СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Deserts and drinks" оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқу қызметі ағылшын мамандарына қажет. тәттілер мен сусындар туралы айтылған.

Просмотр содержимого документа
«"Deserts and drinks" оқу қызметі»

Білім беру саласы: Коммуникация

ҰОҚ: Ағылшын тілі

Тақырыбы: Desserts and drinks

Мақсаты: балаларға сусындар мен тәтті тағамдарды ағылшын тілінде атауды үйрету, дыбыстарды игеру. Тыңдалым дағдыларын дамытуды жалғастыру, диалогтық сөйлесуді дамыту. Сөздердің айтылуына мән беру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау, АКТ, флипчарт, «Сиқырлы қалам» әдістемелік құралы, ғаламтор.

Көрнекіліктер: жұмыс дәптерлері, «Домино» ойыны, қолдан жасалған тәттілер мен сусындардың көрмесі, суреттер, плакаттар, түрлі-түсті қарындаштар, бейнеролик, “Color Clay”, тәтті жасауға арналған ыдыстар.

Билингвалды компонент: торт-cake, нан-bread, тәтті тоқаш-pie, печенье-biscuits, балмұздақ-ice-cream, шай-tea, кофе-coffee, сүт-milk, су-water, шырын-juice, май-butter.

Интеграция: «Әлеумет», «Таным», «Денсаулық».


Педагог балалармен әуендете амандасады.

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning dear children!

I am glad to see you!


Балалар педагогпен амандасады.

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning dear teacher!

We are glad to see you!


«What is this?» сұрағын қою арқылы балалардан плакатта не тұрғанын сұрайды. Балалар тәттілер мен сусындардың атауларын қазақша атайды. Педагог балаларға тәттілер мен сусындардың ағылшынша атауын үйретеді. «Сиқырлы қалам» әдістемелік құралы арқылы қайталатқызады.

-Бұл не? -What is this?

-Сүттің түсі қандай? –What is the color of milk?

-Қандай шырынды ұнатасыңдар? Неге? -What drinks do you like? Why?


Педагог балаларға пайдалы және зиянды сусындар мен тәтті тағамдар жайлы айтып өтеді.

Педагог: «Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан. Отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгенін қарыма, майға пісірілгенін бауырсақ, жайма деп аталады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Ұнға тұз, су, ашытқы қосып, көтергізіп қойып, нанды пісіреді» - деп, нан туралы бейне арқылы қысқаша мәлімет бере кетеді


Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3/4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90% -ы судан тұрады. Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың екі түрі болады: газдалған және газдалмаған.


Балмұздақ – тоңазытылып жасалған тағам. Балмұздақты сүт, қаймақ, қант, сары май, жеміс-жидек, сондай-ақ, дәмді, хош иісті тамақтық заттар қоспаларынан жасайды. Құрғақ қоспаға карамель сірнесі, қышқылдар, жұмыртқа ұнтағы, бал, хош иісті шәрбат, шырындар және агар, альгинат, желатин, крахмал, пектин сияқты тұрақтандырғыштар қосады. Тиісті қоспалар араластырылғаннан кейін, арнаулы ыдыста 63—70°С температураға дейін қыздырылып, зиянды микробтар жойылады. Қоспа цилиндрлі немесе дискілі сүзгімен сүзіледі. Қоюлығы біркелкі болу үшін қоспа гомогенизатор арқылы 150 — 300 атмосфералық қысымнан өткізіледі. Гомогенизатордан өткен қоспа тоңазытқышта 2—4°С-қа дейін салқындатылады. Дайын балмұздақтың сапасын тексеру үшін 12—18 сағат сақталады да, өлшеніп бөлшектеледі. Бөлшектеу әртүрлі. Мысалы, Алматы сүт комбинатында балмұздақ гильзаға (қаңылтыр ыдыс) салынып, вафлямен қапталады немесе арнаулы қағазбен оралады. Балмұздақ — жұғымды және адам организміне жеңіл, шөл басатын сіңімді тағам. Сүттен дайындалған балмұздақта А, В, Д, Е, ал жеміс-жидектен жасалған балмұздақта С витаминдері мол.


Сүтті пісіріп, бетіндегі қаймағын алып жеп, өзін ішеді, сүттен әртүрлі тағамдар әзірленеді. Сүтті тартып, шикі қаймақ алады. Ешкінің сүтін емге ішеді. Қымыз – биенің сауылған сүті – саумалды ашытып, күбіде пісіп, дайындайды. Өте шипалы, адам жанына күш-қуат беретін сусын. Сүт Сауын малдан, яғни жылқыда—биеден, түйеде— інгеннен, сиырда—сауын сиырдан, қой, ешкіде— саулықтан алынатын сүтті және оның қымыз, шұбат, айран, қатық сияқты өнімдерін бір сөзбен "ақ" деп атайтынын жоғарыда айттық. Сүт және одан жасалатын тағамдардың сапасы да, құнары да, нәрі де өте жоғары болады. 


Дәптермен жұмыс:

Педагог тапсырмаларды қазақ және ағылшын тілдерінде айтады.

№1 тапсырма:

-Тәттілерді қызыл қарындашпен, ал сусындарды көк қарындашпен шеңберге ал. Оларды ата.

-Draw desserts with red pencil, drinks with blue pencil. Call them.


Педагог дұрыс жауабын ұсынады:

Қызыл қарындашпен – cake / торт, bread / нан, pie пирог, biscuits / печенье.

Көк қарындашпен – tea / шай, coffee / кофе, milk / сүт.


№2 тапсырма:

-Сусындарды сол жақтағы арбаға, басқа азық-түліктерді оң жақтағы арбаға сал. Оларды ата.

-Put drinks in left shopping trolley, other food – in right shopping trolley.


Педагог дұрыс жауабын ұсынады:

Сол жақта – water / су, juice / шырын.

Оң жақта – butter / май, cookies / печенье, jam / тосап, ice-cream / балмұздақ.


Сергіту сәті. Бейнекөрініс арқылы.

Can I have some water?

Can I have some water?

I am so thirsty

Oh, it is hot.

Can I have some water?

Can I have some water?

Sure. Here you are.

Oh, thank you.


Can I have some bread?

Can I have some bread?

I am so hungry.

Oh, I am hungry.

Can I have some bread?

Can I have some bread?

Sure. Here you are.

Oh, thank you.


“Color Clay” ойыншығымен балалар әр түрлі тәттілер жасайды. Және жасаған тәттілерін тәрелкеге салып, үстел үстіне апарып орналастырады.


Педагог оқу қызметін қорытындылайды. Флипчартта суреттерді қою арқылы өзінің ұнататын және ұнатпайтын тәтті тағамдарын және суларын айтады.

I like an ice-cream.

I don’t like a bread.


Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: сусындар мен тәттілердің атауларын;

Түсінеді: не ішкен пайдалы, ненің зиян екенін түсінуді;

Қолдана алады: сұрақтар қойып, оларға жауап береді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!