Алматы облысы
Ұйғыр аудыны
«Жаңасай негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі
Чыкаева Кульбаршын Советовна
Дарынды баламен жұмыс
Дарынды бала дегеніміз- өз қатарларынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен дараланатын бала.
Ресей психологтары дарындылық жайлы төменгідей анықтама береді: «Дарындылық - психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды» (Бурминский Г.В., Матюшкин А.М., Слуцкий В.М.)
Қабілеттілік ілімі жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі Френсис Гальтон (XIX ғ.) есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеген. Ол өзінің "Таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылығы мен шығу тегі" еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін әдіснамалық тұрғыда негіздеп, келесі заңдылықтарды белгіледі: “өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды”.
Балалар өздерінің дарындылықтарын іс-әрекеттің әр түрлі түрінде көрсете алады. Сонымен қатар, іс-әрекеттің бір түрінде дарындылықтың әр түрлі аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылықтың бірнеше түрі және формалары бар, баланың психологиялық мүмкіндігі оның жастық дамуының әр түрлі кезеңдеріне өте күшті болып келеді және де ол баланын қандай ортада өсетіндігіне байланысты болады.
Балалар ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады). Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
«Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.
Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады
Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі
Мақсаты: Жан жақты білімді іскер өздік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту дамыту, жетілдіру Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Міндеттері: Оқушылардың ақыл ой қабілеттерін жетілдіру.
Шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту
Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету
Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді
Бірінші кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау
Екінші кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау
Үшінші кезең. Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру
Төртінші кезең. Дарынды оқушылармен жекелеген жұмыстар жүргізу
Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданылып жүрген психологиялық әдістемелер
“Дарындылық картасы” әдәстемесі (Савенков)
Джонс креативтілігі сұрақнамасы
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы
Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы
Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі
Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)
Кім неге бейім? әдістемесі
Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс тәсілдерді қолданамыз:
Баланың отбасылық жағдайын зерттеу.
Шығармашылық қабілетін анықтау
Сауалнамалар, тренингтер өткізу
Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына қытысу
Дарындылықты дамыту жолдары:
Мектеп әкімшілігі
Әдістемелік кеңес
Жеке тұлға
Оқушылардың ғылыми қоғамы
Олимпиада резертерін дайындау
Әдістемелік бірлестік

Дарынды тұлғаны дамытудың әдістер кешені
Шығармашылық дарындылық
Ғылыми практикалық конференциялар жобалар
Көркемдік дарындылық
Шығармашылық сайыс, ән, би театр үйірмелері
Интеллектуалы ойындар ақбота, кенгуру
Интеллектуалдық дарындылық

Спартакиадалар, турслеттер, президенттік тест
Психомоторлық дарындылық

Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар
Академиялық дарындылық

Дарынды балаларға қолдау көрсету
-Сынып ішінде психо-эмоционалды климатты қалыптастыру;
-Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.)
-Физиологиялық денсаулығын бақылап отыру,
-Демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;
-Психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын бақылау,консультация,
профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру, ақпараттандыру,жинақтау,тарату,т.б.)
-Қажетіне қарай жағдай туғызу
-Кітапханамен тығыз байланыс,қажетті материалдар қарастыру.
Бастауыш сыныптар бірлестігіндегі дарынды балалармен жұмыс жоспары
№ | Жұмыстың мазмұны | Мерзімі | Жауапты |
1 | Әрбір сыныптағы дарынды балаларды анықтау | қыркүйек | Бірл.жет., Сын жет. |
2 | Бастауыш сыныптағы оқушылардың ерекше қасиеттерін іріктеу | Қазан | Бірл.жет. Сынып жет. |
3 | Дарынды балалардың бейініне қарай шығармашылық ізденіс жұмысына тарту | Қазан | Бірл.жет. Психолог. Пән мұғ. |
4 | Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге үйрету | Үнемі | Пән мұғ. |
5 | Дарынды балаларды бейініе қарай пәндік олимпиадаға дайындау | Жыл бойы | Бірл.жет. Пән мұғ. |
6 | Дарынды балаларды мектепішілік аймақтық, қалалық, облыстық пән олимпиадасына қатыстыру | Жыл бойы | Бірл.жет. Пән мұғ. |
7 | Өз қабілеттеріне қарай үйірмелерді таңдай білу | Қараша | Пән мұғ. |
8 | Шығармашылық ұжымдық іс-шарада басты пәндерге қатыстыру | Үнемі | Пән мұғ. Сынып жет. |
9 | Түрлі байқаулар, фестивальдарға, спорттық жарыстарға қатысуға ықпал жасау | Қаңтар | Бірл.жет. Сынып жет. |
10 | Дарынды балаларды баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар мен таныстырып отыру | Үнемі | Бірл.жет. Сынып жет. |
11 | Оқушы нәтижесін баспасөз беттеріне жарыққа шығару. | Жыл бойы | Бірл.жет. Сынып жет. |
Бастауыш сынып бірлестігіндегі дарынды оқушылар тізімі
№ | Фамилиясы, аты | сыныбы | Неге бейім? |
1 | Айдосұлы Мейрамбек | 1 | Математикадан ауызша есептеуге,логикалық тапсырмаларды тез шешуге |
2 | Ораз Үміт | 4 | Математикадан ауызша есептеуге,логикалық тапсырмаларды тез шешуге.мәнерлеп оқуға |
3 | Базилов Мирас | 4 | Сурет салуға |
4 | Жақыпбек Қарақат | 4 | Ана тілінен ізденуге |
5 | Жетписбай Қайсар | 4 | Жан-жақты ізденуге |
Оқушының жеке жетістіктер көрсеткіш парағы /Математика/
Оқушы: Айдосұлы Мейрамбек Сынып: 1
Ата – ана: Масимжанов А Мұғалім: Чыкаева К
№ қ/с | Анықталатын білім және білік дағдылары | қыркүйек | ққазан | қараша | желтоқсан | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | Жалпы ұпай |
1. | Тәртібі | | | | | | | | | | |
1.1 | Оқу | | | | | | | | | | |
| Оқу жылдамдығы | | | | | | | | | | |
| Мазмұндау, әңгімелеу | | | | | | | | | | |
| Мәнерлеп оқу | | | | | | | | | | |
| Сұрақ – жауап | | | | | | | | | | |
| Сөйлем құрастыру «суретке қарап» | | | | | | | | | | |
1.3 | Жазу: | | | | | | | | | | |
| Сауатты жазу | | | | | | | | | | |
| Көркем жазу | | | | | | | | | | |
| Сөзге дыбыстық – әріптік талдау | | | | | | | | | | |
| Сөз буындарын ажырату | | | | | | | | | | |
1.4 | Тіл дамыту: | | | | | | | | | | |
| Сөйлеу мәдениеті | | | | | | | | | | |
| Орфография | | | | | | | | | | |
| Пунктуация | | | | | | | | | | |
| Жинаған ұпай саны | | | | | | | | | | |
| Міндетті ұпай саны | | | | | | | | | | |
Қорытынды:
Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отырылады:
-Дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу.
-Әр дарынды баланың ынтасын, дарындылығын қамти отырып,шығармашылық жұмыстарын таратуға мүмкіндіктер бар;
-Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызады:
-Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау көрсетіп отырса келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесі зор болады.
Күтілетін нәтиже
Мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу орындарымен байланыс жасау;
“Болашақ” бағдарламасын қолдап шетелдермен тәжірибе алмасу
Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерлеу
Келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.