә) құрт*б) жолбарыс в) аққу
5. Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушы атанған?
А) аққу ә) көгершін*б) қыран в) қарлығаш
6. Ең кіші бір таңбалы натурал сан
А) 0 ә) 1*б) 9 в) 5
7. Кебеже деген не?
А) төсек ә) кілемб) сандық* в) мал
8. Түйенің сүтінен дайындалатын сусынның атауы қалай?
А) қымыз ә) көжеб) айран в) шұбат*
Келесі кезеңіміздің шартымен таныс болыңыздар. Бұл кезеңде сіздер таңдап алған нөмір бойынша сұраққа жауап бересіңдер. Жауабын білмесең келесі деп келесі сұраққа көше беруге болады. Әркім өз сұрағына өзі жауап береді. Басқа ойыншы жауап беруге болмайды. Осы кезеңнен кейін екі кезең бойынша ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады.
Дайын болсақ «Кім жүйрік» кезеңін бастаймыз.
№1. 1. Адам алғашқы құралды неден жасады?(тастан)
2. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)
3. Түйенің төлі (бота)
4. Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады? (7)
5. Екі кісінің сөйлесуі (диалог)
6. Киелі құс (аққу)
7. Баланың тұсауын қандай жіппен кеседі? (ала)

№2 1. Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім)
2. Әріптерің рет - ретімен тізілген жиыны (алфавит)
3. Бір метрде неше сантиметр бар? (100см)
4. Қойдың төлі (қозы)
5. Жігіттің неше жұрты бар? (3)
6. Үш кемеңгер би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
7. Республикамыздың рәміздерін ата. (әнұран, ту, елтаңба)

№3 1. Киелі құс (аққу)
2. Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай)
3. Жылдан құр қалған жануар (түйе)
4. Бір жылда неше күн бар? (365)
6. Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада? (Түркістан)
7. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)

№4 1. Алматының алмасы (апорт)
2. Ешкінің төлі (лақ)
3. 1 ғасырда неше жыл (100 жыл)
4. Мұсылманның қасиетті кітабы (Құран)
5. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)
6. Сын есімнің сұрақтары (қандай?)
7. Қазақстанның астанасы (Астана)

№5 1. Натурал сандар нешеден басталады? (1)
2. Сақ тайпасының әйел патшасы (Томирис)
3. Шылау сөз табына жата ма? (жоқ)
4. Жылдың 4 мезгіліне өлең жазған ұлы ақын (Абай)
5. Сиырдың төлі (бұзау)
6. Қасиетті тағам (нан)
7. Математикалық неше амал бар (4)

№6 1. Аптада неше күн бар?
2. «Менің атым - Қожа» хикаясын кім жазды? (Бердібек Соқпақбаев)
3. Ұзындықты өлшейтін құрал (Сызғыш)
4. Ұлттық аспап (домбыра)
5. Мұсылманның қанша парызы бар? (5)
6. Қиылыспайтын екі түзу (параллель)
7. Астананың бұрынғы атауы (Ақмола)

Келесі кезеңіміз «Тіл өнер». Бұл кезеңде жұмбақты шешіп оның орысша, ағылшынша аудармасын айту керек. Толық жауапқа 30 ұпайдан. Дайын болсақ бастайық.
1. Жылт - жылт етеді
Жылғадан өтеді (су - вода - water)
2. Тілі бар үні жоқ
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да қаны жоқ
Сөйлеп тұрған ішінен (кітап - книга - book)
3. Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді (қалам - ручка - pen)
4. Бұл үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген боп шығасың. (мектеп - школ -school)
5. Қарап тұрсаң өзіне
Сурет түсер көзіңе
Ол суретің ұқсайды
Дәл қазіргі өзіңе. (айна - зеркало -mirror)
Осы кезеңнен кейін ұпайы аз бір ойыншымызбен қоштасамыз
Келесі кезеңіміз «жалғасын тап» кезеңі

Бұл кезеңде өлеңнің бірінші жолдары оқылады. Сол өлеңді жалғастыра отырып авторын айту керек.
1. Тауды екіге жарасың,... (Дулат Бабатайұлының «Аякөз, қайда барасың?!»)
2. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,...(Абай «Қыс»)
3. Бір үйде жиюлы екен қазына мал...(Сұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»
4. Ал, Қуаныш, Қуаныш,...(Жамбыл Жабаев «Атаның әлдиі»)
5. Күндей күңгірт шашы бар...(Мағжан Жұмабаев «Сүйемін»)
6. Өнер - білім бар жұрттар...(Ыбырай)
7. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс... (Махамбет)
8. Ең бірінші бақытым - халқым менің... (Мұқағали)
Ұпайы аз бір оқушы шығады

Келесі кезеңіміз «Сиқырлы ұяшықтар». Бұл кезеңнің шарты бойынша тақырып және оған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайға сәйкес сұрақтар бар. Оған жауап бересіңдер. Жауап қате болса, онда келесі ойыншы жауап береді.
Ертегілер елінде 20 30 40 50
Ұлы тұлғалар 20 30 40 50
1001 мақал 20 30 40 50
Әлем елдеріне саяхат 20 30 40 50

1. Ертегілер елінде
20 ұпай «Жеті лақ»
30 ұпай «Мақта қыз бен мысық»
40 ұпай «Алтын сақа»
50 ұпай «Тазша бала»

2. Ұлы тұлғалар
20 ұпай - Жамбыл Жабаев
Жабаев Жамбыл (1846 - 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
30 ұпай - Ілияс Жансүгіров
Ілияс Жансүгіров (1894 - 1938) – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз - ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме - шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
40 ұпай - Қаныш Сәтбаев Имантайұлы
Қаныш Сәтбаев Имантайұлы 1899 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау - кен факультетін бітіргеннен кейін ең алғаш геологиялық жұмысын Қарсақбайдағы кен орындарын, Жезқазған мен Атбасардың мыс кендерін және сол тұста ағылшындардың иелігінде болған Спасск өндірісін зерттеп, олардың болашақ мүмкіндіктерін анықтаудан бастаған. Әсіресе, оны Жезқазған кені ерекше ойлантқан болатын
50 ұпай - Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 - желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келді. Бауыржан Момышұлы – Екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.

3. 1001 мақал
20 ұпай - Мақалды жалғастыр Ақыл – тозбайтын тон...(Білім - таусылмайтын кен)
30 ұпай - Берілген сөздерге мақал айт: батыр, жаңбыр (Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы)
40 ұпай - Тәлім тәрбие туралы мақал айт (Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің)
50 ұпай - «Мақал да тақпаққа жақын салт санасына сәйкес айтылатын пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шыны келеді...» авторын тап. (Ахмет Байтұрсынов)
Қорытынды. Әділқазы алқасы жүлдегерді анықтайды