Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
ТОП САҒАТЫ
Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» семинар
Дайындаған: 16 IS-IX
тобының топ жетекшісі
А.С.Ихсанова
2018-2019 оқу жылы
«Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» семинар
Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету; зиянды заттар мен әдеттердің (ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, бейнебаян.
Барысы:
«Денсаулық – зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты.
– Оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» аталуы тегін емес «Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз, оқушылар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?
– Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?
– Тамақты уақытында ішу;
– Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;
– Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;
– Сүт тағамдарын мәзірге жиі енгізу керек;
– Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.
Газды сусынның құрамына түрлі консерванттар, бояғыш пен ароматизаторлар – дәм беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар азқазан мен ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Газды сусындағы көп мөлшердегі қант тіс құртының пайда болуына себепкер болады. Жәй тәтті газды сусын құрамында баланың ағзасына қажетті витаминдер не болмаса минералды заттар жоқ.
Энергетикалық сусындар ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді деген тұжырым – дәлелсіз. Сусында ешқандай энергия жоқ, ол тек энергия қоздырушысы. Яғни, біз өз энергия қорымызды пайдаланамыз, қысқаша айтқанда, энергияны өзімізден қарызға ала тұрамыз. Алайда ерте ме, кеш пе бұл қарызды шаршағандық, ұйқысыздық, ашушаңдық түріндегі пайызбен қайтаруға тура келеді.
Ғалымдар қуырылған картоп пен чипсидің құрамынан бірнеше зиянды заттарды тапқанын білесіздер ме және пластмасса мен бояу өндіруде қолданылатын заттар да тапқан. Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді. Газды сусын, чипси, кәмпит жейтін оқушыларда витамин жетіспейді, тамақ құрамында витаминнің жетіспеуі оқушының оқу үлгерімінің төмен болуына, тәртіптің бұзылуына себеп болуы әбден мүмкін дейді ғалымдар.
Ал сүт тағамдарын қазақтың қатты қадірлейтіні жайлы не білеміз?
-. Біздің халық сүт тағамдарына ағарғанды жатқызады, өйткені ақты да қатты қадірлеген. Айталық, «ақты баспа» дейді. Ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат… Осының барлығы ақтың құрамына кіреді. Өйткені ол – сүт.
Адам баласы анасының сүтімен жетілетін болса, малдың төлі де – сол, өзінің енесінің ақ сүтімен жетіледі. Мал да өзінің ұрпағын сүтімен өсіреді. Оның үстіне біздің қазақ төрт түлік малдың қадірін жан – жақты білген, өзінің өміріне тірек еткен.
– Ал, витамин(дәрумен) дегеннің не екенін білесіздер ме?
– Витамин адам ағзасына қажетті зат, vito – өмір, amin – қажетті деген латын сөзінен тұрады. Егер витамин жетіспесе адам ауырып қалуы мүмкін.
– Оқушылар, дұрыс өсіп, жақсы көру үшін және тістерің мықты болсын десеңдер А витамині керек. Ол сәбізде, қызанақта, балық етінде кездеседі.
– Сендер мықты болу үшін, болмашы жағдайға ренжіп көңілсіз жүрмеу үшін В витамині өте қажет. Оны күріштен, бұршақтан, сырмен наннан алуға болады.
Егер суық тимесін десеңдер, үнемі сергек жүру үшін С витамині керек. С витамині қарақатта, итмұрында, лимон мен пиязда, болғар бұрышында, капустада, шиеде көп кездеседі.
Көкөністер мен жеміс-жидек – пайдалы тамақ. Олардың құрамында иммунитетті нығайтатын, күшейтетін, көптеген аурулардың алдын алатын витаминдер бар.
ІІІ. Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
1. Оны күткен адамдар
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар
Байлық осы деседі. (Денсаулық)
2. Сырты жаман, іші жын,
Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)
3. Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді. (Темекі)
Ү. Зиянды әдет – мың бір індет.
– Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулық түбіне жеткен, – деген нақыл тегін айтылмаған. Маскүнем адамдардың қоғамға тигізер пайдасынан зияны асып кетеді. Олар адамдық бейнеден кетеді. Қоғамда белгілі орны жоқ. Тұрмыс жағдай, ой-өрісі төмен жандар. Өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін. Осы зиянды заттар туралы не ойлайсыңдар?
– Спиртті ішімдіктер – адам ағзасын ірітіп-шірітетін заттар
– Ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.
– Бір сөзбен айтқанда, ағзаны улайды, ең соңында ішімдікке салыну өлімге әкеледі.
– Дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар.
Тринг : «Себет»
(оқушылар себетке денсаулыққа зиянды әдеттерді жазып салу керек)
Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік.
ҮІ. Мақал-мәтел айту.
– Дені саудың – жаны сау.
– Ішің ауырса, аузыңды тый.
Көзің ауырса, қолыңды тый.
– Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде.
– -Тісі саудың –іші сау
– Аурудың бәрі жүрекке тиеді
– Ескі ауруды емдеу қиын
– Ас –адамның арқауы
Салауатты өмір сүру,
Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.
Әдеттен жаман жиреніп,
Жақсыны тек үйрену, таза жүру.
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз.
Топ жетекшісі: А.С.Ихсанова