Просмотр содержимого документа
«"Дастарханды әшекейлеу"»
Ортаңғы «Ақерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 23.05.2019 ж
Тәрбиеші: Биржикенова. А.Б
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Аппликация
Өтпелі тақырып:
Тақырыбы: Дастарханды әшекейлеу.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларға қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы түсіндіру.
Композиция қалай құру керектігін үйрету.
Дамытушылық: Жапсыруға қызығушылықтарын дамыту.
Оқыту: Балаларды өз сөздерімен айта білуге , ойларын жеткізе білуге
Педагогикалық технологиялар:дамыту,ойын
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалардың алдарына дастархан жасап қою.
Балалар дастарханды жасағанда не қою керектігін сұрау?
Балалар дастарханның қасына келіп жайғасып отырады.
Өз ойларын айтады.
Негізгі бөлім:
Дастархан жасағанда ең алдымен нан немесе бауырсақ қоятының айту.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі туралы түсінік беру.
Дастарханды жасаған кезде тәтті тағамдар мен ұлтық тағамдарды қояды.
Дастарханды жасағанда ыдыс-аяқтар мен тағандары сәнді етіп қою керектігін айту.
Дастарханда не көріп тұрсыңдар?
Дастарханды жасағанда ең алдымен не қою керек?
Композицияны қалай құруға болады?
Екі қыз бала шығып мына біздің дастарханда композиция құрастырындар.
Сергіту сәті:
Көтереміз қолымызды
Созыламыз жоғары.
Бір,екі,үш,
Дененді солға бұр.
Қолыңмен көмектесіп,
Беліңді шынықтыр
Енді барлығымыз орындарымызға отырып желіммен түрлі түсті қағаздардың көмегімен өздеріміз дастарханды әшекейлейміз.
Желіммен ұқыпты жұмыс жасау керектігін ескерту.
Қорытынды:
Не жапсырдық?
Дастархан не үшін керек?
Дастарханның пішіні қандай?