Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
|
Гимназия : Жаңа Ғасыр №175
|
Күні: 15.11.2017 ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Қасенова М.А
|
Сынып:7 М
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақ даласы не себепті «Дешті Қыпшақ» деп аталды?
|
Сабақтың түрі
|
Жаңа білімді игеру сабағы
|
Сабақ мақсаты
|
Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, көрші елдерменқарым-қатынасын талдау, қыпшақтардың қазақ халқының ата-тегі екендігін дәлелдеу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.3.1.3 X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы
саяси үдерістерді түсіндіру;
7.3.2.4 қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау
7.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
|
Бағалау критерийлері
|
Білу және түсіну дағдысы:Жаңа ұғымдардың кемінде 4-уінің мағыналарын біледі;
Қолдану дағдысы:Қыпшақ мемлекетіне қатысты ақпараттың кемінде 3-уін картадан көрсетеді;
Сыни ойлау мен талдау дағдысы:Қыпшақтардың қоғамдық-саяси жағдайының , шаруашылығының мен тұрмысының 3 ерекшелігін анықтайды;
Зерттеу дағдысы- Қыпшақтардың Шығыс Еуропа, Кіші Азия, Кавказ, Орта Азия елдерімен қарым-қатынасы туралы мәліметті мәтіннен алып, қыпшақтардың әскери және дипломатиялық өнері жоғары болғанын талдайды;
Рефлексия- Қыпшақтардың қазақ халқының ата -тегі екендігіне қазіргі замандағыжер аумағы, рулар, археологиялық және жазба деректер негізінде
дәлел келтіреді
|
Тілдік мақсаттар
|
Қыпшақ мемлекетінің саяси жағдайы, оның этникалық құрылымы, әскери жетістіктері мен шаруашылығы туралы бейнематериалды көреді , оқиды, әңгімелейді, жазады (оқылым, тыңдалым, жазылым дағдылары)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Қыпшақтар даласы, половшылар, консолидация, дурут, йетиоба, тоқсоба, бөрілер
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
Қыпшақ хандығының этникалық құрылымы.... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қыпшақ хандығының әкімшілік құрылымы.... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қыпшақтардың шаруашылығы мен кәсібі... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Дешті Қыпшақтың Киев Русі/Хорезм/ Византия мемлекеттерімен қандай-қарым қатынасы... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытындысында...... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Біздің тобымыздың ойынша...
Қыпшақтардың басты жетістіктері ...
Бірқатар факторлар ... ... ... ... ... ... қазақ халқының қалыптасуын баяулатты.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Қыпшақтардың елін, жерін қорғауы, әскери өнерін білуі арқылы патриотизм, өз елі үшін мақтаныш, құрмет құндылықтарын бойына дарыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта мен презентацияжаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады
|
Бастапқы білім
|
Найман, керейіт,жалайырлар сәйкестендіру тапсырмасы . оқушылардың шығармашылығы
|
Сабақ барысы
|
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
|
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Білу , түсіну
12-мин
|
Ұйымдастыру сәті.
Сыныпты топқа бөлу. Топ жетекшісін бекіту .
Бағалау парағын беру .
1.Найман
2.Керей
3. Жалайыр
1.Алдыңғы білімді тексеру(Үй тапсырмасы )
Сәйкестендіру тапсырмасы (3-нұсқа 2 балл)
2. Жеке оқушылар шығармашылығы (презентация әр топтан 2 мин)
3.(Б) Ой шақыру.«Бұрын...бұрын,... қазір... кейін»
Оқушыларға орта ғасырлық Қазақстанның саяси картасындағы мемлекеттерді көрсетіп сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу.
-ХІІІғ дейін Алтай тауынан Қара теңізге дейінгі жерлерді қамтыған мемлекет қалай аталды? (ХІІІғ-дан бұрын бұл мемлекет Дешті-Қыпшақ деп аталды)
- ХІ ғасырға дейін Қазақстан территориясында қандай мемлекеттер болды? (Оғыз, Қимақ, одан бұрын Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары өмір сүрді)
-- Қазір біз оқып жатырған кезең- ХІғ-да Қазақстан территориясының көп бөлігін қандай мемлекет алып жатқан? ( «Шығыс Дешті Қыпшақ»)
-Кейін ХІІІ ғасырда әлемнің 4\1 бөлігін кім жаулап алды
(Моңғол империясы ) 2 балл
Оқушылар қазақ халқы - қыпшақтардың ұрпағы екенін болжау арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.
Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
|
Слайдтар
Қазақстан тарихы (көне
заманнан бүгінге дейін). Бес
томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны тану кезеңі
Білу 6 мин
Түсіну
5-мин
Қолдану
8-мин
|
№1 : Мәтінмен жұмыс
1-топ
Қыпшақтардың этникалық құрылымы;
2-топ
Қыпшақтардың қоғамдық-саяси жағдайы;
3-топ
Қыпшақтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Әр топтан 1-2 оқушы түсіндіреді .
Қалған оқушылар негізгі мәліметтерді жазып ,есте сақтайды .
Дескрипторы: Қыпшақтардың этникалық құрылымын, қоғамдық-саяси жағдайын, шаруашылығы мен тұрмысын талдайды, 1-ерекшелікті анықтайды
-№2 «Жұбыңды тап»
Жаңа ұғымдармен жұмыс
Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын «Жұбын тап » ойыны арқылы тауып, түсіндіреді ..
Дешті Қыпшақ – Қыпшақтар даласы;
Яланкуг – құл;
Половшылар – далалықтар;
Командор – Еуропада аталуы
Йетиоба –жеті тайпа;
Тоқсоба – тоғыз тайпалы;
Бөрілер – ең беделді тайпа;
Дескрипторлары:
/Жаңа ұғымдар жазылған карточканы оқушылар мағынасына қарай сәйкестендіру арқылы жұптарын табады/
Зерттеу сұрақтары:
1-топ :Қыпшақтардың осындай ұлан-байтақ жерге ие болуының себептері қандай? ( Қимақтар, Оғыздар,Кавказ, Қырым т.б жаулап алуы )
2-топ:Қыпшақ тайпаларының этникалық ерекшеліктері, шаруашылығы туралы қандай тарихи деректер ақпарат береді?(Еврей саяхатшысы Петахья, Плано Карпини,Рубрук , Ибн Баттута т.б)
3-топ:Қыпшақтар қандай елдермен саяси қарым-қатынаста болды, ол жерлерде қыпшақ қалай аталды ? (Орыс-половшылар Шығыс Еуропа –командар, Мысыр,Венгер)
«Қолдану» дағдысына негізделген
тапсырма-№2.Картамен жұмыс.
.1-топ : Дешті Қыпшақ аумағы, оған көршілес мемлекеттерді табу (Қарақытай мемлекеті, Хорезмшах мемлекеті, Византия империясы, Киев Русі, Венгрия);
2-топ: Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын табу (Қара теңізден Еділге дейін, Еділден Алтайға дейін);
3-топ Сол және оң қанат орталықтарын (Сол қанат-Сығанақ, оң қанат –Орда Сарайшық )
Дескрипторлары:
Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтап, көрші елдермен қарым-қатынасын талдайды.
|
Слайдтар
Оқулықпен мәтінмен жұмыс
Таратпа материал
(карточкалар)
Қосымша-1
Оқулықпен жұмыс
Слайд-3
Таратпа материал
|
Сабақтың соңы
Қорытындылау кезеңі
7-мин
|
Бекіту тапсырмасы «Бейнематериалмен жұмыс»
«Сұлтан Бейбарыс» көркем фильмінен үзінді көрсетіледі.Бейнематериалды көріп сұрақтарға жауап беру.
|
Слайдтар
|
Үйге тапсырма
|
14 –оқу Жаңа игерілген білімді қайталау, дамыту
«Дешті Қыпшақ жері - менің атамекенім» тақырыбына 50 сөзден тұратын ой-толғау жазу.
Дескрипторы:
Қыпшақтардың қазақ халқының ата тегі екендігіне қазіргі замандағы жер аумағы, рулар, археологиялық және жазба деректер негізінде дәлел келтіру. Ұлы Дала, елбөрілі, әскери өнер, көшпелілер, мұрагер кілт сөздерін қолданып, фактілер арқылы дәлелдер беру
|
|
Бағалау
1мин
|
Оқушының өзін –өзі бағалауы
Мұғалімнің бағалауы
|
Оқушының аты-жөні
|
Ү.т
2 +2
балл
|
Жұбын табу
1 б
|
Зерттеу
Жұм
2 балл
|
Карта
мен ж
2 балл
|
Тұжырым
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
Жинақтаған бағасы
|
|
|
|
1-мин
|
Рефлексия
Оқушылар кері байланыс парағына өздерінің білімдері қандай дәрежеде игерілгенін көрсетеді. Мысалы, «Мен барлығын түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды толық, түгел орындадым десе, «Мен орташа түсіндім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда кішкене қиналдым, ал «Ешнәрсе түсінбедім» деген тұста оқушылар тапсырмаларды орындауда қатты қиналдым деп жауап беруі мүмкін.
Үлгі:
-Мен барлығын түсіндім, тапсырмаларды .........орындадым
-Мен орташа түсіндім,тапсырмаларды орындауда......... қиналдым
-Ешнәрсе түсінбедім,тапсырмаларды орындауда ... қатты қиналдым
|
Стикерлер
|