Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні / Дата проведения: 28.01.2020ж.
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Сауат ашу
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Құстар біздің досымыз"
Тақырыбы / Тема: «"Ж" дыбысы мен танысу»
Мақсаттары / Цели. Мақсаты:
1. Тәрбиелік – воспитательная : дыбысты ажырата білу. «Ж» дыбысы және әрпімен, «Ж» дыбысының дыбысталу ерекшелігімен таныстыру
2.Дамытушылық – развивающая Берілген дыбысқа сөз ойлау,сөздерді қатыстырып сөйлем құрау дағдыларын арттыру. Буын туралы түсінігін кеңейту, Белсенді қызығушылығын дамыту.
3. Оқыту – обучающая Ж дыбысы мен әріпін таныстыру. Ж дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету. Саусақтарын жазуға икемдеп, қол жаттықтыру, дәптеріне "Ж" дыбысын баспа түрін жазуды үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, , сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение кітап, қарандаш,өшіргіш, әріптер.
Көп тілділік полиязычие: сөз-слово- the word,дыбыс-звук- sound
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Д/о: «Кім көп сөз айтады?»
Лас, лақ, бала, тал сөздерін буынға бөлу.
Жаңа сабақ.
2.Негізгі бөлім
Жұмбақ шешу
1) Жерде бар,
Елде жоқ.
Желде бар,
Ауада жоқ. (Ж)
2)Жаз, Жыл, Жас, Жаңа, Жапырақ суреттерін айтқызу.
3)Сөздік жұмыс жүргізу.
Жа-ңа, Жа-пы-рақ, Жа-па-лақ
Дәптермен жұмыс.
4) Жазу.
"Ж" әрпін ауада жазу.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Жалқау болмай бәріміз,
Әдемілеп жазайық.
Үлгі бойынша Ж дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.
Сергіту сәті:
Тыныс алу жаттығуы "Гүл"
Кеспе дыбыстардан сөз құрастыру.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ж-Ж-ж-ж-ж
Желбірейді ту.
Д/о: «Кім жылдам?»
Шарты: допты бір-біріне лақтырып, "ж" дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.
Балалар шаттық шеңберінде бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Сөз айтып жарысады..
Сөздерін буынға бөледі.
Жұмбақ шешеді.
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Дәптерге әріпті жазады.
Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Сергіту сәтін орындайды
Жаттығуды орындайды.
Балалар ойын ойнайды.
3.Қортынды:
Ж ж дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.
Дауысты - дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратуды, ж дыбысы дауыссыз дыбыс екенін игерді. Балаларды мақтап-мадақтау.
Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін бекіту. Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.