СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Диагностикалық құралдар (бағалау парақтары, салыстырмалы талдау) қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістік дамытушы ортасыныңң сапасын бағалау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі таңда жан - жақты жетілген, білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан - жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу - біздің басты мақсатымыз. 

Просмотр содержимого документа
«Диагностикалық құралдар (бағалау парақтары, салыстырмалы талдау) қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістік дамытушы ортасыныңң сапасын бағалау»

Серикбаева Гулмира Бекешовна

№4 «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы



Диагностикалық құралдар (бағалау парақтары, салыстырмалы талдау) қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістік дамытушы ортасыныңң сапасын бағалау


Қазіргі таңда жан - жақты жетілген, білімді азамат дайындау – қоғам алдындағы үлкен міндет. Бала - болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілетін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс - тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік берді. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізіп, оны тиімді пайдаланып, балаларға сапалы білім беру, жан - жақты дамыған бүлдіршіндерді тәрбиелеу - біздің басты мақсатымыз. 

Қазіргі заман философтары «орта» деген сөздің мағынасын жеке мінез құлық пен қоршаған ортаның тығыз байланысының системасы деген тұрғыда қалыптастыруда. Дамытушы, тәрбиелеуші ортада сәби жеке тұлға ретінде қалыптасады және бұл қалыптасу социумның модулі болып табылады.

Дамытушы орта кеңістіктерінің мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейіне әсер беру мақсаттары:

  • Балаларды дамытушы орта арқылы өмірдің қыр - сырын таныту және біліктілігін жан - жақты дамыту;

  • Тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыру барысында күнделікті өмірдегі дағдыларының құзыреттілігін байыту, жетілдіру;

  • Дербес қимыл әрекеттерін қолдау, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің қалыптасуына жан дүниесінің тазалығына, ұқыптылығына тәрбиелеу;

  • Тәрбие жұмысының тақырыптары бойынша білім - білік дағдыларын түсіндіру;

  • Баланың меңгерген білімін бақылау, бағалау

  • Үйренгендерін күнделікті өмірде қолдануы;


Заттық – дамытушылық орта балалардың жасы мен даму деңгейіне және олардың әрекетіне тікелей тәуелділіктен табылады. Топтағы дамытушылық ортаның мақсаты ақпараттандырылуы, сол немесе басқа үдерістің бейнесін жасайды, қоршаған орта мен баланың арасындағы үйлесімді қарым - қатынасты қамтамасыз етеді. Заттық – дамытушылық ортаның барлық компоненттері мазмұы, көлемі, көркемдік шешімі бойынша өзара байланысты. Балабақшаның әртүрлі жас топтарындағы заттық - дамытушылық ортаны ұйымдастыра отырып педагогтар балалардың ойын әрекетін дамытудың кезеңдік ерекшелігін, тәрбиенің жеке тұлғалық – бағытталған моделі қағидасын есте ұстаулары керек.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық – дамытушылық орта белгілі талаптарға жауап береді: бұл бәрінен бұрын баламен тақырыпқа, ойын желісіне, сол немесе басқа ойыншықтарға, ойынның орны мен мерзіміне еркін жету. Балабақша топтарында заттық – дамытушылық ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы және жоғары шығармашылық әрекет қажет.


Заттық – дамытушы ортаны құру кезінде келесідей қағидаттарды басшылыққа алу қажет:

  • Ортаның жартылай функционалдығы: заттық - дамытушы орта көптеген мүмкіндіктерді ашып, тәрбиелеу - білім беру үдерісінің барлық құраушыларын қамтамасыз етуі тиіс, осы мағынада көпфункционалды болуы тиіс;

  • Ортаның жартылай функционалдығымен байланысты оның түрленуі бұл жағдай бойынша бірінші орынға кеңістіктің қандай да бір функциясын шығаруға мүмкіндік беретін өзгеру мүмкіндігі;

  • Кеңістікті икемді және вариативті қолдану қажет. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналуы тиіс.

  • Топтың заттық – дамытушы ортасы балалардың жас ерекшеліктерін, оқу кезеңі мен білім беру бағдарламасына байланысты ауысуы тиіс.

Балалардың өз бетімен іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін төмендегілердің болуын қарастыратын дамытушы - заттық ортаны құру қажет.


Заттық-дамытушы орта мынадай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:

  • баланың психикалық даму деңгейіне сəйкестігі;

  • жүйелілігі;

  • көп функциялылығы;

  • баланың шамасына сай болуы;

  • трансформациялануы;

  • мазмұны бойынша жəне функционалдық міндеттері бойынша вариативтілігі.

Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап — оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай-ақ учаскені заттық кеңістікте ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал-жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс.

Баланың ортасын дұрыс ұйымдастыру тəрбиелеу мен оқыту үдерісін даралауға мүмкіншілік береді.


Заттық-дамытушы орта келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық жəне икемді болуы;

  • тартымды, ақпаратқа бай, қызметі алуан түрлі;

  • құралдар кіріктірілген сабақтың мазмұнына сəйкес жəне жан-жақты;

  • ересектер мен балалардың бірігіп əрекеттесуіне лайықты ұйымдастырылуы қажет.

Баланы жан-жақты тəрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой- өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі айналадағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Заттық орта жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамшыларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілетін жетілдіру басты роль атқарады. Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тəрбиеші əр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді. Айналадағы қоғамдық өмір өлі, тірі табиғат құбылысын бақылатқанда да əр объектіні сөзбен атап, түсіндіріп, баланы заттық ортаға сөзбен қызықтырып, қабілетін дамыту көзделеді.

Дамытушы орта бала тəрбиелеуде ең маңызды факторлардың бірі болып табылады, сондықтан да дамытушы ортаны жабдықтаған да оны өзгертуге жəне толықтыруға болатындай етіп жабдықтаған дұрыс. Өйткені бала жылдам өседі, сондықтан да, ертеңіне ол орта баланың дамуына əсер бермейді, ал кейін оның дамуына кедергі келтіреді. 2 айдан соң дамытушы ортаны өзгертуді жəне толықтыруды қажет етеді, бұл практикада дəлелденді. Кішкентай сəбилер ірі ойын жабдықтарын ұнатады, сонымен қатар ол жабдықтар көзге тартымды, ашық түсті болғаны дұрыс. Топтағы дамытушы орта балаға сан- түрлі іс-əрекет кездерінде сараптауға, ойлауға септігін тигізуші болып табылады. Балалардың саусақ моторикасын дамыту үшін арнайы ойыншықтарды пайдаланған жөн.

Дамытушы ортаны жобалағанда баланың жеке тұлғасына да аса көңіл бөлген жөн.

  1. Баланың жеке тұлға ретіндегі іс-əрекетімен байланыстыру керек. Осы мақсатта топтарда сəбилердің жас ерекшеліктеріне сəйкес, əр түрлі белсенді іс-əрекеттерді атқаруға бірнеше орталықтар жасақталады:

  • қимыл-қозғалыс орталығы;

  • ойын əлемі;

  • бейнелеу-шығармашылық орталығы;

  • конструктивтік орталық.

  1. Топта балалардың тынығып демалуына «тыныштық əлемі», немесе «оңашалану орталығын», ұйымдастыруға болады.

  2. Мүмкіндігінше «жеке бұйымдар» орталығын ұйымдастыруға болады, яғни əр бала өзінің жеке затын сақтау үшін арнайы жер дайындау.

 Дамыту ортасын ұйымдастырып жасақтауда бала дамуындағы маңызды ролі басшылыққа ала отырылып ұйымдастырылады жəне онда бала өзін еркін сезіне алуына, денсаулығына нұқсан келтірілмеуіне, дүниетанымын кеңейтуге қолайлы жағдай туғызуға аса көп мəн беріледі. Ұйымдастырылған дамытушы орта ыңғайлы болуы керек жəне баланың айнала қоршаған əлеммен байланысын айқындатуына септігін тигізу керек .

Педагогтардың жасақтаған дамытушы орта модельдері педагогикалық ұжымның көп жылғы іс- тəжірибелері мен шығармашылық ізденістерінің нəтижесі болып табылады.

Мектепалды даярлықта балаларды ұлттық тəрбиеге баулуды дамытушы орта арқылы қалыптастыру тақырыбында біз дамытушы ортаны дұрыс қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі жастағы балаларды ұлттық тəрбиеге баулудың ерекшеліктерін зерттедік. Балалық шақта берілген білім бүкіл өмір бойына қалады жəне белгілі бір көзқарас қалыптасады. Тəрбиеші келешек Отанының патриот азаматын тəрбиелейтін болғандықтан, оған өз ұлтының салт-дəстүрлерін, ұлттық аспаптарын, халық ауыз əдебиетін, ою өрнек, нақыштарын, ұлттық кəсіпкерліктің қыр-сырлары жайлы біліммен таныстырады. Кез келген тəрбие бастауы баланың тілін дамытумен тікелей байланысты. Демек, халық ауыз əдебиетінің бұл жерде алар орны ерекше. Ол үшін балабақша топтарында дидактикалық материалдар орталығы, кітаптар бұрышы ұйымдастырылады. Бала бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін түрлі макеттерді, құралдарды, заманауи технологияларды пайдалануға болады.

Мектепке дейінгі мекемелердегі заттық ортаны ұйымдастыру əр тəрбиешінің шеберлігіне байланысты. Егер заттық ортаны қозғалмалы етіп ұйымдастырса, баланың қалауын есепке ала отырып, оның орнын ауыстырып отыруға болады. Ұлттық би элементтерін не əн, күйлерін таныстыру жұмыстарын арнайы əн-күй залында өткізер болса, онда құрал-жабдықтарды көшіру тиімді болмақ. Заттық-дамытушы ортаның тағы бір ерекшелігі — оның сан алуандығы. Кіші сəбилер тобынан бастап ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта ересек топқа дейін толықтырылып отырады. Тəрбиеші міндетті түрде сол топтағы тəрбиеленуші балалардың жас ерекшеліктерімен қатар, психологиялық ерекшеліктерін, танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын есепке алып отыру қажет. Себебі əр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сəйкес сан түрлі шығармашылық істерге бейім болады. Тəрбиеші-педагог заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыруда міндетті талаптарға сүйеніп жұмыс жасауы қажет.

Балабақшаның əр түрлі жас топтарындағы заттық-дамытушылық ортаны ұйымдастыра отырып, педагогтар балалардың ойын əрекетін дамытудың кезеңдік ерекшелігін, тəрбиенің жеке тұлғалық- бағытталған моделі қағидасын есте ұстаулары керек. Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық- дамытушылық орта белгілі талаптарға жауап береді: бұл, бəрінен бұрын, баламен тақырыпқа, ойын желісіне, сол немесе басқа ойыншықтарға, ойынның орны мен мерзіміне еркін жету. Сонымен бірге балалар белгілі оқыту бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мектепке дейінгі ұйымда болатын сол жағдайды жəне мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескермеуге болмайды. Бұл мектепке дейінгі ұйымда балалармен ойнау құқығын жүзеге асыру үшін жағдайлар құрып, пайдалы ойындардың əр түрлі түрлерін ұйымдастыру үшін оны əмбебап заттық ойындық ортамен жабдықтап, ойын үшін қажетті барынша ыңғайлы күн тəртібіндегі уақыт емес, сонымен бірге ыңғайлы орын бөлу.

Мектепке дейінгі ұйымдардың топтарында заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру кезінде күрделі, көп жоспарлы жəне жоғары шығармашылық əрекет қажет. Себебі ойыншықтардың алуан түрлі болуы баланың дамуына негізгі жағдай болып табылмайды. Сондықтан тəрбиешілер топты дұрыс стандартты емес жабдықтай білуі керек.