СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?дебиеттік о?у 2 сынып Саба? та?ырыбы: М.?уезов «?білманс?р»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?дебиеттік о?у

2 сынып

Саба? та?ырыбы: М.?уезов «?білманс?р»

Жалпы ма?саты: «?білманс?р» м?тінін т?сініп о?уы;

??гімені? мазм?нымен танысу, ??гімеге ?зіндік талдау жасау. Топты? ж?мыстар ар?ылы досты? ?арым-?атынастарын дамыту.

О?ыту н?тижесі: ??гімеге ?зіндік талдау жасау ар?ылы  жа?а материалды ме?гереді. М?тін туралы білімдері жетіле т?седі. Топты? ж?мыс ар?ылы бірін-бірі о?ыту?а, бірін-бірін ба?алау?а ?йренді.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у 2 сынып Саба? та?ырыбы: М.?уезов «?білманс?р»»

Оралбекова Ардак Турсынкызы

Бастауыш сынып мұғалімі
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі



Әдебиеттік оқу

2 сынып


Сабақ тақырыбы

М.Әуезов «Әбілмансұр»

Жалпы мақсаты

«Әбілмансұр» мәтінін түсініп оқуы;

Әңгіменің мазмұнымен танысу, әңгімеге өзіндік талдау жасау. Топтық жұмыстар арқылы достық қарым-қатынастарын дамыту.

Оқыту нәтижесі

Әңгімеге өзіндік талдау жасау арқылы жаңа материалды меңгереді. Мәтін туралы білімдері жетіле түседі. Топтық жұмыс арқылы бірін-бірі оқытуға, бірін-бірін бағалауға үйренді.

Жабдықтар

Флипчарт, бағалау парағы, стикер, смайликтер, слайдтар

Сілтеме

Әдебиеттік оқу оқулығы 2 сынып. С.Рахметова, П.Жаманқұл, Б.Қабатаева

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі-2мин

Оқушылармен амандасу. Қазақ батырларының суреттері арқылы топқа бөліну, топ мүшелері өздерін таныстырады. Топ басшыларына бағалау парағын таратады.

Топқа бөлінген соң, әр топ өз басшыларын сайлайды.

Ой қозғау-

7мин








Мағынаны тану-25 мин




Стр: «Бағыттап оқыту»


«Білу»















Бүгін біз сендермен Мұхтар Әуезов аталарыңның «Әбілмансұр» мәтінімен танысатын боламыз. Мұхтар Әуезов туралы презентация көрсетіледі.

  • Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

  • Батырлар туралы не білеміз?

  • Батырлар туралы әңгіме құрап көріңдер. Жұптарыңмен бөлісіп, ортақ әңгіме құрап айтыңдар.

Қазір «Әбілмансұр» мәтінін оқып танысамыз. Әңгімені бірнеше үзіліспен оқимыз. Сосын оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз. Сонымен бірінші үзіндіні оқимыз.

Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен. Абылай Төле бидің қолында малшы болыпты. Абылай басына үлкен сеңсең тымақ киіп, түйе жаяды. Үсті-басы алба-жұлба, қалай болса солай жүреді екен. Сонда Төле би мұның аты Сабалақ болсын депті.

Бір күні Төле би ауылдан келе жатса, Сабалақ қол-аяғын жан-жаққа жазып, шалқасынан ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына айтыпты: Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, мұны білдіңдер ме?»-депті.

  • Жолдастары Төле бидің сұрағына не деп жауап берді деп ойлайсыңдар?

Төле би: «Бұл түбі ел билейді екен»,-депті. Содан Төле кешке келгеннен кейін Сабалақты түйе бағудан босатып, жылқы бақтырыпты.

Сол уақытта қазақ, қалмақ соғысуға жиналыпты. «Менде осы соғысқа барсам екен»,-деп Төле биден Сабалақ рұқсат сұрапты. Төле би: «Балам, қой бір жерде өліп қаларсың»,-деп рұқсат бермепті.

  • Абылай ары қарай не істеді деп ойлайсыңдар?

Абылай: «Ата, барам!» - деп болмапты. «Жарайды, балам, барсаң бар»,-деп батасын беріпті. Сабалақты бір бәйге атқа мінгізіп, қазақтың көп қолына қосып қоя беріпті.

Қазақ қалмақ екеуі беттесіп соғысқа келіпті. Қазақтың батыры Қанжығалы Бөгенбай жасы 80-ге келген екен. Қалмақтың жекпе-жекке бір қасқа атты батыры шығыпты. Қазақтан оған қарсы ешкім шықпапты.

  • Содан кейін не болды деп ойлайсыңдар?

Содан кейін Бөгенбай мынаған ешкім бармадыңдар ма деп, белсеніп майданға өзі шығуға айналады. Бір кезде Сабалақ тұра шауып, Бөгеңе жетіп келіпті. «Мен барайын, ата»,-депті. Бөгең бетіне қарап тұрып: «Барсаң бар, балам»,-деп батасын беріп, астындағы аты мен қолындағы найзасын беріпті. Сонда Сабалақ «Абылай! Абылай!»деп ұран шақырып, жауға қарсы шауыпты. Екеуі де найзаны тіке салысыпты. Найзамен екеуі бірін-бірі ала алмай, ат үстінен жағаласып қанжарласыпты. Сол жерде Абылай қалмақтың батырын жағасынан ұстап, бастан қанжармен бір салыпты. Абылайлап ұран салып, жауға кіріп кетіпті.

  • Мұны көрген қалмақтар не істеді деп ойлайсыңдар?

Қалмақтар мұны көрген соң қаша жөнеледі. Қашқан қалмақтарды қазақтар «жау қашты» деп қиратып салыпты.

  • Сабалақ бала неліктен Абылай атанды деп ойлайсыңдар?

Абылайдың өз аты Әбілмансұр еді, жауға «Абылайлап» ұран шақырғаннан Абылай атанып кетіпті...

Мұхтар Әуезов туралы мағлұматпен танысады.

Батырлар туралы постер жасайды. Ресурс таратылады.

Жұпта талқылайды, ортақ әңгіме айтады.












Оқушылар өз ойларын айтады.










Оқушылар өз ойларын айтады.











Оқушылар өз ойларын айтады.























Оқушылар өз ойларын айтады.




Оқушылар өз ойларын айтады.

3-тапсырма

Түсіну

СТР:

«Ортадағы қалам»











4-тапсырма




















Қолдану

4-тапсырма

Талдау:

5-тапсырма





Жинақтау

Ой-толғаныс кезеңі-6 мин

6-тапсырма

Стр: «Алты неліктен?»






























Үйге тапсырма:

Мәтін кейіпкерлерін ата.

Әңгіменің басқы бөлігін қайталап оқып, Әбілмансұр жайлы пікірлеріңді айтыңдар.

  • Әбілмансұр не себепті Сабалақ атаныпты?

  • Сабалақ ұйықтағанда қалай жатады екен?

  • Сабалақ неліктен соғысқа барғысы келді?

  • Қалмақтың батырына ешкім қарсы шықпаған соң Бөгенбай батыр не істемек болады?

  • Қалмақтың батырымен кім шайқасты?

  • Әбілмансұр неліктен Абылай атанды?


І топ:Стр: Аралас оқиғалар.

Мәтін бөліктерін ретімен қойып жаз.

  • Сабалақтың жекпе-жекке шығуы.

  • Әбілмансұрдың Сабалақ атануы.

  • Сабалақтың ұран салуы.

  • Сабалақтың ұйқы кезіндегі жатысы.

  • Қалмақтарды қазақтардың қиратып салуы.

  • Сабалақтың соғысқа аттануы.






ІІ топ: Әңгімеден Сабалақтың ұйқысы жайлы жазылған тұсты тауып оқы.


ІІІ топ: Сабалақтың қалмақпен жекпе-жек шайқасы туралы жазылған тұсты тауып оқы.


Оқыған мәтінді жоспар бойынша әңгімелеу.

І топ: Әңгіменің басталуы.

ІІ топ: Әңгіменің дамуы.

ІІІ топ: Әнгіменің шиеленісуі.

І топ: Әңгіменің шарықтау шегі.

ІІ топ: Әңгіменің соңы.

ІІІ топ: Әнгімеден нені үйренуге болады?


  • Мәтіннің негізгі ойы неде?



  • Неліктен Төле би Әбілмансұрды Сабалақ болсын деді?

  • Неліктен Сабалақты түйе бағудан босатып, жылқы бақтырды?

  • Неліктен қазақтар мен қалмақтар соғысты?

  • Неліктен Сабалақ соғысқа бару үшін Төле биден рұқсат сұрады?

  • Неліктен Бөгенбай батыр қалмақпен жекпе-жекке өзі шықпақшы болды?

  • Неліктен Әбілмансұр «Абылай» деп ұран салды?


Топ басшыларына бағалатады.



Кері байланыс:

  1. Мен сабақты қызықты /қызықсыз/ болды деп ойлаймын...........................

  2. Мен ойымды ашық білдірдім/білдіре алмадым/...................................................

  3. Мен өзгелерді мұқият тыңдай алдым /тыңдай алмадым/....................................

  4. Мен сабаққа белсене қатыстым/ қатыса алмадым/.................................................



«Батырлық, ерлік» туралы мақал-мәтел жаттап келу.



Қалам иелері сұраққа жауап береді.












Әбілмансұрдың Сабалақ атануы.

Сабалақтың ұйқы кезіндегі жатысы.

Сабалақтың соғысқа аттануы.

Сабалақтың жекпе-жекке шығуы.

Сабалақтың ұран салуы.

Қалмақтарды қазақтардың қиратып салуы.



Мәтіннен тауып оқиды.






Топтар кезекпен жалғастырып әңгімелейді, сұраққа жауап береді.








Оқушылар сұраққа жауап береді.









Топ басшылары топтағы оқушылардың әрқайсысының бағасын айтады.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!