СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Әдемі шырша" лего

Нажмите, чтобы узнать подробности

:  «Әдемі шырша» (лего)

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: конструктормен  жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: Жаңа жылдық мерекеге дайындық ретінде конструктордан шыршаны  жасай білуге үйрету.

Просмотр содержимого документа
«"Әдемі шырша" лего»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: Құрастыру

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Тақырыбы/Тема: «Әдемі шырша» (лего)

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: конструктормен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқыту – обучающая: Жаңа жылдық мерекеге дайындық ретінде конструктордан шыршаны жасай білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: лего технология, денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: конструктор, шыршаны құрастыру схемасы, ағаштар бейнеленген пәндік суреттер.

Көптілділік/Полиязичие: қыс – зима - winter, қар – снег - snow, қарағай – сосна - pine, шырша – ель - spruce, емен – дубь - oak


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Қызықты сәт: Балалар біз бүгін сендермен қысқы орманға саяхатқа шығамыз.

Орманға қыс мезгілінде немен баруға болады?

Шаңғымызды алып мына өлең жолдарын айтып барсақ тез жетеміз.

Шаңғы теуіп аппақ қарда

Жорыққа біз шығамыз

Ну орманға асқар тауға

Биікке алыс шығамыз.

Интербелсенді тақтадан қардың сықырлаған, боранның ұйытқыған дыбысы естіледі.

(Балалар шаңғымен орманға келеді)

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Интербелсенді тақтамен жұмыс. (сурет бойынша әңгімелесу)

Айналада нелер жатыр?

Көптілділік: қыс – зима - winter, қар – снег - snow

- Ағаштар туралы не айтуға болады?

- Қар астында қандай ағаш өсіп жатқанын қалай біле аламыз?

-Қазір біз сендермен ағаштарды танимыз. Бірақ бұл үшін біз жұмбақтарды шешуіміз керек. Жұмбақтың шешуін тапқан соң, ол ағашты суреттен көрсету қажет.

Жұмбақтар.

Дауылға нық күшi,

Ағаштың мықтысы. (Емен)

Дауылға да, аязға да,

Шыдап бағар мiзбақпай.

Тау етегi тұрағы,

Жап-жасыл боп тұрады. (Қарағай)

Қысы-жазы шешпейтiн,

Көйлегi бар жасылдан.

Өзгертпейдi еш кейпiн,

Жаралғандай асылдан. (Шырша)

Көптілділік: қарағай – сосна - pine, шырша – ель - spruce, емен – дубь – oak

Балалар, осы суреттердің ішінен жаңа жылдық ағаштың суретін көрсетіңдерші.

Д \ О: «Бөліктерін ата»

- Шырша ағашы қандай бөліктерден тұрады?

- Шырша -тамыр, діңгек, инелер, бұтақтар, ұшар басынан тұрады.

Шыршаны безендіру дәстүрі туралы әңгіме.

- Бұрын шырша қысқы салтанатқа қатысқан болатын. Қазіргі уақытта шырша (табиғи немесе жасанды) - жаңа жыл мерекесінің міндетті атрибуты, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын және балалар мен ересектер де күтетін жаңа жылдық ғажайыптар туралы еске салады.

- Балалар, неге біздің уақытта адамдар жасанды шыршаны көбірек пайдаланады? (Балалардың жауаптары)

- Біздің ұрпақтарымыз табиғатымыздың сұлулығымен рахаттана алатындай табиғатты сақтау керек.

Балалар сендер осындай шыршаны жасағыларың келе ме? Ендеше, топқа оралайық. Мен сендерге шыршаны конструктордан құрастыруды ұсынамын.

Шыршаны құрастыру схемасымен жұмыс.

- Балалар, тақтаға қараңдаршы нені көріп тұрсыңдар?

- Шырша қандай бөліктерден тұрады?

- Бізге қандай түсті конструктор қажет? Неліктен?

- Схемадан тағы не көріп тұрсыңдар?

- Неге қызыл конструктор керек?

- Біздің шырша қандай?

- Бірінші қатарға қанша жасыл конструктор қажет? Санаңдар.

Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз. Денемізді қыздырып жаттығу жасайық.

Сергіту сәті:

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.

Кіші топтарға бөлу.

- Балалар үстелге келіп, әр түрлі геометриялық фигураны таңдайды. Бірдей фигуралар бір топқа біріктіріледі. Міне, біздің командамыз да шықты. Енді жұмысқа кірісеміз.

Балалардың өзіндік жұмыстары.

Жеке жұмыс: Арзуға конструкторды көлденеңінен қоюды ескерту.

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар біз бүгін не құрастырдық?

Бізге қандай мереке жақындап келеді?

Балаларды мадақтау.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!