СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?дебиеттік о?у Ашы? саба?ты? та?ырыбы: "Жеті ата" 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

?дебиеттік о?удан "Жеті ата" та?ыбыры бойынша берілген ашы? саба?. Б?л саба? Кембридж ба?дарламасы ьойынша ??растырыл?ан.

Просмотр содержимого документа
«?дебиеттік о?у Ашы? саба?ты? та?ырыбы: "Жеті ата" 4 сынып»

Сабақ: Киелі жеті саны

Мектеп: №42 «Ақ ниет» гимназиясы

Күні: 19.10.2015

Мұғалімнің есімі: Уразаева Клара Еркиновна

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Өлең мазмұнын түсіну, мәнерлеп оқуға дағдылану, қасиетті сандарды біліп, мағынасын ашуға баулу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

* Өлең мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

* Мәнерлеп оқи алады.

Кейбір оқушылар:

* Сандардың мағынасын аша алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар :

  • Сөздік қоры молаяды, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Киелі сандар, негізгі байлық, екінші, үшінші,

Сыныптағы диалог айтылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Киелі сандар, постер қорғау,

Әке, ата, баба, түп ата, тек ата.

Алдыңғы оқу

«Ақиық сұңқар» «Даланың дара ділмарлары» жинағынан

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


Психологиялық тренинг Музыка

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім. Оңға, соға бұрылып,

Егеменді ел көрдім

Бүгінгі сабақ Табыс критерий бойынша бағаланады:

16-18 балл «5»

12-15 балл «4»

8-11 балл «3»

Топ басшыларына бағалау парақтарын ұсыным.

Білу: Сұрақты ұстап ал әдісімен үй жұмысын сұрау. (5 мин)

-Мәтіндегі оқиға неден басталады?

-Оқиғаның шиеленісуіне не себеп болды?

-Абылай хан кімге және қандай бұйрық берді?

-Мәтінде өзіңе үлгі болатын кейіпкерді ата. (Оқушылардың жауабы)



Ортасы

-Қазақ тілінде- әріптер мен дыбыстар, математикада-қандай таңбаларды қолданамыз?

-Сандар мен цифрлар.

-Дұрыс

-Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.
Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Қазір осы сандардың сырына үңіліп қарайық: (топтық жұмыс, постер қорғау) Ресурстар бойынша жұмыстанамыз:

Тапсырма: «Сандар сөйлейді»

І топ-3 саны ІІ топ - 4 саны ІІІ топ- 5 саны ІV топ- 6 саны V топ- 7 саны

Алдарыңдағы ресурстарды пайдалану арқылы постер дайындаймыз. Ең маңыздысын жазу. Мақсаты: Әр санның мағынасын ашу, соны дәлелдеу.

Қорғау.

-Диляраның дайындап, алып келген

қосымша мәліметі туралы.

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Киелі жеті саны» , дәптерімізге жазамыз: Киелі жеті саны

Мәнерлеп оқу (бір оқушыға оқытам);

Талдау жұмысы: -Сенің ойыңша байлық деген не? -Өте бай адам дегенді қалай түсінесіңдер? Сен үшін ең «қымбат» байлық не? Топтық, өздік жұмыс: І топ-денсаулық Тапсырма: Неге халық денсаулықты бірінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің?

ІІ топ – еркіндік Тапсырма: Неге халық еркіндікті екінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің?

ІІІ топ- тіл байлық Тапсырма: Неге халық тіл байлықты үшінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің?

ІV топ-қайрат-күш Тапсырма: Неге халық қайрат-күшті төртінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің?

V топ- ақ жаулық. Тапсырма: Неге халық ақ жаулықты бесінші байлық деп алған? Дәлелде. Тағы да осы қатарға қандай байлық қосар едің? Сенің ата-анаң.

Жеті ата –мәнерлеп оқу

Өздік оқу Мәнерлеп оқу -кезекпен оқу

Талдау: -Кімнен ұрпақ басталар? (сенен -бала) -Әкең кімнің жалғасы? Әке, ата -Төртінші ата кім болады? Ұлы ата -Ал, бесінші кім болады? баба -Алтыншы ата- қай атаң? Түп ата Жетінші атаны қалай атайды? Тек ата

Деңгейлік тапсырмалар:

І.Жеті ата кім: а)Жеті ата –үйге келген жеті қонақ. б) Жеті ата-өзіңе дейінгі ата-бабаң.

ІІ.Өлеңдегі жеті ата атауларын кері ретпен дәптерге жазыңдар.

ІІІ. Өз жеті атаңды жазып, атап бер.

Ой түйіні:

Жеті атаны білгенің,

Нағыз қазақ болғанын.


Қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет
Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш би Үш жүзде болса да олар басты кiсi, 
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кiшi. 
Соларға жол көрсеткен ұстаз едiм, 
Сардар деп құрметтейiн үлкен-кiшi. 
4 санының қадір-қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
5 санына байланысты:
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
6 саны берекені білдіреді. Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма
Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар:
1. Бір-біріне сәлем беруге
2. Шақырса баруға
3. Кеңес сұраса ақыл қосуға
4. Сұрағына жауап беруге
5. Ауырып қалса көңіл сұрауға
6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға9. 
Алты асқар:
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл. 
Ал 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады. 
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. 
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы
Жеті жұт: құрғақшылық, мал қырылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала
Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан әлемі, жер орта, жер асты
Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім, 
Иесіз қалған жер жетім, 
Басшысы жоқ ел жетім, 
Аққу-қазсыз көл жетім, 
Жерінен айырылған ер жетім, 
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.  Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Жеті ата:
1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала. 
Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты. 
Құмай тазы - бастан берік сенімі, 
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің Әлемнің жеті кереметі. 1.Мысыр пирамидасы
2. Галикарнас кесенесі
3. Артемида ғибадатханасы
4. Александрия маягы
5. Семирамиданың аспалы бағы
6. Зевс мүсіні
7. Родос алыбы

АКТ қолдану


Оқулық 76 бет «Жеті байлық»


Жеті ата 77 бет

Аяқталуы

Сауалнама:(әр балаға беріледі)
1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?
а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен
б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай қасиетті сандарды білесің?

6. Неге жеті атаны білу керек?

Үй тапсырмасы: «Жеті ата» өлеңін жаттау

Бағалау: 2 минут. Оқушылар бір –бірін бағалайды. Топ басшыларына сөз беріледі.
















«Өмір ағашы»

Смайликтермен өз-өзін бағалау

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушыларды қалай үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

-Критерий бойынша бағалау. Топ басшысы бағалайды.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ – мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

* Қосымша көмек көрсетуді түрлі түсті стикерді қастарына қоюды жоспарлаймын. Егер тапсырманы түсінбей отырса қызыл, орындауда қателессе сары стикерді, барлығы түсінікті болса жасыл стикерді қастарына қояды.

* Сабақтың соңында рефлексия жүргізгеннен кейін оқушылардың жауаптарына байланысты қорытынды шығарамын.

-Әр оқушымен жеке жұмыстанамын

* информатика

АКТ-ны пайдалану

*Математика

*Дұниетану

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қалай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім ба? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, психологиялық ахуал жеңіл, өте жақсы болды, балалар ойларын еркін жеткізіп тұрды. Қолданған әдістер тиімді, бірақ уақыт тапшы болды.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Әр байлықты дәлелдеуі.

2:Жеті ата өлеңінің мазмұнын түсініп, өз жеті атасын жазуы

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Постермен жұмыстану

2: диалогтік оқыту

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушы туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Бағалау критерийі Оқушының бағалау парағы

Оқушының аты - жөні

Үй тапсырмасы

Постер қорғау

Жаңа сабақты түсіну

Мәнерлеп оқу

Деңгейлік тапсырма


белсенділігі

Барлығы

Барлық ұпай саны

2

2

5

5

2

2

18

1








2








3








4








5








6