| Мағынаны тану (Т) «Орында» айдары бойынша шағын топтар оқулықта берілген кестемен жұмыс жүргізеді. А) Бәріміз шалғымен былай-былай шөп шаптық, Ал әжем ұршықпен былай-былай жіп иірді. Ә) отыра қалып бәріміз былай-былай жүн сабадық, Содан кейін былай-былай жүн түттік. Б) Айнаш былай-былай шәлі тоқыды, Ағайым былай-былай бидай түйді. В) Шара, Айша, Қайрат кезектесіп былай-былай қымыз пісті, Арқат асауға былай-былай шалма тастады. Дескрипторы: 1. Әрекет түрлерін қимылмен көрсетеді. 2. Осы өнердің қайсысы қазіргі заманда қолданылатындығын анықтайды. 3. Олардың қайсысы қолданбалы өнерге жататындығын айтады. ҚБ: «Отшашу» әдісі (Ж) «Қойын дәптер» әдісі бойынша Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады. | Аты-жөні | Фариза Оңғарсынова | | Туған жылы | 1939-2014жж. | | Туып - өскен жері | Атырау облысы Новобогат ауданы Манаш ауылы | | Шығармалары | «Оюлар», «Жезқазған», «Үйім – менің Отаным», «Ұстаз», «Ескерткіш» | | Ақпарат | Ақын, қоғам қайраткері | (Ж, Т) «Түсініп оқы» айдары бойынша Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын топта талдайды. (Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша кілең керім деген сөз тіркесінің мағынасын ашады. кілең керім – бұл жерде: «бірінен бірі жақсы» деген мағынада (Ж) «Ізден» айдары бойынша әр оқушы өлеңді талдауға арналған кесте толтырады | Өлеңнен ақынның сезімдерін білдіретін сөздерді теріп жаз | | | Өлеңдегі теңеу сөздерді тап | | | Ұлттық өнерді сақтау туралы ақынның ойын жалғастыр | | ҚБ: «Отшашу» әдісі (ЖЖ) «Сәндік-қолданбалы өнер» айдары бойынша әр жұп сәндік – қолданбалы өнер туындыларын қайдан көргендері жайлы еске түсіріп, басқа жұптарға әңгімелейді. Олардың пайдасы туралы тізім жасайды. Дескрипторы: 1. Сәндік-қолданбалы заттардың қолданылуы туралы айтады. 2. Пайдасы туралы айтады. Мақсаты: Жұптаса, ынтымақтаса отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе отырып жұмыс істеуге ықпал ету ҚБ:«Отшашу» әдісі Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырмаларды мұғалім өз қалауынша пайдалана алады. |