Мағынаны тану (Т) «Орында» айдары бойынша шағын топтар оқулықта берілген кестемен жұмыс жүргізеді. А) Бәріміз шалғымен былай-былай шөп шаптық, Ал әжем ұршықпен былай-былай жіп иірді. Ә) Отыра қалып бәріміз былай-былай жүн сабадық, Содан кейін былай-былай жүн түттік. Б) Айнаш былай-былай шәлі тоқыды, Ағайым былай-былай бидай түйді. В) Шара, Айша, Қайрат кезектесіп былай-былай қымыз пісті, Арқат асауға былай-былай шалма тастады. Дескрипторы: 1. Әрекет түрлерін қимылмен көрсетеді. 2.. Осы өнердің қайсысы қазіргі заманда қолданылатындығын анықтайды. 3. Олардың қайсысы қолданбалы өнерге жататындығын айтады. Бағалау критерийі: Әрекет түрлерін қимылмен көрсетті. | 1 | Осы өнердің қайсысы қазіргі заманда қолданылатындығын анықтады. | 1 | Олардың қайсысы қолданбалы өнерге жататындығын айтты. | 1 | (Т) Өлең авторы Фариза Оңғарсынова жайлы мағлұмат беріледі. Аты-жөні | Фариза Оңғарсынова | Туған жылы | 1939-2014жж. | Туып - өскен жері | Атырау облысы Новобогат ауданы Манаш ауылы | Шығармалары | «Оюлар», «Жезқазған», «Үйім – менің Отаным», «Ұстаз», «Ескерткіш» | Ақпарат | Ақын, қоғам қайраткері | (Ж, Т) «Түсініп оқы» айдары бойынша Ф. Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын топта талдайды. (Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша кілең керім деген сөз тіркесінің мағынасын ашады. кілең керім – бұл жерде: «бірінен бірі жақсы» деген мағынада (Ж) «Ізден» айдары бойынша әр оқушы өлеңді талдауға арналған кесте толтырады Өлеңнен ақынның сезімдерін білдіретін сөздерді теріп жаз | | Өлеңдегі теңеу сөздерді тап | | Ұлттық өнерді сақтау туралы ақынның ойын жалғастыр | | Дескрипторы: «Оюлар» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын топта талдайды. Кілең керім деген сөз тіркесінің мағынасын ашады. Киіз үй жабдықтары жайлы мағлұмат береді. Әр топ өлеңді талдауға арналған кестені толтырады. Бағалау критерийі: «Оюлар» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын топта талдады. | 1 | Кілең керім деген сөз тіркесінің мағынасын ашты. | 1 | Киіз үй жабдықтары жайлы мағлұмат береді. | 1 | Әр топ өлеңді талдауға арналған кестені толтырды. | 1 | Берілген ою қиындыларын жапсырып, көрпеше дайындау |