«Орал «Мақсат» медициналық колледжі» ЖМ
БЕКІТІЛДІ
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
____________________ Трушкова М.И.
Аудиториядан тыс шара
Фармакология пәнінен
II- курста білім алушыларға арналған
Фармация мамандығы бойынша
| ҚАРАЛДЫ | | ҚҰРАСТЫРДЫ |
| _______________________________ циклдік әдістемелік комиссия отырысында | | |
| | | Балкыбаева Д.М. |
| | |
| Хаттама | № | | | | | |
| | | |
| « | | » | | 201_ ж. | | |
| ЦӘК төрайымы | | |
| | | | |
| | | |
| МАҚҰЛДАНДЫ | | |
| | | |
| Колледж әдіскері | | | |
201_ ж.
Пікірталас «Сіз нені таңдайсыз-Гормондар. Пайдасы мен зияны»
Мақсаты: Студенттердің ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Негізгі ережелер: құрылымды сақтау, әр топта 4 студенттің болуы, сөйлеу мәдениеті, бір спикердің сөйлеу уақыты-6мин аспауы, шыдамдылық, шындық, сыйластық.
Жүргізуші- Татмакова Ляззат: Ағылшын тарихшысы Томас Фуллердің айтуынша, дертке шалдықпайынша адам денсаулықтың қадірін біле бермейді. Расында бүгінде адам денсаулығында пайда болған түрлі аурулардың себептеріне мән бермей жатамыз. Нәтижесінде кішкентай ауытқу-үлкен дертке айналып жатады.
-Армысыздар! Бұл «Сіз нені таңдайсыз» атты кезекті Фармация апталығына байланысты өткізіліп отырған шарамыз. Піікрталас тақырыбы «Гормондар-сіз гормондармен емделуді қалайсыздар ма?» Бұл жерде гормондардың адам ағзасына тигізетін пайдасы мен зиянды әсері қарастырылады.
«Таяқтың екі ұшы бар дегендей», осы мәселе бойынша 2 жақтың пікірлерін тыңдап, өзімізге керектігін алып, осы сұраққа байланысты жауапты дебатта табуға тырысып бағайық. Олай болса, пікірталас сайысына қатысатын яғни жақтаушы және даттаушы студенттерді таныстырып кетейін. Жақтаушылар тобы- Бибинұр, Файруза, Қазима және Шара; даттаушылар тобы: Айдана, Роза, Қарлығаш және Диана.
Ал олай болса, бүгінгі ашық пікірталастың шарттарымен таныстырып өтейік:
-Тақырып өзектілігін ашу (6мин)
-Аргументация (дәлелдер келтіру)
Студенттер бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер,мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Екі топтың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен-кезек сөйлейді.
-Сұрақтар қою (пікірталас барысында өрбіген сұрақтар. Сұрақ дайындауға, дайындыққа 8мин беріледі)
-Қорытынды 5мин (ойын барысында қорытынды анализ жасайды, өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады)
-Сарапшылар қорытындысы
1-жақтаушы: Гормондар- ішкі секреция бездер бөлетін биологиялық белсенді заттар. Олар гемостазды қалыпты жағдайда ұстауда ағзаның әр түрлі қызметтерің гормондық реттелуінде маңызды қызмет атқарады. Гормонды дәрілер ішкі секреция бездерінің жеткіліксіздігінде орынбасушы терапия ретінде тағайындалады. Сонымен қатар кейбір горманальдық препараттар денсаулықты қайта нығайтуға көмектеседі. Ал кейбіреулер үшін өмір сүруді жалғастырудың соңғы мүмкіндігі болып табылады. Препараттар таблетка, укол, жақпа май, гель, қабық түрінде өндіріледі және медицинада үлкен жетістікке ие. Олар иммундық жүйенің ауыр патологиясында, қатты аллергиялық реакциялар мен, ұзаққа созылған қабыну процестер мен күресуде тиімді. Кейбір жасушалар өлуін тоқтатып, сол арқылы онколлогиялық аурулардың алдын алады. Олар науқасты ота жасар алдында және отадан кейін қалпына келтіру де маңызды. Гормональды препараттар сонымен қатар спортта қолданылады: бодибилдерлер белгілі бір препарат бұлшық етті тез жинау үшін қолданылады. Мұндай заттың негізі стероидтардың кейбір түрін біріктіретін глабулин болып табылады. Қалқанша безінің гормондарымен кейбір заттар зат алмасуды тездетеді, және көптеген аурулардың таптырмас емі болып табылады. Ал, енді гормондармен емделетін сырқаттардың маңыздыларына тоқталайық.
Қант диабеті – бұл эндокриндік ауру, ұйқы безі бөлетін гормон – инсулиннің мүлде бөлінбеуінен не жеткіліксіз түрде бөлінуінен қандағы қант деңгейінің көтерілуімен сипатталады. Ауру барлық зат алмасу үдерістерінің бұзылуына әкеледі, қан тамырларын, жүйке жүйесін, басқа да жүйелер мен ағза мүшелерін зақымдайды.
Түрлері:
1. Инсулинге тәуелді диабет (қант диабетінің 1 түрі) көбіне балалар мен жастарда кездеседі;
2. Инсулинге тәуелсіз диабет (қант диабетінің 2 түрі) әдетте 40 жастан асқандардың және артық салмағы бар адамдарда болады. Диабеттің осы түрі кең ( 80-85% жағдайда);
3. қайта айналып соғатын (немесе симптоматикалық) қант диабеті;
4. Аяғы ауыр келіншектер диабеті.
5. Жеткілікті өлшерде тамақтанбағанда туындайтын диабет
Қант диабетінің I түрінде инсуллин мүлде бөлінбейді, ұйқы безі жұмысының бұзылуына байланысты.
Қант диабетінің II түрінде инсуллин жеткіліксіздігі байқалады. Ұйқы безі жасушалары инсулиннің жеткілікті мөлшерін жасап шығарады (кейе тіпті артық мөлшерде). Алайда жасуша беті жабылып, қандағы глюкозаның жасуша ішіне сіңуіне тосқауыл болады. Жасушадағы инсуллин жетіспеушілігі инсуллиннің көп мөлшерде бөлуіне себеп болады, бірақ ол көп бөлінгенімен жасушаға сіңбей, уақыт өте келе инсуллин бөлунуі азаяды.
Қант диабетінің белгілері:
шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін);
кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де);
ауыз құрғау
әл құру
тәбеттің күшті болуы
терінің қышуы (әйелдерде жыныс мүшелерінің жан-жағы);
ұйқының қанбауы;
шаршап тұру;
жараның ұзақ уақыт емделмей қоюы
қант диабетінің 1 түріндде ада тез салмақ тастайды
ал 2 түрінде аса көп салмақ қосады
Қант диабетіне шалдыққандар міндетті түрде эндокринолог дәрігердің тіркеуінде болуы шарт. Диабетке қарсы өте тиімді – инсуллин. Күнде инсуллин салу (инсулинотерапия) — 1 түрімен ауыратын адамдарға қажет немесе 2 түрі асқынып кеткен жағдайда қолдану керек. Дәрі арнайы шприц-қалам түрінде шығарылады, оңай салуға болады. Оны бұлшық еттке, көк тамырға, тері астына 15-20 мин тамақтан бұрын енгізеді. Инсуллинмен емделу кезінде әрдайым қандағы және зәрдегі инсуллин мөлшерін бақылап отыру керек (арнайы жолақшалардың көмегімен).
Дәрі-дәрмек қабылдау, олар қандағы қантты түсіреді. Әдетте диабеттің 2 түрін емдеуді осы дәрілерді ішуден бастайды. Ауру асқынып дамыса инсуллин салу керек болады
Сиофор 1000 мг- Қант диабетін емдеуге арналған препарат. Ішке арналған қантты түсіретін препарат. Әсіресе дене салмағы бар науқастарға диетамен емдеу, және дене жаттығудың тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда қандағы денгейін жеткілікті түрде бақылайды.Тәулігіне 1 таблеткадан 2 және 3 рет тамақпен бірге қабылдайды.
Тиогамма 600 мг- бұл препарат күнделікті дозасы бірінші тамақтануға дейін шамамен 30 мин бұрын күніне 1 таблеткадан аш қарынға шайнамай және жеткілікті су мөлшерімен ішіп қабылдау керек.
Таблетканы ұзақ уақыт бойы қабылдауға болады. Бұл препарат диабеттік нейропатия созылмалы ауруында қолданылады.
Қант диабетін өмір бойы емдейді. Өзін-өзі бақылап жүру, дәрігер кеңестерін бұлжытпай орындау аурудың асқынып кетуіне жол бермейді.
01-даттаушы: Жыл сайын гормондар, олардың аналогтары және антигормональды препараттар шығару және қолдану көбеюде. Алайда гормональды препараттардың көп мөлшерде қабылдануы басқа да препараттар сияқты жанама әсерлерге алып келеді. Гормональды препараттар ауруды емдеп жазады деген ой қалыптаспауы керек. Олар тек ауруды уақытша басады, яғни оларды қабылдап жүрген кезде әсері байқалса, ал қабылдауды тоқтатқан кезде аурудың белгілері қайта басталып, гормональды препараттарға деген үйренгіштік, тіпті тәуелділік дамуы мүмкін. Ал оларды ұзақ уақыт бойы қабылдау көптеген организмнің бұзылыстары мен ауруға алып келеді: глюкортикостероидты заттарды қабылдаған кезде жиі Кушинг синдромы дамуы болады:
артериялық қысым жоғарылайды, беттің қызаруы, бұлшық еттердің атрофиясы, тері асты майының жиналуы. Сонымен қатар бұл препараттарды қабылдау тері атрофиясы, безеу, дерматит пайда болуына алып келеді.
Гормондарды қабылдау жиі кездесетін қант диабетіне алып келеді.
Май алмасуының бұзылуы, асқазан – ішек жолдарының және бүйрек үстінің қызметінің бұзылыстарына алып келеді.
Көздің көруінің бұзылуы мүмкін, соның салдарынан катаракта дамып, қысым жоғарылап, көру жүйкесінің атрофиясы пайда болады.
Осындай гормоанльді прапараттардың кері әсері жетерлік. Оларды үнемі қолданудың орнына ауруды алдын алып, ауруды табиғи өсімдік препараттарымен емдеген жөн.
2-жақтаушы: даттау тобының айтқан даттауларына жақтау айтады. Зоб ( Жемсау) – йод жетіспегенінен болатын ауру болып табылады. Зоб ауруының бастапқы белгілері: етеккір дұрыс келмеуі, шаштың көп түсуі шынтақтың үнемі құрғап жүруі, өкшенің жарылуы. Оның организімдегі қалқанша безінің дұрыс жұмыс істемеуі. Қалқанша безі жалғыз фабрика организм гармон шығаратын. Бірақ организімге гармон шығару үшін сырттан йод керек. Йод жетіспеуінен қалқанша безі күні-түні жұмыс істейді де оның көлемі ұлғайып кетеді де ақыр соңында зопқа әкеліп соғады. Зобтың алдын алмаса рак ауруына дейін Uptolike
4Talk
ВКонтакте
Facebook
Одноклассники
Google+
Twitter
Mail.ru
Pinterest
Evernote
В кругу Друзей
Tumblr
LiveJournal
Pinme
Pocket
БобрДобр
Blogger
Digg
Delicious
Instapaper
LiveInternet
LinkedIn
MySpace
Readability
Surfingbird
StumbleUpon
По почте
– кнопки "Поделиться" предоставлены сервисом улучшения соц. активности Uptolike.
– сервис для привлечения клиентов из интернета без комиссий и переплат.
Привлечение клиентов из интернета
Без посредников и переплат
1 жыл -1,5 жыл дәрі дәрмектерді үзбей ішкен кезде жазылады. Дәрі- дәрмектерді ішпес бұрын дәрігерлермен ақылдасу нұсқамасында: Зардаптары, қосымша әсерлері болады.
Йодомарин – йод жетіспеуіне тағайындалады.
Қолданылады :
Иод тапшылығының алдын алуда мыс эндемиялық зобтың алдын алуға және йод тапшылығынан болған зобқа резекциясынан кейін
Емшектегі балаларда, балаларда, жасөспірімдерде және жас ересектерде йод тапшылығынан болған диффузды эутиреойдты зобты емдеуде
Емшектегі балаларға 2-12 жастарға балаларға тәулігіне 2/1 таблеткадан. Йодомарин 200-ден 100 мкг дейінгі йодқа сәйкес келеді.Эутероидты зобтарда
Ересектерге жас кезінде тәулігіне 1,2 және 2,2 таблеткадан. Йодомарин 300-500 мкг йодқа сәйкес келеді.
Йодомарин 200 алдын алу үшін әдетте бірнеше жыл бойы, көбінесе- бүкіл өмір бойы қабылдауға тиіс. Препаратты қолдану уақытын емдеуші дәрігер қандағы йод деңгейін бақылай отырып, анықтайды.
Қалқанша безі гормондары негізгі зат алмасу реттеп,энергетикалық процесін күшейтеді, ұлпалардың жетілуін және өсуін күшейтіп, ұлпалардың оттегіге сұранысын жоғарлатады.
3-даттаушы: Қант диабеті ауруының алдын алу
• Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, әсіресе жүрек – тамыр жүйелерін. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады.
• Диабет кезінде есте сақтау жады және мидың басқада қызметтері бұзылады, сондықтан алдын алу Сізге ұзақ уақыт бойы мидың толық жұмыс істеуін сақтайды.
• Диабет ер кісілердің де, әйелдердің де жыныстық өмір жағдайына кері әсер ететінін айта кету керек.
• Алдын алу салауатты өмір салтына өтумен қортылады. Артық салмақтан құтылу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, май мен қантты пайдалануды төмендету қажет. Егер Сізге 40 жастан жоғары, Сізде артық салмақ немесе Сіздің туысқандарыңыздың ішінде диабетиктер болса қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет.
Екінші типтегі қант диабетінен қалай сақтану керек
• Дұрыс тамақтану. Майлы тамақты аз, өсімдік талшықтарын көп пайдаланыңыз. Күніне жеміс, жиделермен бес рет тамақтан. Көмірсутегіне бай азықтарын көп пайдаланыңыз. Бұл қанға глюкозанын жетуін бәсеңдетеді, холестериннің деңгейі төмендейді. Сондықтан ірі тартылған ұнның нанын, макарон өнімдерін, күріш, жемістер, сұлы, арпа, қырыққабат, қарақұмық, картоп жеңіз.
• Кішкентай порциямен әр 4 сағат сайын тамақтаныңыз. Бұл ішкен тамақты қорыту үшін қанды қажетті инсулинмен қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі. Біздің мақсатымыз – ұйқыбезіне жоғары жүктемелер болдыртпау үшін күн бойы тамақты біркелкі реттеу.
• Қант пен тұзды пайдаланбаңыз. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін аспандатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ тез қан қысымын көтеріп жібереді.
• Өз салмағыңызды қалыпты ұстаңыз. Тез жүру – семірудің бірден бір емі. Аптасына 5 рет дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын кісілер қант диабетімен ауру қауіп дәрежесін 50 % дейін төмендетеді. Кез келген ауа райында күніне 4 километр жаяу жүріңіз. Дәрумендер қабылдап, күйземеңіз. ҚД алдын алу қант диабетін анықтаған күннен бастап алдын алу қажет, қауіп фактор тобына жатады, ары қарай жылына 2 рет эндокринолог бақылауында бақылану. Арнайы мамандардың кеңесінен невропатолог, окулист, кардиолог, нефролог өту қажет. Белсенді салауатты өмір салтын ұстану. Дені сау болу – бұл адамның табиғи ұмтылысы.
Арнайы диетаны ұстану керек: қант, шәрбат, тәтті жемістерді, печенье қолданбаған жөн. Аз-аздан күніне 4-5 рет тамақтану керек. Қантты алмастыратын өнімдерді қолданған абзал (аспартам, сахарин, ксилит, сорбит, фруктоза и тб)
Өсімдік медицинасы
Қант диабетін халық емдеу құралдарымен емдеу сонымен қатар аурудың кез-келген кезеңінде теріс белгілерді жоюға көмектесетін дәрілік шөптердің декофизияларын дайындауды қамтиды.
Қайнаған суға стакан 1 см қасық яблоко немесе шоколад. Сорпаны жылы шарфпен жабыңыз да, жарты сағатқа қалдырыңыз. Қасықта күніне үш рет ішіңіз.
Құрғақ жоңышқа жапырақтары мен қайнаған су араласуы тең мөлшерде және бірнеше сағатқа қалдырыңыз. Күніне үш рет 30 мл ішіңіз.
2 қасық мөлшерінде, 0,5 литр судағы манжеттің жапырақтары қайнатыңыз және жарты жарым перранның сорпасын ішіңіз.
40 г туралған помада тамыры бір стақан су құйып, 2 сағат бойы сіңіргеннен кейін күніне үш рет ішеді.
20 минут құрғақ бұршақ табақтарын қайнатыңыз - қайнаған суға бір литр 3 кесе бұршақ. Әрбір тағам алдында стақан шырынды сорпаны ішіңіз.
100 мл-ге дейін сұлы мен сусынның бірнеше жас қашуынан шырынды сығыңыз.
Жаңғақ, албырт, галега, цикорий мен шырмауықтардың тең дәрежеде араластырыңыз және араластырыңыз. 1 литр жинақ, 2 кесе суда бірнеше минут қайнатыңыз. 15 минуттық инфузиядан кейін сіз 20 г күніне үш рет қолдануға болады.
Басы Халық емі Лавр жапырағы қант диабетін емдейді Лавр жапырағы қант диабетін емдейді 24.02.2018 10:55 0 836 Оның пайдасының ең бастысы - адамның иммунитетiн көтеруiнде. Ол әсiресе суық тиiп ауырған кезде өте пайдалы. Лаврдың құрамында ағзадағы зат алмасу қызметiнiң дұрыс жұмыс iстеуiне қажеттi микроэлементтер мол. Сондай-ақ ол ағзаны қалдықтардан тазартатын қасиетке де ие. фото: Boovery.ru Лавр жапырағы көптеген тамақ түрлерiне айрықша дәм мен хош иiс беретiн таптырмас дәмдеуiштердiң бiрi. Медицина өкiлдерi жүргiзген зерттеулер нәтжесiнде бұл өсiмдiктiң денсаулыққа берер пайдасы мен тигiзетiн залалдары анықталған. Оның пайдасының ең бастысы - адамның иммунитетiн көтеруiнде. Ол әсiресе суық тиiп ауырған кезде өте пайдалы. Лаврдың құрамында ағзадағы зат алмасу қызметiнiң дұрыс жұмыс iстеуiне қажеттi микроэлементтер мол. Сондай-ақ ол ағзаны қалдықтардан тазартатын қасиетке де ие. Кептiрiлген лавр жапырағының тұнбасын iшу бауырдағы тастың түсуiне ықпал етiп, асқазан ауруын емдеп, адамның асқа тәбетiн ашады. Терi ауруымен сырқаттанғанда лавр тұнбасын iшу керек, ал ревматизм мен буыны, белi ауыратындар осы тұнбаға сiрке қышқылы мен бал қосып iшкенi жақсы. Оны дайындау үшiн 5 гр. лавр жапырағына (12-17 дана), 300 гр. су құйып, 5 минут қайнатады. Содан кейiн оны термосқа құйып алып, 4-5 сағат тұндырып қояды да, сүзiп, күнi бойы бiр ас қасықтан iшедi. Келесi күнi де тұнбаны осылайша дайындап, бiр ас қасықтан iшу керек. Тұнбаны үш күн қатарынан iшкеннен кейiн екi апта демалып, сегiз күндiк курсты қайтадан бастаған дұрыс. Майдаланған лавр жапырағының 2 ас қасығын 200 гр. қайнаған суда 2-3 сағат тұндырып, дайын тұнбаны құлаққа тамызса ауырғанын басып, аққан сұйықтықты тоқтатады. Ал диабет ауруы кезiнде 10 дана лавр жапырағын термосқа салып, 3 стақан қайнаған су құйып 2-3 сағат тұндырып, суын сүзiп алып ас iшерден 30 минут алдын күнiне үш мезгiл қабылдау керек. Осы процестi екi апта бойы жүргiзiп, екi апта демалыстан кейiн тағы да қайталау қажет. Алғашқы екi апталықта-ақ ағзадағы көмiрсулар айналымы едәуiр жақсарып, қант мөлшерi қалыпқа келедi. Гайморитпен ауырғанда мұрынға лавр жапырағынан алынған майдың бiр тамшысын тамызса, тыныс алу жақсарады. Сондай-ақ 10 дана лавр жапырағын 1 литр суға салып бiр қалыпты отта 5 минут қайнатып, оттан алған соң сол қайнатпаның буымен бес минуттай тыныстау да гайморит кезiнде жақсы көмектеседi. Лавр жапырағын iш өтiп ауырғанда iштi қатыру үшiн де iшуге болады. Стоматит кезiнде жас лавр жапырағын шайнау керек. Құрамында эфир майы мен хош иiстi заттар мол болғандықтан лавр жапырағы туберкулездiң де алдын алады екен. Сондай-ақ лаврды рак, псориаз, диабет секiлдi дерттердi емдеу үшiн де пайдаланады. Ол үшiн 10 дана жапырақты жарты литр қайнап тұрған суға салып, 2 сағат тұндырған соң, сүзiп алып тамақтанардан 20 минут бұрын iшу керек. Лавр жапырағы ағзада жиналған тұзды шығарады. Ол үшін 20-30 дана лавр жапырағына 2 стақан қайнаған су құйып, 5 минут қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң қайнатпаны термосқа сүзіп құйып, 3-4 сағат тұндырыңыз. Дайын болған қайнатпаны 12 сағат бойы ұрттап iшiп отыру керек. Бiрақ бұл емдi iшектердi тазартып барып жасаған дұрыс. Осы емнің әсерінен кiшi дәретке жиi шыға бастасаңыз, онда сiздiң бойыңыздағы тұздың шыға бастағаны. Емдiк курсты жылына 1-2 рет қайталап тұруға болады. 30 дана лавр жапырағын майдалап, ұнтақтаңыз да, 10 ас қасық бал қосып үстiнен 1 литр су құйып қоймалжың болғанша қайнатыңыз. Дайын болған тұнбаны сүзгiден өткiзiп, жатар алдында 1/2 стақаннан iшсеңiз, бауырдың iсiнгенін басады. Қайнатпаны тоңазытқышта сақтауға болады. 20 дана лавр жапырағын 3 литр қайнап тұрған суға салып, кiшкене суытыңыз да, аяғыңызды сол суға салып, парлаңыз. Сонда аяқтағы тершеңдіктен арыласыз. Ал аяғыңыздың сiңiрі тартылып маза бермесе, онда лавр жапырағын ұнтақтаңыз. Оның 50 грамына 250 мл тазаланбаған өсiмдiк майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны қараңғы жерде 2 апта қоясыз. Белгіленген күннен соң дайын болған қоспаны ауырсынған жерге жақсаңыз, көп уақыт өтпей-ақ оң нәтижесін байқайсыз. Лавр жапырағының зияны Ал, лавр жапырағының зиянды тұстарына келер болсақ, оның ең бiрiншi керi әсерi аллергия тудыруға бейiмдiлiгiнде. Сондықтан да аллергиясы бар адамдар оны емделу үшiн немесе тағамға қосып пайдаланғанда абай болғаны жөн. Сондай-ақ емiзулi аналар да лавр жапырағына үйiр бола бермегенi абзал. Ал жүктiлiк кезеңiнде лавр жапырағын мүлде тұтынбаған дұрыс. Себебi ол жатырдың белсендiлiгiн арттыратын қасиетке ие. Соның салдарынан жүктiлiк кезеңi уақытынан бұрын тоқтауы, яғни, түсiкке әкеп соқтыруы ықтимал. Бүйрек, бауыр мен жүрек ауруларына шалдыққанда да бұл өсiмдiк жапырағынан бас тартқан жөн.
2-жақтаушы: 3-даттаушыға сұрақтар қояды. Сіз келтірген пікірлер ғаламтордан алынған мәліметтер. Белгілі бір мақалалар, болмаса статистика бар ма?
Ол жауап береді.
3-даттаушы: Ғаламторда берілген мәліметтердің барлығы жалған емес. Адам қандай-да бір ақпарат, мәлімет алу үшін ғаламторға жүгінеді, тіпті мақалаларды да ғаламторға жүктеп, онлайн түрінде аламыз.
4-жақтаушы: Әйел жыныс гормондарының препараттары.Әйелдің аналық безінің көпіршік жасушаларында эстроген гормондары өнеді.Эстроген гормондары ұрық жасушаларының жетілуін және әйел нышандарының пайда болуын, етеккір циклін қамтамасыз етеді. Ал аналық бездің сары денешігінде гестоген гормондары өнеді. Гестоген гормондары перзенттің іште өсіп өнуін қамтамасыз етеді.Осы эстро және гестоген гормондарына сәйкес эстроген, гестоген дәрілері бар.
Эстроген препараттары- негізгі эстроген дәрілеріне эстрадиол және эстрадиол дипропионаты жатады.Эстрадиол бұлшық етке қолданады.Эстроген препараттарын синтетикалық препарат Синэстрол жатады.Эстроген препараттарын алмастыру терапиясы ретінде етеккір келмегенде,жыныс мүшелерінің кемшіліктерінде,бедеулікте қолданады.Ал,етеккір циклі бұзылғанда эстроген препараттарын,содан соң гестоген препараттарын қолданады.
Гестоген препараттары- гестоген препараттарына прогестроген жатады.Прогестеронды бұлшық етке бір мезгіл қолданады.Әсері көпке созылатын оксипрогестерон капронат дәрісін бұлшық етке аптасына 1мезгіл қолданады.Гестоген препараттары гестоген гормондары сиақты жатырдың жиырылу қабілетін төмендетеді,сол себептен гестоген препараттарын қауіпте және басталған түсіктерде қолданады.Гестоген және эстроген препараттарын етеккір циклі бұзылғанда,бедеулікте бірге қолданады.
4-даттаушы: Адам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты азайып, көбейіп отырады. Қыркүйек, қаңтар айларында қан құрамында йод мөлшері азайып, ақпанда көтеріледі. Күн ысыған кезде мамыр айларында йод жоғарылайды. Еркектерге қарағанда, әйелдер 3-4 есе көптеп ауырады. Ағзадағы йодтың 90пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Күнделікті тағам құрамына мән берген зор.Йод балықтарда, теңіз өнімдерінде, балдырларында, балық майында әсіресе көп. Теңіз қырыққабатында ламинарияда көп болады. Жемістерден; апельсин, лимон, банан,қауын, жүзім, ананас, құлпынай, алма, құрмада көп. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдері өте йодқа бай. Жидектер; сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, кәді, сәбіз, қызанақ. Бірақ ет пен балықты қайта қайта мұздатқанда оның ішіндегі йод жойылады.Ота жасар кезде соңғы асқынған жағдайда ғана жасаған дұрыс.
Ауру-тірі пендннің бәрінде болатын нәрсе. Казіргі таңда аурудың түрлері де көп. Әр аурудың өз шипасыда бар яхни өзіне тиесілі еміде бар. Біздің заманда һәм дамыған, адам санасы жоғары күшке ие, технологияны игерген осындай кезеңде ауруда күшейді, адам баласы дәрігерлерге сенуденде қалып барады. Бір жылда жасалған отаның 10% астамы сәтсіздікке үшырайды. Жасалған дәрілердің де пайдасы шамалы керсінше дәріні көп қолданған адам өзінің имунитетін жоғалтым, табиғи күшінен айырылып тек дәрінің күшімен жүретін бейшара халге жетеді. Ежелгі халықтар табиғи емшілерге тәуелді болған. Оның ішінде сынықшы, тәуіп, бақсы секілді өзіндік қасиетке ие адамдар болған. Казіргі таңда да сынықшылар бар.Енді дамыған медицина мен ежелгі халық емін салыстып көрейікші. Қолыңыз сынып немесе шығып ауруғанаға барсаңыз қолыңызға гипс таңып қоя береді. Сәлден кейін барсаңыз «дұрыс бітпепті» деп қолыңды қайта сындырып қайта гипс таңып береді. Ал сынықшыға барсаңыз әп-сәтте салып, орнына қойып еш қандай гипссіз қолыңызды жазып береді. Дәрі ішкеннен көрі апамның дайындап берген шөп-шаламын ішем тез жазыламын. Бұданда ой түйе беріңіздер. Әріге бармай-ақ осындай қара пайым мысалдан казіргі дамыған медицинамен ежелгі халық емін салыстыра беріңіз.Салауатты өмір салты қалыптастырғымыз келсе. Онда халық емінде заңды түрде қолданысқа еңгізуіміз қажет деп білемін өз басым.
Ер адамдардың белсіздігінің алдын алу және ауырған жағдайда емделу үшін мынадай кеңестер ұсынылады:
– салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс және уақытылы тамақтану, спортпен шұғылдану, денсаулығын қадағалау;
– темекі шекпеу, алкогольді қолданбау;
– жыныстық қатынастың бұзылысына әкелетін дәрілерді қолданбау;
– несеп жолдары мен аталық бездердің ауруларын алдын-ала тексеріп, дер кезінде ем қабылдауын қадағалау қажет
[15:34, 14.11.2018] Карлыгаш Гр: Эхинацеяның тұнбасы қолданылатын кеселдер:
– цистит, нефрит, гепатит
– инфекциялық және салқын тиіудің салдарынан болатын: грипп, бронхит, тонзиллит, пневмония, герпес аурулары
– еркектің жыныс мүшелері: простатит, аденома
– асқазан жарасы(язва), гастрит, іштің қатуын, көк тамырлардың спазмаларын
– әйелдердің кеселдері (түрлі қабынуларды)
– антибиотикті көп қолданғанда, химиотерапиядан кейін және радиацианың залалдарына
– лейкопенияға – қан формулаларын қалпына келтіру үшін
– жаңа пайда бола бастаған қатерлі түйіншектердің(ісіктер) алдын алу. Асқынуына жол бермейді.
2-жақтаушыға сұрақтар қояды. Ол жауап береді.
2-даттаушы: даттауды жалғастырады. 2-жақтаушының кейбір сөздеріне өз түсініктемелерін айтады.
Жүргізуші: ойымыз түсінікті болса, келесі сұрақтарға көшейік.
1-жақтаушы: сұрақ қояды: Гормональды препараттарға қажеттілік тумаса бұл дәрілер шықпас еді. Яғни айтқанда қазіргі таңда қоғамда бұндай дерттердің көбею себебінен де сол дерттерді алдын-алу үшін де осындай препараттарды шығару қажеттілігі туды. Қазіргі таңда гормональды препараттардың түр-түрі бар. Бұл нені көрсетеді? Бұл сол дәрілер арқылы жазылған адамдардың бар екендігін және бұл препараттар әлі күнге дейін бізге керек екенін көрсетеді.
Біз әлі күнге дейін гормонды препараттарды қолданамыз және оны әлі күнге дейін шығарылып жатыр. Егер оның зияны көп болатын болса неге біз оның орнын жоққа алмастыратын едік. Алайда ол әлі біздің сөрелерімізде тұр.
4-даттаушыға. Ол жауап береді.
3-жақтаушы: Ерлер жыныс гормондарының препараттары
Ерлердің жыныс гормоны тестостерон шәуhет денешігінде өніп,ер ишандарының пайда болуын қамтамасыз етеді.Ерлер жыныс гормондарының препараты ретінде синтетикалық тестостерон препараттары тестостерон пропионат бұлшық етке 3-4 аптада бір рет және метил тестостероидтер таблеткасын тіл астына қолданады.
Андроген препараттарын алмастыру терапиясы үшін ерлер жыныс мүшелерінің кемшілігінде,ерлер белсіздігінде және әйелдерге емшектің қатерлі ісігінде қолданады.Андроген препараттары ағзада белоктың синтезін күшейтеді сол себептен семіру пайда болады,сүйекке кальцийдің сіңуін арттырады.Андроген препараттарының қосымша әсері болады.Ерлерде андроген гормондардың өнуін тежейді.
Анаболикалық стероидтер- анаболикалық стероидтер андроген препараттарына ұқсас,бірақ андрогендік белсенділігі төмен синтетикалық заттар.
Ойын барысында қорытынды анализ жасайды, өздері ұсынған механизмдердің ұтымдылығын айтады. (5мин)
Сарапшылар пікірталасты қорытындылайды.
Жүргізуші: пікірталасты қорытындылайды. Құрметті тыңдармандар, бізбен бірге болғандарыңызға рахмет. Жаңа мағлұмат алып, санамызға ой қосуға, ой тоқуға көмектестік деген ойдамыз.


