СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Дені саудың - жаны сау" практикалық іс - әрекет

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Дені саудың- жаны сау" атты ата аналармен практикалық іс әрекет.

Просмотр содержимого документа
«"Дені саудың - жаны сау" практикалық іс - әрекет»

«Дені саудың- жаны сау» атты ата-аналарға арналған практикалық іс-әрекет.

Мақсаты:бала денсаулығын жақсарту барысында ата-ананың педагогикалық білімін арттыру.Өз балаңыздың денсаулығына деген жауапкершілікті және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, күнделікті денсаулығын шынықтыра білуге, тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыра білуге, балаларының денсаулықтарын сақтай білуге жағдай жасау.Адамның басты байлығы денсаулық екенін біле отырып, денсаулық негізгі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғынып, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тырысу.



Тапсырма:

*ата-аналарды денсаулықты сақтау технологиясының түрлерімен таныстыру, «денсаулық» деген ұғымды түсіндіру.

* ата-аналарға денсаулықты сақтау методикасының пайдасы қаншалықты бар екенін тереңдету және оларды өз іс-тәжірибемізде қолдану.

*психологиялық жағдайды қалыптастыру ,ата-анамен бірігіп баланың денсаулығын жақсарту және қызығушылығын туғызу.

Іс-шараның барысы:

1.Дайындық кезеңі

*«Дені саудың- жаны сау» атты фото көрмесін жасау.

* «Тазалық» атты сөзжұмбақ дайындау.

* Іс-шара өткізілетін залды безендіру,«денсаулық» жайлы мақал-мәтел жазу,суреттер іліп ата-аналарды шақыру.

* Ата-аналарға дайындаған жүрекше бөліктерін құрастыру.

2.Іс-шараны өткізу кезеңі.
Құрметті біздің ата-аналарымыз!Сіздерді келе жатқан «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесімен құттықтаймыз.Отбастарыңызға амандық,дендеріңізге саулық,жұмыстарыңызға табыс тилей отырып, бүгінгі біздің «Дені саудың – жаны сау»атты практикалық іс-әрекетімізге қош келдіңіздер! Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы және жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Денсаулық дегеніміз - ең қасиетті де, құнды, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазына.Салауатты өмір салтының мақсаты - өмір сүрудің мағанасы терең,барлық байлық денсаулық екендігіне сіздердің көздеріңізді жеткізу.

Бүгінгі өткізілетін практикалық іс-әрекетіміз салауатты өмір салтын сақтауға арналады. Сондықтанда ата-аналар бір-бірімізді жакындастырып ары қарай жақсы қарым –қатынас орнату үшін қолайлы орта туғызып танысу.

1.«Таныстыру» тренингі

Ата-аналар өздерінің есімдерін, баласының есімін айтып және өзге ұлт өкілдерінше қимылмен амандасады. Мысалы, менің атым- Шолпан. Қызым –Гаухар. Үнділерше амандасу қимылмен.Ары қарай барлық ата-ана өздерін таныстырып кетеді.

2. Ата-аналарға арналған «Сөзжұмбақ»

Сөзжұмбақ «Тазалық» сөзінен құрастырылған, осы сөзжұмбақтың жауабы мақал-мәтелдердің жалғасын табу :

1.Көзің ауырса,қолыңды ...... (тый)

2........(Тазалық) қайда,сұлулық сонда.

3.Денсаулық- ....(зор) байлық.

4.Бірінші - ......(байлық) денсаулық.

5......(лас) адам-кіршіл.

6.Ыдыс таза болса - ....(асы)дәмді.

7. Тазалық – саулық негiзi,

......(саулық) – байлық негiзi.





3.Ата-аналармен « Достық» жаттығуы

Ал енді біздің ата-аналарымыз сапқа тұрып, бір сызықтың бойымен балалардың орнында болып, денешынықтыру сабағына қатысып «достық» жаттығуын жасаймыз.

4.Сергіту сәті . Саусақ және көз гимнастикасы

Саусақ ойындарының нәтижесінде:
- Қимыл – қозғалысы мен икемділігі артады;
«Салат» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

Көзге арналған «Қоян» жаттығуы

Қоян оңға секірді,

Әр қоянды көрді.

Қоян солға секірді,

Барлығын өз көз қиығымен көрді.

Қоян-оңға және солға қарады

Қоянымыз өте мықты екен.

5.Түрлі спорттық ойындар

Ата-аналарымызды үш топқа бөліп,әр-түрлі спорттық ойындар ойнату.

1.Үрленген шар ойыны

2.Кенгуру ойыны

3.Кім жылдам

4.Теннис ойыны

5.Паравоз ойыны

6. «Жан жүрек сыры»

Мына үлкен жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз оған қазір жан береміз. Қатысушылар бөлінген жүрекшелерді алып, оған балаларына қандай жылы сөздер айтып еркелетесіздер, сол сөзді жүрекше бөліктеріне жазып,жүрекшеге әкеліп қоясыздар.(айналайын, ботам, жұлдызым, т.б.) Қалай ойлайсыздар? Жанданды ма? Неліктен?

Ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата- аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр ошақтың жылулығы түсінуден, денсаулықтан, махаббаттан , сыйластықтан құралады дей отырып бүгінгі практикалық іс-әрекетімізді аяқтаймыз.Сіздер бүгін біздің «Дені саудың-жаны сау» атты өткізіліп отырған практикалық іс-әрекетімізден қандай әсер алдыныздар?Сіздерге ұнадыма?Өздеріңіздің жылы лебіздеріңізді айтып жіберсеңіздер.

















.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!