СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары"

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Без соблюдения этих принципов, нельзя достичь поставленных целей и задач урока физической культуры.

Просмотр содержимого документа
«"Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары"»

нн М.Х. Дулати атындағы

мамандандырылған № 8 гимназиясының

дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Айдынғани Үсейович Серимбетов



ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

Дене тәрбиесі қағидаларын, әрбір дене шынықтыру мұғалімі қандай шараны іске асырмасын басшылыққа алуы шарт. Нақты сабақ үшін сауықтыру міндетін араластырмаса да болады, алайда оқушыларға артық жүктеме беріп, қағиданың бірін бұзу қате. Қағиданың толыққанды іске асуына мұғалімнің іскерлігінен көрінеді. Бар қағидалардың орындалуы барлық уақытты жаттығушыларға, білім беру мен тәрбиенің нақты белгіленген міндеттерін басшылыққа алып, дене тәрбиесі жүйесін тірек ете іске асырған жөн.

Сауықтыру мақсатындағы қағида мұғалімнің дене тәрбиесі жұмысын емдік және дамыту жақтарымен толықтырылып отыруға жүктейді. Бұл қағиданы орындаудағы басты талаптар:

  1. Дене тәрбиесінің негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек.

  2. Дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек.

  3. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті.

  4. Санитарлық- гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылу қажет.

Қағиданың ғылымилығы.

Ғылыми қағида педагогикалық жүйені қазіргі кездегі ғылыми дәрежеге сәйкес байланыстырады. Барлық дене тәрбиесінде қолданылатын әдістер, оқыту әдістер және сабақты ұйымдастыру ғылыми жағдайға сай болуы керек. Қағида оқытушының жүйе бойынша теориялық дайындығын талап етеді. Міне сондықтан оқу жүйесінің сапасын бағалау оқу жабдықтарының заңдылығы берілген қағида бойынша қаралады. Қағиданың ғылымилығын қолдана отырып, төмендегі ережелерді ұстану қажет:

  1. Оқу жабдықтарын сұрыптау кезінде ғылымды қазіргі жүйе бойынша және негіз ретінде пайдалану қажет. Ғылыми жаңалықтардың көлемін қарап шығып, оның әрдайым жаңартып отыру керек. Бұл оқытушының жаңа ойларды бағалай білуге үйретеді және өзінің әрбір талабын заңға сәйкес құрады.

  2. Ғылыми іс-әрекет жағдайында артық кемшіліктерде ескерту жасау. Белгілі болғандай кез-келген дидактикалық жүйенің нақты жағдайы ғылыми жүйемен сәйкестендірілмейді. Дидактикалық жүйеде ғылыми жаңалықтар әрқашан педагогикалық заңдылықтар арқылы жаңарып отырады. Алайда мұндай жаңару кезінде дидактикалық жүйе қазіргі ғылыми жүйеге септестігін сақтау тиіс. Бұл бірте-бірте оқушыларды дене тәрбиесі мәселелерінің қиындығын түсінуге дайындайды.

  3. Тек қана педагогикалық және психофизиологияның оқыту әдістерін ғана қолдану керек. Ескеретін жағдай, бірыңғай әдістер әр түрлі әсер тудыруы мүмкін.

  4. Бірте-бірте оқу барысына ғылыми әдісті енгізу. Бұны екі бағытта жүргізу қажет; біріншіден, мұғалім қолданған эксперементті тесті оқыту әдісін жетілдіру құралы ретінде қолдану. Екіншіден, балалардың бойына оқу материалдарын талдауды, жинақтауды, теңестіру білуді қалыптастыру арқылы ақыл-ойын дамыту. Яғни мұндай оқыту әдіс ғылыми әдіске жақын тұруы тиіс.

  5. Ғылыми терминологияда қабылданған арнайы терминдерді пайдалану. Бұл оқушылардың ғылымға деген сезімін, түсінігін қалыптастырады, сондай-ақ ұйымдастырылған немесе өздік сабақтардағы материалдарға бейімделуге дағдыландырады.





Оқыту қағидалары

Оқыту қағидалары мазмұны жөніндегі білім болашақ мұғалімдерге өз жұмысын белгіленген талаптарға сәйкес жүргізуге көмектесіп, дене жаттығуларын оқыту барысында біршама заңдылықтарға жол ашады.

Біріншіден оқушыларды оқу материалдарын саналы және белсенді түрде қатынас жасауға бағыттайды;

Екіншіден, оқытудың қорытынды көрсеткіштерін әділ бағалауға;

Үшіншіден оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес деріс беруге ықыласын арттырады; төртіншіден педагогикалық оқыту барысын қайталау, жүйелілік және бірізділік жағынан ерекшелендіруге жетелейді.

Бұл қағидалар жұмыс мазмұнының ерекшелігіне ұйымдастыру түрлеріне және тәсілдеріне орай жүзеге асырылады. Педагогикалық оқыту процесінде қағидалар екі түрге бөлінеді.

Біріншісі-қимыл қозғалысқа үйрету, екіншісі-дененің сапалық қасиеттеріне байланысты спорттық жаттығулар қағидасы. Дене тәрбиесі жүйесінде көптеген басқа да қағидалар кездеседі. Олар оқыту заңдылықтарын тек қана педагогикалық жағынан ғана айқындайды. Дене тәрбиесі ілімінде оларды «Дене тәрбиесінің қағидалары» деп атайды.



Саналық қағидасы

Дене жаттығуларына оқытуда саналық қағидасын алғаш рет сөз ету

П.Ф. Лесгафтың үлесіне тиеді. Яғни ғалым бірінші болып жаттығуларды орындауды саналылық қағидасымен ұштастыруды талап еткен. Оның тұжырымы бойынша, мектеп баланың бойында күштілік дамытумен қатар, басқа да қасиеттерді басқара білуге, оларды өмірдегі қызмет барысына пайдалана білуге тәрбиелеуі тиіс», -деп қорытындылайды.

Тек саналы меңгеру ғана жаңа білімді ескі біліммен байланыстыруға, оларды топтап, реттеуге, пәндер ішіндегі және пәнаралық байланыстарды тұтас бақылап отыруға мүмкіншілік береді. Кез-келген жаттығудың балаларға түсіндірілуін, орындайтын жаттығуы жөніндегі өздерінің ойын үлесін жасауын және жаттығуды орындау ісіне толық саналы түрде қарауын талап етеді. Сондықтан оқушылардың іс-әрекеттер мен дене жаттығуларын орындауы мынадай жолдармен жүргізіледі:

  1. Оқыту барысында алдын ала кез-келген қимыл-қозғалысты ойланып барып орындауға.

  2. Кез-келген жаттығу әдістеріне тәрбиелеуде жаттығу тәсілдерінің бөлектеріне назарын аударту. Мысалы: биіктікке секіруде (тебіну) тақтайына аяқтың дәл келуі, тебінуден кейінгі жоғары көтерілу барысында қолдың қозғалысына көңіл аудару.

  3. Бұл ет сезімінің әсері арқылы ойлау қабілетін қалыптастырып іс-әрекет істеу кезінде ішкі құрылыс жүйесінің хабарын дұрыс пайдалана отырып, жіберілген қателерді түзету, оқушыларды өз ісіне баға беріп отыруға үйрету.



Белсенділік қағидасы

Оқушының белсенділігіне оның оқу процесіне деген саналылығы негізгі көрсеткіші болып табылады. Яғни, екі қағиданың байланысы саналы белсенділікті құрайды. Атап айтқанда, саналылық белсенділіксіз әлсіз іс-әрекетке белсенділік саналылықсыз мақсатсыз қозғалысқа жетелейді. Тек саналы белсенділік арқылы белгіленген мақсатқа жетуге болады. Дене тәрбиесі ілімінде (педагогика іліміндегі сияқты) белсенділік екі бағытпен қаралады: бір жағынан жаңа туылған баланың өмірге деген талпынысына ұқсас болса, екінші жағынан сол баланың оқу барысындағы қызметінің мінездемесі сияқты. Белсенділік қағидасын қолдану жалпы талаптар белсенді тұлғаны тәрбиелеуде анықталады. Белсенділік қағидасын қолдану барысында бір қатар ережелерге сүйену қажет:

  1. Оқушының мінез құлқын көрсетілген талапқа сай үйрету қажет. Егер оқушы сылтау іздеп оқу тапсырмасын орындағысы келмесе (қарапайым жүгіру), онда достық қарым-қатынас себеп жүйесін жоғары дәрежеде дамыту қажет (жаңаша орындауға үйрету). Бұл үшін және ойын жарыс әдістері, оқушының орындаған сабағын бағалауы, оқушының орындаған тапсырмасын жолдастарының бағалауы және өзін-өзі бағалау қолданылады.

  2. Қойылған талаптың жеңілдігі де оқушының белсенділігін арттырады.

  3. Белсенділікке оқушының танымы арқылы да ынталандыруға болады, яғни оқушының танымын оқытылған сабақпен тікелей байланыстыру керек. Берілген тапсырманы дер кезінде қабылдамаса, келесі жаттығуда үйрену қиынырақ тиеді.

  4. Белсенділікті ұстану және арттыру баланың дамуына қарқынды және тұрақты назар аударып отыру керек. Бұл үшін оқытудың белсенді әдісіне көшіп, баланың танымын ынталандырып механикалық оқытуды тыю қажет.

  5. Белсенділіктің әсер етіп пайда болуын тек қана оқу дағдысында емес сол сияқты әртүрлі жағдайда да қолдана білу керек.

  6. Оқу тәрбие жұмысын мынадай үлгіде құрауды қажет етеді. Яғни әрбір оқушыны ұжым болуға бағыттап, белсенділігін арттыру.

  7. Бала белсенділігінің керісінше оқытушыға ықпал болмауы қажет. Сондықтан барлық мұғалімдердің оқушыға әсері былай орындалуы қажет: әрбір оқушы өзінің белсенділігін өз ықыласын, өз талап тілегімен арттыру қажет, яғни мұғалімнің еркіне бағынып орындамауы тиіс.



Беріктілік қағидасы

Беріктілік қағидасы білімді, қимыл-қозғалыс дағдысын орнықты меңгеру деген мағынада қарастырылады. Ғылыми қағида оқу барысындағы үйрету, оқыту жұмысын бағаласа, беріктілік қағидасы осы жұмыстардың кейінгі артық нетижесінің игерілуіне баға береді. Оқушылардың білімді жете меңгеріп, оны оқуда, күнделікті қмірде пайдаланып, іс жүзінде жүзеге асыруға тиіс. Беріктілік қағидасын пайдалану екі бағытта іске асырылады.

Бірінші бағыт- арнайы білімнің берік жүйесін қалыптастыру. Осының негізінде барлық теориялық мәліметтердің заңдылықтарын есте сақтау. Бұған жататындар: салыстыру, жинақтап талдау және т.б. жолмен ойды жандандыру, белгілі қолда бар біліммен жаңа мәліметтерді байланыстыру, әртүрлі әдістерді құру және т.б. Бұл жерде кейбір теориялық мәліметтерді есте сақтау (дене жаттығуларының тәсілдері жайлы, сақтандыру жайлы т.б.) қозғалыс іс-әрекеттеріне бейімделу мен бір уақытта өтетінін ескеру қажет. Оқушы ілімдік материалды есте сақтау мен қатар қозғалыс дағдысына да икемделе бастайды.

Екінші бағыт- қозғалыс іскерлігінің беріктігін меңгеруді қалыптастыру. Қозғалыс іскерлігінің беріктігі көптеген факторларға байланысты: іскерлікті қалыптастыру заңдылықтарының өлшемі, қайталау мінездемесі, оқушы мүмкіншілігінің сәйкестігі т.б. Беріктілік іскерлігін қалыптастыру тек қана дене сапасының сейкестілік деңгейін дамытуды ғана емес (мысалы күштілікке үйрету) сонымен бірге, бірнеше басқа сапаларды (шыдамдылық, ептілік) жетілдіруді талап етеді. Мұндай сапаларды меңгерген бала тек жаңа іскерлікті қалыптастырудың ғана емес, оның беріктігінің ірге тасын қалаушы болады.



Дербестік қағидасы

Оқушының таңдаудағы сәйкестігі, мүмкіншілігі оқудың нәтижелілігін көрсетеді. Ең негізгі бағытта анықтауда дербестікті тану, оқу тапсырмасын және оны шешу әдісінің (құрал тәсілі, оқуды ұйымдастыру құрылысы) айырмашылығын көрсетеді, яғни оқушының дербес өзгешіліктеріне сәйкес ұйымдастыру.

Дербестік қағидасының мазмұнын анықтай келе, бұл мынадай үш түрлі ережеге бағыну заңдылығын сақтайды:

  1. Баланы дербес өзгешілігін тексере отырып, оның дамуын, келешегін байқауға болады.

  2. Баланың мықтырақ жағын бағалай отырып, әлсіз қасиеттерінен арылта білу.

  3. Кез-келген дербестік, яғни даралылық жалпы оқу, үйрену заңдылығына бағыну керек.

Даралану- бұл белсенділіктің дамуы. Бұл тек қана баланың ерекшелігін тексеріп қоймай, сонымен қатар оқуды және оның құрылысының дамуын жүзеге асырады. Мысалы, спорттың ең қиын түрімен айналысқанда, көпжылдық жаттығудың әсерінен жүйке дамуының әлсіреуін күшейтіп, қимылдың жадында сақталу қабілеті өседі. Бұл үшін қайтадан ерекшеленіп, дербестік мінез құлыққа келесі үйренуге дейін түзету енгізу қажеттілігі туындайды.

Дербестіктің қағидасы болашақта баланың даму деңгейінің өсуін талап етеді. Сондықтан заңға сәйкес бағалап, дене дайындығы дәрежесін үлгі бойынша ұстану қажет. Қазіргі балалар ағартушылыққа бәрі бірдей өздерін бағыттай бермейді. Осыған байланысты дербестік қағидасы балалардың даралықтың өзгеше сипатын талап етеді.

Бұл өзгешеліктер бірнеше түрде сипатталады:

  1. Балалардың әртүрлі деңгейдегі денсаулығы (мұнда оқушыларды медициналық топқа бөледі).

  2. Әртүрлі деңгейдегі дене дайындығы (дене дамуымен қоса) бірдей және медициналық топтар (мысалы, кейбір негізгі медициналық топтағы балалар спорт дәрежесін алуға тәуелді, ал басқалары алмайды; дене күшін тек спорт мамандығын игергендер ғана емес, дене қимылын көп атқарғандар да пайда болады).

  3. Әртүрлі жастағы балалар бір оқу тобында, бірдей бағдарлама бойынша білім алады, яғни белгілі шарт бойынша ( жас мөлшері арқылы бақылау орта сыныптарда ереже бойынша бақыланады).

  4. Екі жыныстың да оқушылары бір топта білім алады (міне сондықтан мектеп бағдарламасында айырмашылық байланысты нормативтік талаптың мазмұнын құрайды).

  5. Білімді әр түрлі көлемде және балаларды қимылдық әрекетіне сипаттама теңдей берілмейді (мысалы бір жастағы екі бала бірдей спорттық дайындық алады, бірақ арнайы білім оларға әртүрлі әсер береді).

  6. Әртүрлі мінезде ойдың дамуы қалаптасады (ақылдың иілгіштігі немесе оған әрбір қимылды үйренудің әсер етуі, жаңа қимылды үйренудегі шапшаңдық немесе сылбырлылық т.с.с.).

  7. Балалардың әртүрлі дене жұмысын істеудегі қабілеті (мол қарқынмен көлемді жұмыс атқару, ойлану немесе тез ұмытып кету).

  8. Әртүрлі деңгейдегі таным және өз бетінше тәжірибелі өнер белсенділігі (өз бетінше арнайы сабақтарға және дене жаттығуларын жасауға тырысу).

  9. Әртүрлі қалыпта қимылдап, білмегенді білуге, қолынан келмейтін әрекетті істеп үйренуге талпыну.

  10. Сабаққа әртүрлі көзқараста қарау (дұрыс бәрібір, бұрыс).

  11. Әртүрлі деңгейдегі еріктің пайда болуы (жоғары, орта, төмен).



Балалардың дербес өзгешелігін тіркеп іріктеп, оқу-тәрбие ұйымы жұмысы дамуындағы қиындықтармен байланысты. Дербестік үйретуде бұл қиындықтарды жеңу үшін мынадай екі жол бар: типтік даралану және пікірлік дербестік.

Типтік даралануды үйрену балаларды оқыту ұйымының жағдайына қарай кейбір ұқсамайтын сипаттамаларды иелену: бірдей денсаулық және дене дайындығы, жасына және жынысына қарай.

Пікір дербестігін үйрету мынадай мінездемелерді қарайды: өмір сүріп келе жатқан жеке бастың өзіне тән нақтылығын, бірақ оның алуан түрлілігіне байланысты тәжірибе жұмысы барысында мінездің дамуы, жұмыс қабілетінің деңгейі.

Пікір дербестігін дамыту үшін бірдей бағдарламалы жабдықтар оқушыларға әртүрлі әдістемеге үйретіледі де жүктемелер мен демалыс уақыттары әрқилы бөлінеді. Мысалы: жүйке жүйесі мықтырақ оқушылар үшін жарыстыру әдісі қолайлы нәтиже береді, ал жүйке жүйесі нашар оқушылар үшін бұл әдіс тиімсіз. Бір уақытта бір мұғалімнен ғана дәріс алатын оқушыларды санының артуына байланысты пікір дербестігінің дамуы қиындайды. Сондықтан оқытуды оқушылар санына қарай тиянақты ұйымдастыра білу оқытушының шеберлігін көрсетеді.



Көрнекілік қағидасы

Қимыл қозғалысты үйретуді бастамас бұрын, алдымен оны жақсы түсіндіріп, оқушылардың көру, есту, сезу мүшелері арқылы іске асыру қажет. Оқыту кезіндегі пайдаланылатын көлемдік, дыбыстық, көрнекілік, жаттығуларды сипаттау осы көрнекілік қағидасына жатады. Көрнекілік қағидасын іске асыру үшін бірнеше талаптарды орындаған жөн:

  1. Жаттығуларды толық және бөлшектеп орындап көрсету.

  2. Жаттығуларды дұрыс орындауға көмектесетін әдістемелік нұсқауларды, ескертулерді кеңінен қолдану.

  3. Әр жаттығуды орындағанда оның ең негізгі бөлшектеріне оқушылардың назарын аудару.

  4. Әрбір жаттығуды орындағанда тиімді жағын қарастырған жөн. Сонымен бірге кез-келген жаттығудың орындалу барысын ең жақсы көрінетін аймақтан бақылау тиімді нәтиже береді.

  5. Әрбір жаттығуды орындағанда жіберілген олқылықтарды сөзбен түсіндіріп, оқушылардың сабақтарына жауап беру әдісі олардың белсенділігін, қабілеттіліген арттырады.

  6. Жаттығуларды орындағанда жіберілетін қателіктерді дер кезінде көрсетіп, оны қайтадан істеп көрсетуін талап ету.

  7. Көрнекілік қағидасын іске асыру үшін бұларға қоса кинограммаларды, бейнелеуді, сурет пен кесте таблицаларын қолдану тиімді.



Қайталау қағидасы

Оқушының сабақты жақсы меңгеріп, өмірде жоғары деңгейге жетуде қайталау қағидасының орны ерекше. Яғни оқыту жаттығулардың үнемі қайталануы оқушылырдың іскерлігі мен шабытын жетілдіреді.

Қайталау қағидасын жүзеге асыру үшін үш түрлі жағдайда жүргізіледі. Біріншіден, дене тәрбиесі қозғалыстарының әсері тек қайталау арқылы күшейеді. Екіншіден, осы жаттығуларды қимыл-қозғалыстарды орындау барысында шаршау мен қажуды болдырмау үшін бір сәт тынығуды керек етеді. Үшіншіден, орындалу саны мен сапасын арттыруды мақсат тұтып қайталауды жиі қолдану тұрақтылықты жояды. Сондықтан бір мезгіл тынығу аралығын сақтаған жөн.

Қимыл қозғалыстарды үйрету барысында сипатына қарай қайталау екіге бөлінеді:

  1. Жай қайталау, яғни көрсетілген жаттығуды өзгеріссіз орындау.

  2. Түрлендіріп қайталаудың мақсаты дене сапасын арттырып, қимыл-қозғалыстың сипатын өзгертіп отыру.

Жүйелілік қағидасы

Қимыл-қозғалыстарды үйретудегі жүйеліліктің мақсаты-оқушылардың көптеген жаттығулардың берілетін жүктемелеріне дене мүшелері мен денсаулығының дайындығын анықтау. Сондықтан шектен тыс күрделі немесе өте көп күш жұмссалатын жаттығуларды беру қате. Мысалы, сабақ барысында дене бітімі төмен, әлсіз, басы жиі айналатын оқушыларға көппен бірдей ауыр жаттығуларды орындатудың пайдасы шамалы. Жүйелілік қағидасын пайдаланғанда оқушылардың үздіксіз алға басу қабілеті тоқтап қалмауы тиіс. Мұндай жағдайлар орын алар болса, тәртіп нашарлап, оқушылардың ықылас-ынтасы төмендеп, мұғалімнің олардың алдында, ұжымда беделі төмендейді.