Просмотр содержимого документа
««Дидактикалық ойындар мен жаттығуылар арқылы кіші жас балалаларына сенсорлық тәрбие беру»»
«Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы»
2 – кіші «Көгершін» тобы
Тәрбиеші: Капышева Ж.В.
Аманқарағай
2016 жыл
Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы 15.07.2016 ж.
«Күн мен бұлт»
2 кіші «Көгершін» тобына арналған іс-шара
Міндеттер:
Балалар бойындағы секіру, кедергіден өту, жүгіру дағдыларын бекіту
Балаларды таза ауада шынықтыру
Балалар бойында спорттық ойындарға, жаттығуларға , тапсырмаларға оң көзқарас қалыптастыра отырып, оларды орындау барысында ережелер мен шарттарды дұрыс орындауға баулу.
Ойын-сауықтың барысы:
Шарлармен, ленталармен, жалаулармен безендірілген спорт алаңы қонақтарды қарсы алады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығып, Күн мен Бұлтқа қонаққа барамыз. Ол үшін жолға шығайық, өз ойын алаңымызға барайық.
Топ-топ-топ басайық,
Алаңға барайық
Ойын ойнап шынығып
Серігіп қайтайық.
Балалар тәрбиешінің соңынан ойын алаңына барады ол жерде оларды күннің көзі мен бұлт қарсы алады
Тәрбиеші: Күннің көзі мен Бұлт әр түрлі тапсырмалар дайындап қойыпты.соларды орындап көрейік.
Тапсырма:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы - деп «Кім бірінші» ойынын бастаймыз.
Ойын шарты: жалаушаны алып, жүгіріп межені айналып келу.
Тапсырма: Жүгір, жүгір желмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып.
Нұрға аман,
Болып қыран.
Өс ұлан - деп « Кім жылдам» сайысына кезек берелік.
Ойын шарты: кім жылдам доптарды жинап алады.
Тапсырма:
Спорт - біздің досымыз,
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт - біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған - дей отыра «Пингвиндер» ойынын ойнайық.
Ойын шарты: допты екі тізесімен ұстап жүру.
Тапсырма:
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық екен оныңда,
Жету үшін мәреге - деп келесі сайысымыз «Кім епті» ойыны.
Ойын шарты: кедергілер арасымен ирелеңдеп өтіп, пирамиданы құрастыру.
Тапсырма:
Келесі сайысымыз «Күн мен жаңбыр» ойыны.
Ойын шарты: музыка ойнап, балалар шеңбер бойымен жүгіріп жүреді. Музыка тоқтағанда тәрбиеші қолшатырды ашады, балалар жылдам сол шатырдың астына жиналады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Барлық тапсырманы орындап шықтыңдар!