ТАҚЫРЫБЫ: Мен осындаймын,біз осындаймыз | Мектеп/МҰ: Абай Құнанбаев атындағы №19 орта мектеп |
Күні: 18. 09. 2019ж | Педагогтің аты-жөні: Исматова А. С. |
СЫНЫП-ТОП: МАД «В» | Қатысқандар саны: 26 | Қатыспағандар саны: |
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары | 0.1.1.1. Заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығуларды орындау; 0.2.1.7. Допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру; 0.2.2.3. Зал, алаң, кеңістікте, уақытта бағдарлауды, орындық/бөрене арқылы жоғары және төмен жүру барысында және берілген қалыпта тепе-теңдікті сақтау ептілігін дамыту. 0.4.1.1. Ойында шығармашылық қабілеттерін дамыту (ойынның түрлі нұсқаларын ойлап табу, қимыл-қозғалыстарды өзара ұштастыру). |
Күтілетін нəтиже | Барлық тəрбиеленушілер: Екі қатарға тізбекке тұруды орындау. Түзету жаттығулар орындау кезінде аяқ пен қолдың жұмысын үйлестіру. Қимыл-қозғалыс кеңістігінде топпен қауіпсіз жұмыс жүргізу. Алақан мен тізеге сүйеніп гимнастикалық орындықта төрттағандап еңбектеу. |
Көпшілік тəрбиеленушілер: Басына қапшық қойып, қолын беліне таянып арқан бойымен адымдап бір жақ жанымен жүру. Биік орындық немесе бөрене үстінде қол мен аяқ жұмысын үйлестіру. |
Кейбір тəрбиеленушілер: Тепе-теңдік сақтауға арналған жаттығулар кезінде арқан табанның ортасында болатындай етіп аяқты қою. Допты жерге соққандағы серпіліс күшін саралау. Өз эмоциясын бақылау. |
Тілдік мақсат | Тəрбиеленушілер: Балалар доппен жаттығу арқылы заттарды ұстау ептілігін дамыту дағдысын жетілдіреді; тепе-теңдік сақтауға арналған жаттығулар орындау кезінде денені және нысананы бақылауды; шыдамды мінез-құлық көрсетеді. Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Қауіпсіздік техникасы, гимнастикалық орындықтар, екі қатар тізбекке тұру, құм толтырылған қапшық, арқан, дене мүсіні, еңбектеу, тізе мен алақанға сүйену, тақия, доп соғу. ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл: Талқылауға арналған сұрақтар: Достарыңа тағы қандай доп жаттығуларын ұсынасыңдар? Гимнастикалық орындықта тапсырма орындау кезінде тәуекелдікті қалай азайтуға болады? Бастан қапшықтың құлауына не себеп болады? |
Өткен ҰОҚ-дан алған білім | Тепе-теңдік – орындықпен жүріп ортасында керілген жіп астынан өту. Бір қатарда орналасқан аралығы 1 метр болатын 5 кедергі арасымен фитбол домалату. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар |
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. | (Ұ, ПК ) «Мен осындаймын, біз осындаймыз» ойын жаттығуы. Балалар шеңбер құрып тұрады. Шеңбер ортасына бір бала шығып, «Мен – әдемімін (сымбаттымын)!» – дейді де тиісті қимыл көрсетеді, қалғандары хормен «Біз – әдеміміз (сымбаттымыз)!» деп айтады да, қимылды қайталайды. Содан кейін келесі бала шығып, өзінің жеке қасиетін атайды. (Ұ, Ө) Жүру, доппен түзету жаттығулары: қолға доп ұстап (оң қол астында) жүру, аяқ ұшымен жүру – допты алдыға ұстап бұрыла кеудеден беру. Екі-екіден тізбекке тұру. Доппен жалпы дамыту жаттығулары. | Кең, бос кеңістік. |
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс | (Ұ, ПК) Қос қолмен допты жерге соғу. Нұсқау – доптың жерге соғылу күшін саралап, секіріп кеткен допты ұстап алу мүмкіндігін сәйкестендіру. (Т, Ө) Гимнастикалық орындықта алақан мен тізеге сүйене отырып еңбектеу. Бала бұл жаттығуды жасағанда орындық үстінде оның аяқ пен қолының үйлесімді жұмыс істеуіне назар аударады. (Ұ) «Таудан-тауға» қимыл ойыны. Ойыншылар қасындағы көршісінің басына қолы жететіндей аралықта малдас құрып дөңгелектене отырады. Жетекші: «Таудан-тауға, таудан-тауға», – деп басынан тақиясын шешеді де, оң жағындағы көршісінің басына кигізеді. Ол да тақияны өз көршісінің басына кигізеді. Жүргізуші кенеттен басын қолымен ұстап: «Тауға-тауға!» деп айтқанға дейін тақия бастан-басқа көшеді. Дәл осы кезде тақия кімнің басында болады, сол ойыншы қандай да бір тапсырманы орындайды. | Бала санына қарай доптар Гимнастикалық орындықтар Тақия. |
IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. | (Ө)Рефлексивті бағалау. Балаларға ҰОҚ-дан кейін қандай болғандарын көрсетуді тапсырады. Әрбір бала ерекше, талантты тұлға екенін ұғындырады. | |