СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Дархан халықтың-дана Абайы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың киелі есімін артына қалдырған мағыналы, рухы биік мәртебесін жоғары ұстап,асыл қасиеттерін оқушы бойна сіңіру.

Мұғалім: Өлді деуге бола ма айтындаршы,

                  Өлмейтұғын артына із қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды  жырымен де бізбен бірге жол алып келеді

Жанерке: Абай Құнанбаев 1845ж бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған. Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген  татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді.

Просмотр содержимого документа
«"Дархан халықтың-дана Абайы"»

Тақырып: Дархан халықтың -дана Абай

Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың киелі есімін артына қалдырған мағыналы, рухы биік мәртебесін жоғары ұстап,асыл қасиеттерін оқушы бойна сіңіру.

Мұғалім: Өлді деуге бола ма айтындаршы,

Өлмейтұғын артына із қалдырған,- деп төрелігін өзі шешкен абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді

Жанерке: Абай Құнанбаев 1845ж бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған. Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді.

Мадина: Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен "приходская школаға" түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп,ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып, тәрбиелемек болып, оны оқудан алып кетеді.Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең- жырлард ы халық ішінен үйренеді.

Мерген: Абай 8 жасында "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабиханнан оқыған. 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахметриза медресесінде 3 жыл оқып, одан "Приходская школаға" түсіп онда 3 ай орысша оқиды. Абай өз бетімен ізденуге құмар болған.

Зейнеш: Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп есті.Ол леп өткен заманның, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай-лебі, Абай-үні, ана тынысы- заман тынысы, халық үні. абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Мерген: Озып туған заманнан

Ойшылдардың бір едің

Қараңғылықта қамалған.

Қазақтың дара пірі едің

Көңіл көзін ашам деп

Наданмен жалғыз алыстын

білім дәнін шашсам деп

Заманнан озып жарыстың

Озықтан ғылым тапсам деп

Пушкинменен сырластың

Қатарға жұртты қоссам деп

Мұңымен елдің мұңдастың

Арманды бабам аңсаған

Ұрпақтарың жалғады

Жоқ кешегі көп надан

Еліме бақыт орнады.



Даурия: Дәл осы күн бір ұлы той елімде

Ән жыр айтып, ештеңе жоқ көңілде

Шаттан халқым дана қазақ баласы

Абай атам жүз жетпістің төрінде

Абай ата ұмытылмас есімін

Ұмыта алмас халық сендей есімін

Бір сәт сені естерінен шығарса

Ұрпағына бере алмассың кешірім

Жоқ жоқ олай болмақ емес болмайды

Ұрпағына бейбіт өмір орнайды

Қасиет деп сенің таудай мұранды

Абай ата тастап кеткен жыр әнді

Көздерінің қарасындай қорғайды

Зейнеш: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қастерлеп сөз асылын өлеңімен

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құлақтан құм құла қырды

Өлеңнің бесігінде тебеткен кім?

Мадина: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы

тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы

Ол ақынның білімсіз беишарасы

бұл жұрттың сөз танымас бір парасы

Нұрсұлтан: "Қазақтың бас ақыны- Абай , шын аты- Ибраһим Құнанбаев. Абайдан асқан бұрын-сонды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы ,ажарлы болуына ойдың сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік артық. Абай сөздері дүниеде қалғаны- қазаққа зор бақ. Абайды қазақ баласы танып, тегіс білі керек. " А. Байтұрсынов

Жанерке:Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң әрқалан

Кетігін тапта бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға

Әділет, шапқат кімде бар




Сол жарасар туғанға,- деп әр адам бұл өмірден тиесілі жақсы орнын табу керектігін айтады. Өлеңмен өрнек салған ақын Абайдың орны ерекше, өлеңдері бөлекше еді.

Нұрбек: Қалың елім, қазақғым, қайран жұртым

Ұтарасыз аузыңа түсті мұртың

Жақсы менен жаманды айырмадың

бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың

Бет бергенде шырайың сондай жақсы

Қайдан ғана бұзылды сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді

аузымен орақ өңкей қыртың

Мерген: Әннің де естісі бар есері бар

Тыңдаушының құлағын кесері бар

Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі

Тыңдағанда көңілдің өсері бар

Үш ақ нәрсе-адамның қаситеі

ыстық , қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

біреуінің күші жоқ біреуінсіз

Ғылым сол үшеуінің жөнің білмек

Көрініс: Абайдың 17 қара сөзінен.

Мұғалім: Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, көңілі ойлы, білім терең адамдарға үміт артып, өзінің қалаған мақсат-мұратына тартуға ұмтылды

Келесі Абайдың қара сөздері

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

Ән: "Көзімнің қарасы"

Қорытынды: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін- деп Абай айтқандай Абай үні, Абай лебі, Абай тынысы, халық үні. біз үшін Абайдың әрбір өлең жолы, қара сөздері үлгі-өнег,тәрбие.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!