СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
«Дене шыны?тыру» п?н ретінде жалпы білім беретін мектепте ма?ызды р?л ат?арып, о?ушыны? жалпыадамзатты? м?дениет саласында ?зін-?зі белсенді шы?армашылы? к?рсетуге дайын т?л?а ретінде ?алыптасуына ы?пал етеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныпқа арналған
оқу бағдарламасы
Астана
2013
ТҮСІНІК ХАТ
«Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Дене шынықтыру білім беру саласы бойынша дене шынықтыру пәнін оқытудың мақсаты: оқушының дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегі міндеттерді шешуді талап етеді:
денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;
дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұны. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес келіп, «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы», «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру», «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды. Онда Қазақстандағы спорт және дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген. Сонымен қатар, бұл бөлімдерде дене және спорттық дайындықтардың негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.
«Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер беріледі.
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері ұсынылып отыр. Сонымен қатар, бағдарламада Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы берілген.
Оқу бағдарламасы дене шынықтырудың базалық құрамынан тұратын материалдарды ұсынады. Базалық (инварианттық) компонент дене шынықтыру саласындағы жалпы білім беру даярлығының мемлекеттік стандартын айқындайды.
Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан-алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
Бағдарлама оқушылардың дене шынықтыру бойынша дене дайындығы деңгейін анықтауға қоятын талаптармен аяқталады. Аталған талаптар төрт негізгі түсінікке сүйенеді: «білу/түсіну», «меңгеру», «көрсете білу» және «меңгерген білімі мен біліктілігін күнделікті өмірде және практикалық әрекетте қолдануы тиіс».
Бағдарламалық талаптар екі түрлі қызмет атқарады. Бір жағынан, олар бағдарламалық материалды оқушының табысты меңгеруін бағалаудың критерийі болса, екінші жағынан негізгі орта білім беру бағдарламасын аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді. Осы бағдарламалық талаптарды ескеріп, әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша оқушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Осындай өзіндік жол дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау түрлері. Негізгі мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі дене шынықтыру сабақтары, оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары, спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар, спорттық үйірмелерде шұғылдану, дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары). Сонымен қатар дене шынықтыру сабақтары оқушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.
Орта білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес, бағдарламада оқушыларды гендерлік қағида (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары) бойынша бөліп оқыту қарастырылған. Оқу процесін ұйымдастыруда аталған жағдайды ескерген дұрыс.
Типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі мынадай:
5 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);
6 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);
7 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);
8 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);
9 сынып – аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат).
Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады:
«Орыс тілі», «Қазақ тілі»: дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын терминдер бойынша сөз қорын толықтыру;
«Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «бірқалыпты және бірқалыпты емес сырғу», «қуат» туралы түсініктерді оқу-жаттығу үдерісінде қолдану;
«Математика (Алгебра, Геометрия)»: биіктік, ұзындық, жылдамдық, арақашықтық және уақытты өлшеу; ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіруді есептеу;
«Биология»: адамның тірек-қимыл аппараты, қанайналым және тыныс алу жүйесі, бұлшықет жұмыстары мен қажудың пайда болуы туралы түсінік;
- жүктеме кезіндегі жүректің қысқару жиілігі туралы;
- шылым шегі мен алкогольдік ішімдіктер ішудің адам ағзасына тигізетін теріс әсері туралы материалдарды қолдану;
«Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыстың пайда болу тарихы;
- қазақтың ұлттық спорт түрлерінің пайда болу тарихы;
«География»: бағыт тұстарын білу, жергілікті жерлердегі түрлі белгілер және карта бойынша бағдар алу біліктілігі;
«Музыка»: дене шынықтыру сабағында музыкалық әуендерді қолдану;
- жаттығуларды спорттық құралдармен және құралдарсыз әуенмен орындау кезінде екпін, әуен және динамиканы кешенді қолдана білу біліктілігі;
«Бейнелеу өнері»,«Сызу»: дене жаттығулар көрсету үшін бейнелі суреттерді қолдану; адам денесін әсемдік тұрғысынан қарастыруды қалыптастыру;
«Технология»: еңбексүйгіштікті және ұзақ мерзім жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу.
БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
5-сынып
Барлығы – 102 сағат (аптасына 3 сағ.)
Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын
тоқсандарға бөлу
Бағдар-лама түрлері | Бағдарлама бөлімдері | Оқу тоқсандары | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | Σ | |||||||
Базалық | 1. Жеңіл атлетика | 7 | - | - | 7 | 14 | |||||
2. Спорт ойындары | 14 | | 11 | 9 | 34 | ||||||
3. Гимнастика | - | 14 | - | - | 14 | ||||||
4. Шаңғы дайындығы | - | - | 10 | - | 10 | ||||||
5. Ұлттық ойындар | - | 5 | 5 | - | 10 | ||||||
6. Жүзу | - | - | - | 8 | 8 | ||||||
Базалық компонент бойынша сағаттар саны: | 21 | 19 | 26 | 24 | 90 | ||||||
Вариативті | 1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты | 6 | 2 | 4 | - | 12 | |||||
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану) | |||||||||||
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны: | 6 | 2 | 4 | - | 12 | ||||||
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ) | 27 | 21 | 30 | 24 | 102 |
Ескерту:
* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.
** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.
БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ
Ежелгі Олимпиада ойындары туралы тарихи мәліметтер. Дене тәрбиесі және адамды дене шынықтыру тұрғыдан мақсатты жетілдіру. Жарақаттанудың алдын алу. Денсаулықты нығайту. Денсаулықты нығайтуға бағытталған түзету гимнастикасы. Мектептегі дене шынықтыру сабақтарының гигиеналық маңызы және ұйымдастыру негіздері.
Жеңіл атлетика
Жоғары және төмен сөрелер. Үдете жүгіру. 30 м және 60 м жылдам жүгіру. 10-12 мин бір қалыппен жүгіру. 1000 м (қыздар) және 2000 м (ұлдар) қашықтыққа жүгіру, уақыт есептеледі. 7-9 адыммен жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру. 7-9 адымен жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру. Шағын допты 10-15 м қашықтықтан нысанаға лақтыру. Шағын допты алысқа лақтыру. Жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, допты нысанаға лақтырудан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.
Спорт ойындары
Баскетбол. Ойыншының тұру қалпы. Баскетболшының тұру қалпында аяқты аяққа тіркестіре оң (сол) қапталмен, арқамен және алға қозғалу. Доппен және допсыз орындалатын бұрылулар. Секіріп тоқтау. Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау. Допты бір орында еденнен серпіп тұрып бағыт пен жылдамдықты өзгерте доппен қозғалу. Бір орында тұрып допты лақтыру. Баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар. Қорытындылау ойыны.
Волейбол. Ойыншының тұру қалпы. Адымды тіркестіре, алдымен және арқасымен алға қозғалу. Бір орында тұрып екі қолмен допты жоғарыдан беру. Бір орында тұрып допты төменнен екі қолмен қабылдау. Тордан 3-6 м қашықтыққа орналасып, допты төменнен ойынға қосу. Қорытындылау ойыны.
Футбол. Ойыншының тұру қалпы. Адымды тіркестіре, алға және артқа, оң жақ және сол жақ бүйірмен қозғалу. Бағытты және жылдамдықты өзгертіп жүгіру. Бір орында тұрған және домалап бара жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің орта бөлігімен соғу. Допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату. Тік бағытпен, бағытты және жылдамдықты өзгерте отырып доппен қозғалу. Қақпашының ойыны. Футбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар.
Қол добы (Гандбол). Ойыншының тұру қалпы. Адымды тіркестіре, алға және артқа, оң жақ және сол жақ қапталмен қозғалу. Допты екі қолмен қағып алу. Жүгіріп келе жатып допты беру. Секіріп, допты бір қолмен сермей лақтыру. Допты еденнен екі қолмен кезектестіре серпіп қозғалу. Қақпашының ойыны. Гандбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар.
Гимнастика
Саптық жаттығулар. Қозғалыс кезінде орындалатын саптық жаттығулар. Жүру түрлері: саптық, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтеріп, жартылай, толық отырып. Ажырау және қосылу арқылы бір колоннадан екі колоннаға сап құру. Қиғаштап, қарама-қарсы бағытпен және жыланша жүру.
Жалпы дамыту жаттығулары. Саппен жүріп келе жатып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Дұрыс мүсінді (дене бітімін) қалыптастыруға, тепе-теңдік пен назар салу сезімін дамытуға ықпал ететін жаттығулар. Спорт құралдарымен және спорт құралдарынсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Түзету гимнастикасының жаттығулар кешені.
Акробатика. Жүрелей отырған қалыптан алға және артқа аунау. Жауырынға тұру. Статикалық элементтерден құрылған жаттығулар («көпір», «шпагат», «қарлығаш»). Акробатикалық элементтерден құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар. Гимнастикалық кедергілерден өту.
Кермеде орындалатын жаттығулар (ұлдар). Асылып тұрып бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріле аударылып түсу – таяну қалпын қабылдау; таяну қалпынан аяқты артқа сермеп, оңға бұрыла секіріп түсу (керме сол жақта). Кермеде тартылу.
Түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Төменгі сырықта орындалатын жаттығулар. Асылып тұрған қалыптан бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріліп аударылып түсу – таяну қалпын қабылдау; таяну қалпынан сол аяқты артқа сермеп, оң аяқпен солға бұрыла секіріп түсу. Төменгі сырықта тартылу.
Арқанға өрмелеу. Үш тәсілмен арқанға өрмелеу (арқанның биіктігі – 2,5-3 м).
Тепе-теңдік жаттығулары. Бөренемен жүру түрлері: аяқтың ұшымен (қол жанында). Тізені биік көтеріп (қол белде), аяқты аяққа тіркестіре қозғалу (қол белде). Аяқты айқастыра тоқтап, бір орында бұрылу. Жылдам жүріп келіп ырғу және жұмсақ төсенішке түсу.
Гимнастикалық кіші аттан таянып секіру. Жүгіріп келіп тізені бүгіп секіру (серіппе мен кіші аттың арақашықтығы 30-35 см; биіктігі қыздар үшін 100 см, ұлдар – 110 см).
Ырғақты гимнастика. Жалпы дамыту жаттығуларын әуенмен орындау (8-10 кешенді жаттығу).
Шаңғы дайындығы
Алма-кезек екі адымды жүріс. Бір мезгілді бір адымды жүріс. Дөңге «шырша» тәсілімен көтерілу. Шаңғышының төмен тұру қалпынан еңіске түсу. «Соқа» тәсілімен тежелу. Аяқты көтере адымдап бұрылу. Шаңғымен 2000 м қашықтықты жүріп өту.
Дала жарысы. Қар жоқ аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына жүргізіледі. Жазық далада жүру және жүгіру. Тауға қарай және таудан жүгіріп түсу. 1000 м жүгіру.
Ұлттық ойындар
Тарту және итеріп шығару секілді әрекеттерден тұратын жекесайыс түрлері. «Кім жүйрік», «Балапандар», «Қаршығалар мен қарлығаштар».
Жүзу
Етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзуді үйренуге арналған арнайы жаттығулар. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі аяқ пен қолдың қимылдарын үйлестіру. Етпеттеп және шалқалап кроль жүзу тәсілімен қысқа қашықтықтарды жүзіп өту. Тұғырдан (түмбеден) және суда орындалатын сөрелер (старт). Суда өткізілетін ойындар және ойын түріндегі жаттығулар.
5-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері
№ | Қорытынды жаттығулар | ұлдар | қыздар | |||||
«5» | «4» | «3» | «5» | «4» | «3» | |||
1 | 60 м жүгіру (с) | 10,0 | 10,6 | 11,2 | 10,4 | 10,8 | 11,4 | |
2 | 2000 м жүгіру | уақыт есептелмейді | ||||||
3 | Ұзындыққа секіру (см) | 340 | 300 | 260 | 300 | 260 | 220 | |
4 | Биіктікке секіру, см | 110 | 100 | 85 | 105 | 95 | 80 | |
5 | Доп лақтыру (150г), м | 34 | 27 | 20 | 21 | 17 | 14 | |
6 | Биік кермеде тартылу (рет) | 6 | 4 | 3 | - | - | - | |
7 | Асылып жатып аласа кермеде тартылу (рет) | - | - | - | 15 | 10 | 8 | |
8 | Арқанға өрмелеу (м) | 5 | 4 | 3 | 4 | 3 | 2 | |
9 | Шаңғымен 1 шқ жүгіру, (мин, с) | 6,30 | 7,00 | 7,40 | 7,00 | 7,30 | 8,10 | |
10 | Шаңғымен 2 шқ жүгіру | уақыт есептелмейді | ||||||
11 | Жүзу (м) | 25 | 12 | 12 | 25 | 12 | 10 | |
12 | Қарсыз аудандарда 1500м жүгіру ( мин, с) | 8,50 | 9,30 | 10,00 | 9,00 | 9,40 | 10,30 |
5 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
ұлдар
Сынақ түрлері | Дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | тө-мен | орта-шадан төмен | орташа | орташа-дан жоғары | жоғары | |
30 м жүгіру | 5,6 | 6,5 | 6,4 – 5,9 | 6,0 – 5,3 | 5,2 -4,9 | 4,8 |
Бір орыннан ұзындыққа секіру | 153 | 132 | 133 -142 | 143–163 | 164– 173 | 174 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 366 | 259 | 260- 312 | 313–419 | 420 – 472 | 473,0 |
3×10 м қайталап жүгіру | 9,3 | 10,0 | 9,9 – 9,7 | 9,6 – 9,0 | 8,9 – 8,7 | 8,6 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 17,6 | 13,0 | 14,0–15,0 | 16,0-20,0 | 21,0 – 22,0 | 23,0 |
5 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
қыздар
Сынақ түрлері | Дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | төмен | орта-шадан төмен | орташа | орташа-дан жоғары | жоға-ры | |
30 м жүгіру | 5,8 | 6,5 | 6,4 – 6,2 | 5,9 – 5,3 | 5,2 -5,0 | 4,9 |
Бір орыннан ұзындыққа секіру | 146,0 | 124 | 125 -135 | 136 – 156 | 157 – 167 | 168 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 325,0 | 212,0 | 213 - 271 | 272–386 | 387 – 440 | 441,0 |
3×10 м қайталап жүгіру | 9,7 | 10,6 | 10,5–10,2 | 10,1 – 9,3 | 9,2 – 9,0 | 8,9 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 16,0 | 11,5 | 12,0 –13,5 | 14,0 -18,0 | 18,5 – 20,0 | 23,5 |
6-сынып
Барлығы - 102 сағат (аптасына 3 сағ.)
Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын
тоқсандарға бөлу
Бағдар-лама түрлері | Бағдарлама бөлімдері | Оқу тоқсандары | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | Σ | |||||||
Базалық | 1. Жеңіл атлетика | 7 | - | - | 7 | 14 | |||||
2. Спорт ойындары | 16 | - | 12 | 9 | 37 | ||||||
3. Гимнастика | - | 14 | - | - | 14 | ||||||
4. Шаңғы | - | - | 10 | - | 10 | ||||||
5. Ұлттық ойындар | - | 4 | 4 | - | 8 | ||||||
6. Жүзу | - | - | - | 8 | 8 | ||||||
Базалық компонент бойынша сағаттар саны: | 23 | 18 | 26 | 24 | 91 | ||||||
Вариативті | 1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты | 4 | 3 | 4 | - | 11 | |||||
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану) | |||||||||||
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны: | 4 | 3 | 4 | - | 11 | ||||||
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ): | 27 | 21 | 30 | 24 | 102 |
Ескерту:
* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.
** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.
БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыс. Өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастырудағы дене жаттығуларының маңызы. Дене шынықтыру сабақтарында жарақаттанудың алдын алу шаралары. Оқушылардың денсаулықтарын нығайту және оларды спорттық үйірмелерге тартудағы жалпы дамыту жаттығуларының маңызы. Түрлі дене жүктемелеріне ағзаның реакциясы.
Жеңіл атлетика
30-60 м қашықтыққа жылдам жүгіру. 10-12 мин. орташа қарқынмен жүгіру. 1500 м қашықтыққа жүгіру (уақытқа). Далалық жазықтықта 2000 м қашықтыққа жүгіру (уақыт есептелмейді). Жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру. Жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру. 5-10 м ұзындыққа және биіктікке секіруді толық үйлесіммен орындау, нәтиже есептелінеді. Шағын допты алысқа және нысанаға лақтыру, нәтиже есептелінеді. Секіру, жылдамдыққа жүгіру және допты нысанаға лақтырудан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.
Спорт ойындары
Баскетбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Бір орында тұрып және қозғалыста допты кеуде тұсында екі қолмен қабылдау; иықтан және бастан асыра беру. Қозғалу бағыты мен жылдамдықты өзгертіп доппен қозғалу. Бір орыннан және екі адым жасап допты себетке лақтыру. Баскетбол ойынының элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.
Волейбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Ойыншының тұру қалпы. Бір орында және орын ауыстырған соң допты екі қолмен жоғарыдан көтеру. Бір орында және орын ауыстырудан кейін допты төменнен көтеру. Тордан 3-6 м қашықтыққа орналасып, допты төменнен тік қолмен ойынға қосу. Ойын және ойын тапсырмалары. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.
Футбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Игерілген қозғалу техникаларынан құрылған әдіс-тәсілдер. Допты аяқтың ішкі жағымен және табанмен тоқтату. Домалап келе жатқан допты аяқтың ішкі жағымен және үстердің ортаңғы бөлігімен соғу. 2-3 адымнан жүгіріп келіп серігіне аяқпен доп беру. Серігі берген допты қабылдау және оны тоқтату (ара-қашықтық 5-6 м). Орташа қарқында тік бағытпен және доға бойынша доппен қозғалу. Қақпашының ойыны. Ойын және ойын тапсырмалары. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.
Гандбол. Төменгі сыныптарда үйретілген әдіс-тәсілдерді қайталау. Бір орында тұрып және қозғалыста допты қабылдау және беру. Орташа қарқында қозғалып келе жатып, серігіне допты бір қолмен иықтан асыра беру. Допты екі қолмен кезектестіре еденнен серпе отырып қозғалу және тоқтау түрлері. Қақпашының ойыны. Ойын және ойын тапсырмалары. Жеңілдетілген ережелер бойынша ойын.
Гимнастика
Саптық жаттығулар. Сапта жүргенде орындалатын жаттығулар. Жүру түрлері: саптық, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені биік көтеріп, жартылай отырып. Жартылай оңға және солға бұрылу. Бір орында тұрып ажырау және қосылу. Қозғалыста келе жатып ажырау және қосылу арқылы екі колоннадан төрт колоннаға сап құру.
Жалпы дамыту жаттығулары. Саппен қозғалып келе жатып орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Дұрыс мүсін (дене бітімін) қалыптастыруға, тепе-теңдік пен назар салу сезімін дамытуға ықпал ететін жаттығулар. Спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Түзету гимнастикасының жаттығулар кешені.
Акробатика. Жинақталып отырған қалыптан алға және артқа аунау. Бірізділікпен 2-3 аунап домалау. Жауырынға тұру. Алға ұмтыла аунау. Жүрелей отырған қалыптан артқа аунау. Артқа шалқайып, серігінің көмегімен «көпірге» тұру. Қолдың көмегімен «шпагатқа» отыру. Акробатикалық элементтерден құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.
Аласа кермеде орындалатын жаттығулар (ұлдар). Бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріле аударылып түсіп таяну; таянып тұрған қалыптан аяқты артқа сермеп 90° бұрылып секіріп түсу. Кермеде тартылу.
Түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Сырықта асылып тұрып шайқала-тербелу, екінші аяқпен итеріле көтеріліп айналу; таянып тұрған қалыптан сол аяқты сермеп, оң аяқпен айналып, қолды артқа жібермей серпіліп секіру.
Арқанға өрмелеу. Арқанға екі және үш тәсілмен өрмелеу (биіктігі 3-4 м).
Тепе-теңдік жатығулары. Бір аяқпен тепе-теңдік ұстау («қарлығаш»). Бөренеде жүру түрлері: аяқтың ұшымен (қол жанында); тізені биік көтеріп (қол белде). Айналулар. Аяқты кезектестіре секіру. Бөрененің үстімен жүгіріп келіп алысқа секіріп түсу.
Таянып секіру. Жүгіріп келіп аяқты бүгіп таянып секіру. Гимнастикалық ағаш аттың үстінен аяқты ашып секіріп өту, серіппе мен ағаш аттың ара-қашықтығы 35-45 см, биіктігі 100 см (қыздар) және 110 см (ұлдар).
Ырғақты гимнастика. Жалпы дамыту жаттығуларын әуенмен орындау (8-10 кешенді жаттығу).
Шаңғы
Алма-кезек екі адымды жүріс және бір мезгілді бір адымды жүрісті толық үйлесіммен орындау. «Конький» тәсілімен қозғалу (таяқтың көмегінсіз).
Жылдам екпінде «шырша» тәсілімен дөңге көтерілу. Шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу және «соқа» тәсілімен тежелу. Жазық далада 3000 м қашықтықты шаңғымен жүгіріп өту.
Дала жарысы (қар жоқ аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына жүргізіледі). Жазық далада 1500 м жүгіру. Табиғи кедергілерді айналып өту.
Ұлттық ойындар
Төменгі сыныптарда үйретілген ұлттық ойындарды қайталау. «Балапандар», «Қаршығалар мен қарлығаштар», «Тау теке», «Теңге алу» және т.б.
Жүзу
Етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзуді үйретуге арналған арнайы жаттығулар. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын тыныс алумен үйлестіру. Шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру. Етпеттеп және шалқалап кроль тәсілімен жүзу кезіндегі бұрылу тәсілдері. Судан сөре (старт). Тұғырдан (түмбеден) орындалатын сөре (старт). Суда өткізілетін ойын түрлері және ойын түріндегі жаттығулар.
6-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері
№ | Қорытынды жаттығулар | ұлдар | қыздар | |||||
«5» | «4» | «3» | «5» | «4» | «3» | |||
1. | 60 м жүгіру (с) | 9,8 | 10,4 | 11,1 | 10,3 | 10,6 | 11,2 | |
2. | 1500 м жүгіру (мин, с) | 7,30 | 7,50 | 8,10 | 8,00 | 8, 20 | 8,40 | |
3. | 2000 м жүгіру | уақыт есептелмейді | ||||||
4. | Ұзындыққа секіру (см) | 360 | 330 | 270 | 330 | 280 | 230 | |
5. | Биіктікке секіру (см) | 115 | 110 | 90 | 110 | 100 | 85 | |
6. | Доп лақтыру (150г), м | 36 | 29 | 21 | 23 | 18 | 15 | |
7. | Биік кермеде тартылу (рет) | 7 | 5 | 4 | - | - | - | |
8. | Аласа кермеде, жатып тартылу (рет) | - | - | - | 17 | 14 | 9 | |
9. | Шаңғымен 2 шқ жүгіру (мин, с) | 14,00 | 14,30 | 15,00 | 14,30 | 15,00 | 15,30 | |
10. | Шаңғымен 3 шқ жүгіру | уақыт есептелмейді | ||||||
11. | Жүзу 50 м | 1,00 | у/е-мейді | 25м | 1,10 | у/е-мейді | 25м. | |
12. | Қарсыз аудандарда 1500 м жүгіру, мин, с | 8,00 | 8,30 | 8,50 | 8,20 | 8,50 | 9,50 |
6 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
ұлдар
Сынақ түрлері | дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | төмен | орташа-дан төмен | орташа | орташа-дан жоғары | жоғары | |
30 м жүгіру | 5,3 | 6,0 | 5,9 – 5,7 | 5,6 – 5,0 | 4,9 -4,7 | 4,6 |
Бір орыннан ұзындыққа секіру | 168 | 143 | 144 -155 | 156 – 178 | 179– 192 | 193 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 374 | 265 | 265- 319 | 320– 428 | 429– 482 | 483 |
3х10 м қайталап жүгіру | 9,0 | 9,9 | 9,8 – 9,5 | 9,4 – 8,6 | 8,5 – 8,2 | 8,1 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 20,3 | 15,0 | 16,0 –17,0 | 18,0 -22,0 | 23,0 – 25,0 | 26,0 |
6 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
қыздар
Сынақ түрлері | дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | төмен | орташа-дан төмен | орташа | орташа-дан жоғары | жоға-ры | |
30 м жүгіру | 5,6 | 6,3 | 6,2 – 6,0 | 5,9 – 5,3 | 5,2 -5,0 | 4,9 |
Бір орыннан ұзындыққа секіру | 152 | 135 | 136 -144 | 145 – 161 | 162 – 169 | 170 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 359 | 236 | 237– 287 | 298 – 420 | 421– 481 | 482 |
3х10 м қайталап жүгіру | 9,6 | 10,5 | 10,4-10,1 | 10,0 – 9,2 | 9,1 –8,8 | 8,7 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 18,0 | 11,5 | 12,0 –14,5 | 15,0 -21,0 | 21,5 – 24,0 | 24,5 |
7-сынып
Барлығы - 102 сағат (аптасына 3 сағ.)
Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын
тоқсандарға бөлу
Бағдар-лама түрлері | Бағдарлама бөлімдері | Оқу тоқсандары | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | Σ | |||||||
Базалық | 1. Жеңіл атлетика | 7 | - | - | 7 | 14 | |||||
2. Спорт ойындары | 16 | | 12 | 9 | 37 | ||||||
3. Гимнастика | - | 14 | - | - | 14 | ||||||
4. Шаңғы | - | - | 10 | - | 10 | ||||||
5. Ұлттық ойындар | - | 4 | 4 | - | 8 | ||||||
6. Жүзу | - | - | - | 8 | 8 | ||||||
Базалық компонент бойынша сағаттар саны: | 23 | 18 | 26 | 24 | 91 | ||||||
Вариативті | 1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты | 4 | 3 | 4 | - | 11 | |||||
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану) | |||||||||||
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны: | 4 | 3 | 4 | - | 11 | ||||||
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ): | 27 | 21 | 30 | 24 | 102 |
Ескерту:
* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.
** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.
БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі заманғы Қазақстанда спорт ойындарының даму тарихы. Жаттығуларды орындау кезінде өзін бақылау және өзіндік сақтанудың негізгі әдістері. Тамақтану, оның бойдың өсуі мен дамуындағы маңызы. Шылым шегу мен алкогольдің зияндықтары. Қауіпсіздік ережелері.
Жеңіл атлетика
Жүгіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар.
Жүгіру. 30 м және 60 метрге спринтерлік жүгіру. 1000 м (қыздар) және 2000 м (ұлдар) дала жарысы. Орта және алыс қашықтыққа жүгіру кезіндегі бұрылулар. 400 м және 800 м қашықтықты бірқалыпты екпінмен жүгіріп өту. Эстафеталық жүгіру (жүгіру қашықтығын мұғалім немесе оқушы анықтайды).
Секірулер. Секіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіру техникасының дербес үлгісін таңдау. Жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіруді толық үйлесімде орындау. Жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіруді толық үйлесімде орындау.
Лақтырулар. Лақтыру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Бір орыннан шағын допты нысанаға лақтыру. Жүгіріп келіп шағын допты алысқа лақтыруды толық үйлесімде орындау.
Жүгіру, секіру және лақтырулардан құрылған ойындар мен эстафеталар.
Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар.
Сынақ тапсырмалары: 60 м жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, 3×10 м қайталап жүгіру, 1500 м жүгіру.
Гимнастика
Саптық жаттығулар. Қозғалыс кезінде бір колоннадан екі, үш және төрт колоннаға қайта сап құру. Қиғаштап, қарама-қарсы бағытта, жыланша және қарсы кезігетін колоннада қозғалу.
Дұрыс мүсінді (дене бітімін) қалыптастыруға арналған жаттығулар, тыныс алу гимнастикасының жаттығулары, дене салмағын реттеуге және дене дамуының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дене келбетін түзетуге арналған жаттығулар кешені.
Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар.
Акробатика.. Ұлдар: алға ұмтыла аунау; тоқтамай 3-4 мәрте бірге алға-артқа аунау; аяқты жоғары көтеріп, бас және қолға тұру; қолға тұру. Бүйірге аунау. Төменгі сыныптарда үйретілген акробатикалық жаттығулар (жаттығу түрлерін мұғалім немесе оқушы таңдайды).
Қыздар: Бірізді 3-4 мәрте аунау; тепе-теңдік ұстап тұрған қалыптан алға аунап жүрелей отыру; отырған қалыптан артқа сол иық арқылы аунап, жартылай шпагатқа отыру (қол екі қапталда); түргеліп тұрған қалыптан «көпір» жасау, қалпына түсу және қайтадан бастапқы қалыпқа келу; бір бүйірге аунау. Төменгі сыныптарда игерілген хореография және ырғақты гимнастика элементтерінен құрылған комбинация.
Таянып секіру. Таянып секіру техникасын жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығулар. Кіші ағаш аттан аяқты ашып секіріп өту. Ағаш аттан аяқты бүгіп секіріп өту (ағаш аттың биіктігі қыздар үшін 100-110 см, ұлдар – 110-120 см).
Керме (ұлдар). Кермеде тартылу. Бір аяқты сермеп, екінші аяқпен итеріліп аунап түсіп таяну; бір аяқты сырықтан алға және артқа өткізе таяну, секіріп түсу. Таянып тұрған қалыптан аяқты кезегімен сырықтан асыра өткізіп арттан таяну; сол (оң) қолмен айнала бұрылып таяну; аяқты артқа сермей секіріп түсу.
Қос сырық (ұлдар). Ырғи мініп таяну; аяқты ашып отыру; аяқты ішке түсіру және таянып тұрып тербелу; сол жамбасқа отыру; аяқты сырықтан асырып өткізіп оң жамбасқа отыру, секіріп түсу. Таянып тұрып тербелу және аяқты алға, артқа сермеп секіріп түсу түрлері.
Түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Ырғи секіріп жоғарғы сырықта асылу; тербелу; аяқты бүгіп төменгі сырықтан асыра өткізіп арқамен жату; шеңбермен айнала солға бұрылып (сол қол бойымен) таяну; шеңбермен айнала оңға бұрылып (оң қол бойымен) таяну; аяқты артқа сермеп оңға бұрыла, сол қапталмен секіріп түсу.
Бөрене. Тепе-теңдік жаттығулары. Қолмен бөренеге таянып тұрып, бір аяқты сермей өткізіп бөренеге отыру; бұрылу және аяқты сермей өткізіп бір жамбасқа отыру – қол екі қапталда; қолмен арттан таянып, аяқты алға сермей жүрелей отыру; бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп аяққа тұру; қол жоғары; бір орында және алға қозғалып мәнерлеп секіру; мәнерлеп жүру және жүгіру түрлері; 180° бұрылулар; шалқая итеріліп секіріп түсу.
Арқанға өрмелеу. Төменгі сыныптарда үйретілген тәсілмен арқанға өрмелеу (ұлдар 4 м, қыздар – 3 м).
Сынақ тапсырмалары: кермеде тартылу; арқада жатып денені көтеру, қол желкеде; бірізділікпен домалап аунау; еденде таянып жатып қолды бүгіп-жазу.
Шаңғы
Шаңғы жүрістерінің техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Бір мезгілді екі адымды жүріс. Бір мезгілді бір адымды жүрісті екі мезгілді алма-кезек жүріспен кезектестіре қозғалу. Шаңғымен таянып және сермей бұрылу. Шаңғымен аттап өту және асып түсу арқылы табиғи кедергілерден өту. Шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу. Соқаша тежелу. Конький тәсілімен жүру. 3 шқ қашықтықты өту (уақыт есептелмейді).
Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар.
Сынақ тапсырмалары: шаңғымен 2 шқ қашықтықты өту.
Дала жарысы
Денелік және техникалық дайындықтың арнайы жаттығулары. Кедергілерден секіріп өту, ырғулар, белгіленген нүктеге секіріп шығуды және түсуді дәлдікпен орындау; жүгіріп, адымдап өрге көтерілу және түсу; ойлы-қырлы жерлерде жүрумен жүгіруді кезектестіру; 2 шқ қашықтыққа жүгіру.
Сынақ тапсырмалары: ойлы-қырлы жерлерде 2 шқ қашықтыққа жүгіру.
Спорт ойындары
Футбол. Футбол ойынының техникалық тәсілдерін нығайту мен бекітуге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Допты бір орында тұрып беру (тік бағытта, көлденеңінен, қиғаштап, төмен және жоғары). Ұшып келе жатқан допты тоқтату. Допты қарсыластан тартып алу (соғып жіберу және табанмен допқа жанасу арқылы). Допты бұрыштан және қапталдан ойынға қосқан соң шабуыл мен қорғаныста іске асырылатын тактикалық әрекеттер. Қорғанысты ұйымдастыру және қарсылас қарымта шабуыл ұйымдастырған кездегі техникалық-тактикалық әрекеттер. Ойынның тактикалық комбинацияларын шыңдау. Футбол және мини-футбол ойындары.
Волейбол. Волейбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Допты төменнен және жоғарыдан тігінен ойынға қосуды тордан асырып орындау. Орын ауыстырған соң допты аймақтан аймаққа (зонадан зонаға) беру. Шабуыл соққысы. Тосқауыл қою. Тактикалық әрекеттер (қорғаныстағы ойыншылардың ойынға қосылған допты қабылдау және оны келесі ойыншыға беру кезіндегі әрекеттері). Артқы шептегі ойыншының қорғаныста шабуылшыны сақтандыру кезіндегі ойыны. Волейбол оқу ойыны.
Баскетбол. Баскетбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Секіріп допты бір және екі қолмен себетке лақтыру. Техникалық-тактикалық әрекеттер (дербес және командалық): қорғаушының дербес қорғану әрекеттерін орындау кезіндегі қозғалу түрлері; допты жұлып алу және соғып жіберу. Доппен және допсыз әрекет етуші ойыншыны қадағалау кезіндегі қорғану әрекеттері; допты қақшып кету; қалқаншадан серпілген доп үшін күрес. Шабуыл кезіндегі өзара әрекет (ұшқыр шабуыл); допты төреші ойынға қосқанда және команда ойыншысы немесе қарсылас беткі сызықтан ойынға қосқан кездегі өзара әрекеттер. Баскетбол оқу ойыны.
Гандбол. Гандбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Допты бір және екі қолмен алысқа әрі дәл беру. Допты бір орыннан және қозғалыста сермеп немесе сермеусіз лақтыру. Техникалық-тактикалық әрекеттер: алаңда қозғалу әрекеттерін доппен қозғалу, беру және лақтырумен үйлестіре орындау; допты соғып жіберу, лақтыруға тосқауыл қою. Гандбол оқу ойыны.
Қазақтың ұлттық ойындары
Ұлттық-мәдени бағыттағы ойындар мен жаттығулар. Ұлттық спорт түрлерінің элементтері (ойын және жаттығу түрлерін мұғалім анықтайды).
Жүзу
Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын құрғақта жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Кроль тәсілімен жүзуді толық үйлесімде орындау. Жылдам жүзіп келіп бұрылу. Шалқалап кроль тәсілімен жүзуді еркін демалып, толық үйлесімде орындау.
Төменгі сыныптарда үйретілген тәсілдердің бірімен 50 м қашықтықты жүзіп өту.
7-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері
№ | Қорытынды жаттығулар | ұлдар | қыздар | |||||
«5» | «4» | «3» | «5» | «4» | «3» | |||
1. | 60 м жүгіру (с) | 9,4 | 10,2 | 11,0 | 9,8 | 10,4 | 11,2 | |
2. | 1500 м жүгіру (мин, с) | 7,00 | 7,30 | 8,00 | 7,30 | 8,00 | 8,30 | |
3. | 2000 м жүгіру | уақыт есептелмейді | ||||||
4. | Ұзындыққа секіру (см) | 380 | 350 | 290 | 350 | 300 | 240 | |
5. | Биіктікке секіру (см) | 125 | 115 | 100 | 110 | 100 | 90 | |
6. | Доп лақтыру (150 гр, м) | 39 | 31 | 23 | 26 | 19 | 16 | |
7. | Биік кермеде тартылу, (рет) | 8 | 5 | 4 | - | - | - | |
8. | Аласа кермеде, жатып тартылу (рет) | - | - | - | 19 | 15 | 11 | |
9. | Шаңғымен 2 шқ жүгіру (мин, с) | 13,00 | 14,00 | 14,30 | 14,00 | 14,30 | 15,00 | |
10. | Шаңғымен 3 шқ жүгіру | уақыт есептелмейді | ||||||
11. | 50 м жүзу (мин,с) | 0,50 | у/е-мейді | 25м. | 1,07 | у/е-мейді | 25м. | |
12. | Қарсыз өңірлерде 2000 м жүгіру (мин, с) | 13,00 | 14,00 | 15,00 | 14,00 | 15,00 | 16,00 |
7 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
ұлдар
Сынақ түрлері | Дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | тө-мен | орта-шадан төмен | орташа | орта-шадан жоғары | жоға-ры | |
30 м жүгіру | 5,2 | 6,1 | 6,0 – 5,7 | 5,6 – 4,8 | 4,7 -4,4 | 4,3 |
Бір орыннан ұзындыққа секіру | 174 | 149 | 150 -161 | 162-186 | 187– 198 | 199 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 429 | 300 | 301- 364 | 365–493 | 494 – 557 | 558 |
3×10 м қайталап жүгіру | 8,7 | 9,6 | 9,5 – 9,2 | 9,1 – 8,3 | 8,2 – 8,0 | 7,9 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 23,9 | 15,0 | 16,0–20,0 | 21,0-27,0 | 28,0–31,0 | 32,0 |
7 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
қыздар
Сынақ түрлері | Дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | тө-мен | орта-шадан төмен | орташа | орта-шадан жоғары | жоға-ры | |
30 м жүгіру | 5,6 | 6,3 | 6,2 – 6,0 | 5,9 – 5,3 | 5,2 -5,0 | 4,9 |
Бір орыннан ұзындыққа секіру | 157 | 136 | 137 -145 | 146–162 | 163 – 171 | 172 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 409 | 284 | 285-346 | 347-471 | 472 – 533 | 534 |
3×10 м қайталап жүгіру | 9,5 | 10,4 | 10,3-10,0 | 9,9 – 9,1 | 9,0 –8,7 | 8,6 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 20,0 | 11,5 | 12,0 –15,5 | 16,0-24,0 | 24,5-28,0 | 28,5 |
8-сынып
Барлығы - 102 сағат (аптасына 3 сағ.)
Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын
тоқсандарға бөлу
Бағдар-лама түрлері | Бағдарлама бөлімдері | Оқу тоқсандары | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | Σ | |||||||
Базалық | 1. Жеңіл атлетика | 8 | - | - | 8 | 16 | |||||
2. Спорт ойындары | 14 | - | 14 | 8 | 36 | ||||||
3. Гимнастика | - | 14 | - | - | 14 | ||||||
4. Шаңғы | - | - | 10 | - | 10 | ||||||
5. Ұлттық ойын түрлері | - | 4 | 2 | - | 6 | ||||||
6. Жүзу | - | - | - | 8 | 8 | ||||||
Базалық компонент бойынша сағаттар саны: | 22 | 18 | 26 | 24 | 90 | ||||||
Вариативті | 1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты | 5 | 3 | 4 | - | 12 | |||||
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану) | | | | | | ||||||
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны: | 5 | 3 | 4 | - | 12 | ||||||
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ ): | 27 | 21 | 30 | 24 | 102 |
Ескерту:
* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.
** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.
БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстанда қысқы спорт түрлерінің даму тарихы. Жылдамдық-күш жаттығуларын өз бетімен орындау және жаттығуды орындау кезінде серігін сақтандыру ережелері. Қауіпсіздік ережелері. Жарақат алу кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек.
Жеңіл атлетика
Жүгіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. 30 м және 60 м жылдам жүгіру. 200 м және 3000 м жүгіру. Техника бойынша үдей жүгіру (30-40 м). Эстафеталық жүгіру (жүгіру қашықтығын мұғалім анықтайды).
Секірулер. Секіру техникаларын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгірудің дербес үлгісін таңдау. Жүгіріп келіп «аяқты бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіруді толық үйлесімде орындау. Жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіруді толық үйлесімде орындау.
Лақтырулар. Лақтыру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Бір орыннан шағын допты нысанаға лақтыру. Жүгіріп келіп шағын допты алысқа лақтыруды толық үйлесімде орындау.
Жүгіру, секіру және лақтырулардан құрылған ойындар мен эстафеталар.
Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Сынақ тапсырмалары: 60 м және 100 м жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, 3×10 м алға-артқа жүгіру, 2000 м жүгіру, шағын допты алысқа лақтыру.
Гимнастика
Алдыңғы сыныптарда үйретілген оқу материалын қайталау.
Саптық жаттығулар. Бір орында адымдап тұрып алға адымдауды колоннада (залды айнала қозғалған кезде) және қатарда (залдың ортасына қозғалған кезде) орындау; бір колоннадан екі, үш және төрт колоннаға қайта сап құруды (залды айнала қозғалған кезде) қозғалыста орындау. Үш колонаға орналасып залды айнала қозғалу кезінде қолды созу (алға және қапталға), ажырау.
Жаттығулар кешені: дұрыс мүсінді қалыптастыруға арналған жаттығулар; тыныс алу гимнастикасының жаттығулары; дене саламғын реттеуге және дене дамуының дербес ерекшеліктерін ескере отырып дене келбетін түзетуге арналған жаттығулар кешені; жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Акробатика. Ұлдар: төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Алға ұмтыла аунау, жүрелей отырған қалыптан басқа және қолға күшпен тұру. Төменгі сыныптарда үйретілген элементтерден құрылған акробатикалық жаттығулар. Оқушылардың денелік және техникалық ерекшеліктерін ескере отырып төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған гимнастикалық комбинация.
Қыздар: төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. «Көпір» қалпынан шалқая бұрылып бір тіземен таяну; жүрелей отырған қалыптан аяқты бүгіп басқа тұру; бір бүйірмен айналу. Төменгі сыныптарда игерілген хореография және ырғақты гимнастика элементтерінен құрылған комбинация.
Таянып секіру. Таянып секіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Кіші ағаш аттан немесе ұзына қойылған ағаш аттан аяқты ашып секіру (ағаш аттың биіктігі ұлдар үшін 110-120 см). Көлденең қойылған ағаш аттан 90º бұрылып бір бүйірмен секіру (ағаш аттың биіктігі қыздар үшін 110 см). Таянып секіруді бөліп орындау.
Керме (ұлдар). Кермеде тартылу. Тербеліп тұрып шалқая көтеріліп таяну; таянып тұрып сол (оң) аяқты алға, артқа асыра өткізу; асылу қалпына баяу түсу; аяқты алға сермеп секіріп түсу.
Қос сырық (ұлдар). Секіре көтеріліп таяну; алға сермеп аяқты ашып отыру; аяқты ортаға түсіру; аяқты алға (артқа) сермеп, бір қолмен сырықтан ұстап тұрып секіріп түсу.
Түрлі биіктіктегі арыс (қыздар). Төменгі сырыққа секіре шығып таяну; жоғарғы сырыққа таянуға ауысу; аяқты төменгі сырыққа қойып, жоғарғы сырықта асылу; төменгі сырықта таяну; қолмен жоғарғы сырықтан ұстап тұрып оңға (солға) бұрылып артқа сермеле секіріп түсу.
Бөрене. Тепе-теңдік жаттығулары. Жүгіріп келіп, секіріп мініп жүрелей отырып таяну – қол екі қапталда; бір орында екі аяқпен секіру, күрделенген адым; алға қозғала отырып бір аяқтан екіншісіне ауыса қарғу; бөрененің екінші басына дейін жүгіру және бөренеге көлденеңнен аяқты ашып секіріп түсу.
Сынық тапсырмалары: Кермеде тартылу; арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру; бірізділікпен домалап аунау; еденде таянып жатып қолды бүгіп-жазу.
Шаңғы
Шаңғымен жүру техникаларын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Игерілген шаңғы жүрістерінің техникасын және бір жүрістен екіншісіне ауысуды жетілдіру. Таянып және сермеп бұрылу. Аттап өту және асып түсу тәсілдерімен табиғи кедергілерден өту. Шаңғышының төмен тұру қалпында еңіске түсу. Соқаша тежелу. Конький тәсілімен жүру. Шаңғы жүрістерін кезектестіре отырып белгілі бір қашықтықты өту (қашықтықты мұғалім немесе оқушылар анықтайды).
Сынақ тапсырмалары: шаңғымен 3 шқ қашықтықты өту.
Дала жарысы
Денелік және техникалық дайындықтың арнайы жаттығулары. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Жазық далада ойлы-қырлы жерден жүруді жүгірумен кезектестіру; жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу және асып түсу арқылы кедергілерден өту; 2 шқ жүгіру.
Сынақ тапсырмалары: 2 шқ дала жарысы.
Спорт ойындары
Футбол. Футбол ойынының техникалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Допты қозғалыста беру. Алдау әрекеттері (финт). Қарсыластан допты тартып алу (құлай ұмтылып). Қақпашының техникасы (допты төменнен, жоғарыдан, құлап қағып алу; соғып және асырып жіберу). Айып соққылары, еркін соққы және допты қақпа маңынан ойынға қосқан кездегі шабуыл мен қорғаныстағы топтық тактикалық әрекеттер. Қорғанысты ұйымдастыру және қарсылас қарымта шабуыл ұйымдастырған кездегі техникалық-тактикалық әрекеттер. Тактикалық ойын комбинацияларын шыңдау. Футбол және мини-футбол ойындары.
Волейбол. Волейбол ойынының техникалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Допты төменнен және жоғарыдан тігінен ойынға қосу (тордан асырып). Допты құлап қабылдау (кеудемен құлап төменнен қабылдау, құлап допты жоғарыдан қабылдау, арқамен аунау). Дербес тактикалық әрекеттер. Командалық техникалық-тактикалық әрекеттер (алдыңғы шептегі шабуылшылардың өзара әрекеттері, артқы шептегі ойыншылардың өзара әрекеттері). Волейбол оқу ойыны.
Баскетбол. Баскетбол ойынының техникалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Төменгі сыныптарда үйретілген ойыншының дербес техникасын жетілдіру. Қорғаныстағы техникалық-тактикалық әрекеттер: «дербес қорғаныс» (прессинг); «ортаңғы ойыншы арқылы» және «ортаңғы ойыншысыз» шабуылдаудың командалық жүйесі. Баскетбол оқу ойыны.
Гандбол. Гандбол ойынының техникалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығының жаттығулары.
Қозғалу түрлерінің техникасынан құрылған комбинациялар. Допты қабылдау және беруді әлсіз қарсылықпен орындау. Жеті метрлік айып соққысын орындау. Техникалық-тактикалық әрекеттер: қорғаныстағы және жылдам шабуыл ұйымдастырған кездегі ойыншылардың өзара әрекеттері. Гандбол оқу ойыны.
Қазақтың ұлттық ойындары
Ұлттық-мәдени бағыттағы ойындар мен жаттығулар. «Тоғызқұмалақ» ойыны.
Жүзу
Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Жүзу техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар.
Брасс. Брасс тәсілімен жүзу кезіндегі аяқтың қимылдары. Брасс тәсілімен жүзу кезіндегі қолдың қимылдары. Тыныс алуды тоқтатып брасс әдісімен жүзу. Белгілі бір қашықтықты жүзіп өту. Жүзу техникасын жетілдіруге арналған ойындар және ойын түріндегі тапсырмалар.
Жүзудің кез-келген спорттық тәсілдерінің бірімен 50 м қашықтықты жүзіп өту.
8-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері
№ | Қорытынды жаттығулар | ұлдар | қыздар | ||||
«5» | «4» | «3» | «5» | «4» | «3» | ||
1. | 60 м жүгіру (с) | 8,8 | 9,7 | 10,5 | 9,7 | 10,2 | 10,7 |
2. | 2000 м жүгіру (мин, с) | 10,00 | 10,40 | 11,40 | 11,00 | 12,40 | 13,50 |
3. | 3000 м жүгіру | уақыт есептелмейді | |||||
4. | Ұзындыққа секіру (см) | 410 | 370 | 310 | 360 | 310 | 260 |
5. | Биіктікке секіру (см) | 130 | 120 | 105 | 115 | 105 | 95 |
6. | Доп лақтыру (150гр), м | 42 | 37 | 28 | 27 | 21 | 17 |
7. | Биік кермеде тартылу(рет) | 9 | 7 | 5 | - | - | - |
8. | Арқада жатып (қол жел-кеде) денені көтеру (рет) | - | - | - | 15 | 10 | 6 |
9. | Шаңғымен 3 шқ жүгіру, (мин, с) | 18,00 | 19,00 | 20,00 | 20,00 | 21,00 | 23,00 |
10. | Шаңғымен 5 шқ жүгіру | уақыт есептелмейді | |||||
11. | 50м жүзу (мин, с) | 0,47 | у/е-мейді | 25м | 1,06 | у/е-мейді | 25м |
12. | 2000 м жазық далада жүгіру (мин, с) | - | - | - | 12,30 | 13,30 | 14,30 |
13. | 3000 м жазық далада жүгіру (мин, с) | 16,30 | 17,30 | 18,30 | - | - | - |
8 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
ұлдар
Сынақ түрлері | Дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | тө-мен | орташа-дан төмен | орташа | орташадан жоғары | жо-ғары | |
30 м жүгіру | 5,0 | 5,7 | 5,6 – 5,4 | 5,3 – 4,7 | 4,6 -4,4 | 4,3 |
Бір орыннан ұзындыққа секіру | 188 | 167 | 168 -177 | 178 – 198 | 199– 208 | 209 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 463 | 314 | 315-388 | 389–537 | 538–611 | 612 |
30×10 м қайталап жүгіру | 8,6 | 9,6 | 9,5 – 9,2 | 9,1 – 8,2 | 8,1 – 7,9 | 7,8 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 30 | 21 | 22 –25 | 26 -34 | 35 – 38 | 39 |
8 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
қыздар
Сынақ түрлері | Дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | тө-мен | орташа-дан төмен | орташа | орташадан жоғары | жо- ғары | |
30 м жүгіру | 5,7 | 6,4 | 6,3 – 6,1 | 6,0 – 5,4 | 5,3 -5,1 | 5,0 |
Бір орыннан ұзындыққа секіру | 160 | 134 | 135 -147 | 148 – 172 | 173 – 185 | 186 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 420 | 240 | 241–330 | 331–510 | 511–600 | 601 |
30×10 м қайталап жүгіру | 9,3 | 10,2 | 10,1–9,8 | 9,7 –8,9 | 8,8 –8,5 | 8,4 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 23 | 16 | 17 –19 | 20 -26 | 26 – 29 | 29,5 |
9-сынып
Барлығы – 102 сағат (аптасына 3 сағ.)
Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу
Бағдар-лама түрлері | Бағдарлама бөлімдері | Оқу тоқсандары | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | Σ | |||||||
Базалық | 1. Жеңіл атлетика | 8 | - | - | 8 | 16 | |||||
2. Спорт ойындары | 14 | - | 12 | 8 | 34 | ||||||
3. Гимнастика | - | 14 | - | - | 14 | ||||||
4. Шаңғы | - | - | 10 | - | 10 | ||||||
5. Ұлттық ойындар | - | 3 | 3 | - | 6 | ||||||
6. Жүзу | - | - | - | 8 | 8 | ||||||
Базалық компонент бойынша сағаттар саны: | 22 | 17 | 25 | 24 | 88 | ||||||
Вариативті | 1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты | 5 | 4 | 5 | - | 14 | |||||
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану) | | | | | | ||||||
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны: | 5 | 4 | 5 | - | 12 | ||||||
Оқу жылы бойынша сағаттар сан (Σ ): | 27 | 21 | 30 | 24 | 102 |
Ескерту:
* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.
** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.
БІЛІМ НЕГІЗДЕРІ
Дене жаттығуларының адам ағзасының жүйелері мен мүшелеріне тигізетін әсері. Дәрігерлік бақылау. Төзімділікті дамытуға ықпал ететін жаттығуларды өздігімен орындау тәртібі. Өзін-өзі бақылау ережелері. Президенттік сынақтың нормативтерін тапсыруға дайындалудың мақсаттары мен міндеттері.
Жеңіл атлетика
Жүгіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Биік және төмен мәрелік қимыл. Мәрелік екпін. 100 м жүгіру. 400м, 800м қашықтыққа бірқалыпты екпінмен жүгіру. 1000 м (қыздар), 2000 м (ұлдар) жүгіру. 30-40 м қашықтықты үдей жүгіру. Эстафеталық жүгіру (жүгіру қашықтығын мұғалім анықтайды).
Қозғалыстың жылдамдығы мен бағытын өзгеріп жүгіру нұсқалары. Табиғи кедергілерден өтіп жүгіру.
Секірулер. Секіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгірудің дербес әдісін таңдау. Ұзындыққа тізені бүгіп секіру әдісін толық үйлесіммен орындау. Биіктікке аттап өту тәсілімен секіруді толық үйлесіммен орындау.
Лақтырулар. Лақтыру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Шағын допты жүгіріп келіп алысқа лақтыруды толық үйлесімде орындау.
Жүгіру, секіру және лақтырулардан құрылған ойындар мен эстафеталар. Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар.
Сынақ тапсырмалары: 30 м, 100 м жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, 3×10 м алға-артқа жүгіру, 2000 м (ұлдар), 1000 м (қыздар) жүгіру, шағын допты алысқа лақтыру, биіктікке секіру (арнайы жабдықтары бар мектептерде).
Гимнастика
Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау.
Саптық жаттығулар. Бір орында адымдап тұрып алға белгілі адым санын жасауға көшу. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау.
Оқушылардың денелік даму ерекшеліктерін ескеретін, дене салмақтарын реттеуге арналған тыныс алу гимнастикасы мен дәстүрлі емес гимнастика жаттығуларының кешені. Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар.
Акробатика
Ұлдар: төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Биіктігі 90 см кедергіден секіре-аунап өту; бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріле қолға тұру; бір бүйірмен айналу. Төменгі сыныптарда үйретілген акробатикалық жаттығулар. Оқушылардың дербес техникалық және тактикалық дайындық деңгейлерін ескере отырып, төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан гимнастикалық комбинациялар құру.
Қыздар: төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау және жетілдіру. Бір аяқпен тепе-теңдік ұстау, алға ұмтылу және алға аунау; бір бүйірмен айналу. Хореография және ырғақты гимнастика элементтерінен құрылған өзіндік комбинация.
Таянып секіру. Таянып секіру техникасын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Серіппе мен ағаш аттың арақашықтығын есептей отырып аяқты ашып секіру (ұлдар үшін биіктігі – 120 см). Қиғаш бағытпен жүгіріп келіп бір аяқты сермеп, екіншісімен итеріліп ағаш аттан секіріп өту (қыздар үшін ағаш аттың биіктігі – 115 см).
Керме (ұлдар). Кермеде тартылу. Бір аяқпен ілініп тұрып (ілініп асылу) көтерілу, аяқты ашып таяну (жоғарыдан таяну)
Қос сырық (ұлдар) Қолдың қарымен таянып тұрып тербелу; алға сермеп, аяқты ашып отыру. Аяқты төмен түсіру және қолмен сырықтан ұстап тұрып алға (артқа) сермеп секіріп түсу.
Түрлі биіктіктегі сырық (қыздар). Төменгі сырыққа қарғи мініп таяну; жоғарғы сырыққа таянуға ауысу; қолмен сырықтан ұстап тұрып аяқты артқа сермеп, бұрыла (оңға, солға) секіріп түсу.
Бөрене. Тепе-теңдік жаттығулары (қыздар). Бір орында орындалатын жаттығулар: жүрелей отыру, сол (оң) аяқпен жүрелей отыру – оң (сол) аяқ қапталда (артта); бөренеде тігінен жүрелей отыру; оң (сол) аяқпен тепе-теңдік ұстау – сол (оң) аяқ алға, қапталда, артта (қол екі жанда). Таяну орнын ауыстырып орындалатын жаттығулар: жүру, жүгіру, бұрылулардың түрлері; бұрын үйретілген 3-4 жаттығулардан құралған комбинациялар.
Арқанға өрмелеу (ұлдар). Аяқтың көмегінсіз екі арқанға өрмелеу; аяқтың көмегімен бір арқанға өрмелеу (уақытқа).
Сынақ тапсырмалары:кермеде тартылу; арқада жатып кеудені көтеру (қол желкеде); алға біренеше рет аунау; таянып жатып қолды бүгіп-жазу.
Шаңғы
Шаңғы жүрістерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар.
Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Игерілген шаңғы жүрістерін, бір жүрістен екіншісіне ауысу техникаларын жетілдіру. Шырша және сырғи итерілу тәсілімен көтерілу. Шаңғымен табиғи кедергілерді айналып өту. Шаңғышының жоғары тұру қалпында еңіске түсу. Тіреле және бүйірмен сырғи тежелу түрлері. Конький тәсілімен жүру. Шаңғы сайысының тактикалары: қашықтық бойы күшті дұрыс бөлу, көшбасшы болу, басып озу, сөреден өту түрлері. Шаңғы жүрістерін кезектестіре отырып белгілі қашықтықты өту (қашықтықтың ұзақтығын мұғалім анықтайды).
Сынақ тапсырмалары: шаңғымен 3 шқ қашықтықты өту.
Дала жарысы
Денелік және техникалық дайындықтың арнайы жаттығулары. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Жазық далада жүруді жүгірумен кезектестіру; жүгіру, секіру, жүру, өрмелеу және асып түсу арқылы табиғи кедергілерден өту. 4 шқ (қыздар), 6 шқ (ұлдар) дала жарысы. Далалық жарыс тактикасының элементтері: қашықтық бойы күшті дұрыс бөлу, көшбасшы болу, басып озу, сөреден өту түрлері.
Сынақ тапсырмалары: Жазық далада 2 шқ (қыздар) және 3 шқ (ұлдар) қашықтықты жүгіріп өту.
Спорт ойындары
Футбол. Допты игеру техникасы мен алаңда қозғалуды жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар. Шабуыл мен қорғаныста ойнау тактикасының элементтері. Шабуыл мен қорғаныстағы ойыншының дербес ойыны. Тактикалық ойын комбинацияларын шыңдау. Футбол және мини-футболдың оқу-үйрену ойындары.
Волейбол. Волейбол ойынының техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Шабуыл соққылары, тосқауыл қою, сақтандыру түрлері. Ойыншының дербес тактикалық әрекеттері. Топтық және командалық техникалық-тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны.
Баскетбол. Баскетбол ойынының техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Бұрын үйретілген ойынның дербес техникасын жетілдіру. Шабуыл мен қорғаныстағы топтық және командалық техникалық-тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны.
Гандбол. Гандбол ойынының техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Жалпы дене дайындығына арналған жаттығулар. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Алаңда қозғалу және допты игеру техникасынан құрылған комбинациялар. Шабуыл мен қорғаныстағы дербес, топтық және командалық техникалық-тактикалық әрекеттер. Оқу-үйрену ойыны.
Қазақтың ұлттық ойындары
Ұлттық-мәдени бағыттағы ойындар мен жаттығулар. Ұлттық спорт түрлерінің элементтері (ойын және жаттығу түрлерін мұғалім анықтайды).
Жүзу
Жүзудің техникалық тәсілдерін жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар. Төменгі сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. Брасс тәсілімен жүзу. Қол, аяқтың қимылдары және тыныс алуды үйлестіру жаттығулары. Брасс тәсілімен толық үйлесімде жүзу.
Жүзу техникасын жетілдіруге арналған ойындар мен ойын түріндегі тапсырмалар.
Спорттық жүзудің үйретілген тәсілдерінің бірімен 50 м қашықтықты уақытқа жүзіп өту.
9-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері
№ | Қорытынды жаттығулар | ұлдар | қыздар | |||||
«5» | «4» | «3» | «5» | «4» | «3» | |||
1. | 60 м жүгіру (с) | 8,4 | 9,2 | 10,0 | 9,4 | 10,0 | 10,5 | |
2. | 2000 м жүгіру (мин, с) | 9,20 | 10,00 | 11,00 | 10,20 | 12,00 | 13,00 | |
3. | 3000 м жүгіру | уақыт есептелмейді | ||||||
4. | Ұзындыққа секіру (см) | 430 | 380 | 330 | 370 | 330 | 220 | |
5. | Биіктікке секіру (см) | 130 | 125 | 110 | 115 | 110 | 100 | |
5. | Доп лақтыру (150 гр), м | 45 | 40 | 31 | 28 | 23 | 18 | |
6. | Биік кермеде тартылу (рет) | 10 | 8 | 7 | - | - | - | |
7. | Арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру (рет) | - | - | - | 20 | 15 | 10 | |
8. | Аяқтың көмегінсіз арқанға өрмелеу (м) | 5 | 4 | 3 | - | - | - | |
9. | Шаңғымен 3 шқ жүгіру, (мин, с) | 17,30 | 18,00 | 19,00 | 19,30 | 20,00 | 21,30 | |
10. | Шаңғымен 5 шқ жүгіру | уақыт есептелмейді | ||||||
11. | 50 м жүзу, (мин, с) | 0,43 | у/е-мейді | 25 м | 1,05 | у/е-мейді | 25 м | |
12. | 2000 м жазық далада жүгіру (мин, с) | - | - | - | 11,30 | 12,30 | 13,30 | |
13. | 3000 м жазық далада жүгіру (мин,с) | 15,30 | 16,30 | 17,30 | - | - | - |
Ескерту: Білім беру саласының аймақтық және жергілікті жердегі органдары климаттық және экологиялық жағдайларға байланысты оқу нормативтерін өзгертуге құқықтары бар.
9 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
ұлдар
Сынақ түрлері | Дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | тө-мен | орташа-дан төмен | орташа | орташа-дан жоғары | жоғары | |
30 м жүгіру | 5,0 | 5,9 | 5,8 – 5,5 | 5,4 – 4,6 | 4,5 -4,3 | 4,2 |
Бір орынна ұзындыққа секіру | 197 | 176 | 177 - 186 | 187–207 | 208 - 217 | 218 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 555 | 374 | 375- 464 | 465-645 | 646– 735 | 736 |
3×10 м қайталап жүгіру | 8,5 | 9,6 | 9,5 – 9,1 | 9,0 – 8,0 | 7,9 -7,6 | 7,5 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 37 | 26 | 24-31 | 32-43 | 44– 48 | 49 |
9 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
қыздар
Сынақ түрлері | Дене дайындығының деңгейі | |||||
Х | тө-мен | орта-шадан төмен | орташа | орташа-дан жоғары | жоғары | |
30 м жүгіру | 5,6 | 6,7 | 6,6 – 6,2 | 6,1 – 5,1 | 5,0 -4,6 | 4,5 |
Бір орынна ұзындыққа секіру | 164 | 137 | 138 -151 | 152 – 176 | 177 – 191 | 192 |
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру | 428 | 259 | 260– 343 | 344 – 502 | 503– 586 | 587 |
3×10 м қайталап жүгіру | 9,3 | 10,3 | 10,2 – 9,9 | 9,8 –8,8 | 8,7 –8,3 | 8,2 |
Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен) | 25 | 18,5 | 19 –21,5 | 22 -28 | 28,5-31 | 31,5 |
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Пәндік нәтижелер
Негізгі орта білім алушы (5-9 сыныпты бітіруші) оқушылар:
- дене жаттығуларын орындау техникаларын бақылау әдістерін, дене жүктемелерінің тәртібін (жүректің қысқару жиілігі бойынша), сабақ кезіндегі өзінің көңіл-күйін (сыртқы және ішкі белгілері бойынша);
- күн тәртібіндегі дене жаттығуларының рөлін;
- дене шынықтырудың ағзаның қызмет ету жүйелеріне тигізетін әсерін білуі/түсінуі тиіс;
- денсаулықты нығайтуды;
- денелік және спорттық жетілу қажеттіліктерін ескере отырып, дене тәрбиесінің өзіне қолайлы түрін жоспарлауды;
- гимнастикалық, акробатикалық, жеңіл атлетика жаттығулары кешенін және спорт ойындарының техникалық-тактикалық әрекеттерін орындауды;
- дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды;
- бағдарламада берілген спорт түрлері бойынша өткізілетін жарыстарда төрелік етуді меңгере білуі тиіс;
5 сынып оқушылары дене қимылдарының мына қасиеттерін көрсетуі тиіс:
Дене сапалары | Дене жаттығулары | 9 сынып | |
ұлдар | қыздар | ||
Жылдамдық | Төменгі сөреден 60 м жүгіру | 6,2 | 6,3 |
Күш | Кермеде тартылу (рет) | 2 | - |
Бір орынна ұзындыққа секіру (см) | 137 | 130 | |
Аласа кермеде асыла жатып тартылу (рет) | - | 6 | |
Арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру (1 мин ішінде көтеру саны) | 12 | 12 | |
Төзімділік (ұсынылып отырған жаттығулардың бірін таңдау) | Дала жарысы (мин) 2 шқ | уақыт есептелмейді | |
Шаңғымен 2 шқ жүгіру (мин) | уақыт есептелмейді | ||
1500 м жүгіру (мин) | 11,0 | 11,30 | |
3×10 м қайталап жүгіру (с) | 9,8 | 10,3 |
6 сынып оқушылары дене қимылдарының мына қасиеттерін көрсетуі тиіс:
Дене сапалары | Дене жаттығулары | 9 сынып | |
ұлдар | қыздар | ||
Жылдамдық | Төменгі сөреден 60 м жүгіру | 5,8 | 6,1 |
Күш | Кермеде тартылу (рет) | 3 | - |
Бір орынна ұзындыққа секіру (см) | 150 | 140 | |
Аласа кермеде асыла жатып тартылу (рет) | - | 7 | |
Арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру (1 мин ішінде көтеру саны) | 15 | 15 | |
Төзімділік (ұсынылып отырған жаттығулардың бірін таңдау) | Дала жарысы (мин) 2 шқ | 8,50 | 10,10 |
Шаңғымен 2 шқ жүгіру (мин) | уақыт есептелмейді | ||
1500 м жүгіру (мин) | 11,0 | 11,30 | |
3×10 м қайталап жүгіру (с) | 9,7 | 10,3 |
7 сынып оқушылары дене қимылдарының мына қасиеттерін көрсетуі тиіс:
Дене сапалары | Дене жаттығулары | 9 сынып | |
ұлдар | қыздар | ||
Жылдамдық | Төменгі сөреден 60 м жүгіру | 11,0 | 11,2 |
Жылдам қарқында секіргішпен секіру (с) | 20 | 10 | |
Күш | Кермеде тартылу (рет) | 4 | - |
Бір орынна ұзындыққа секіру (см) | 168 | 152 | |
Аласа кермеде асыла жатып тартылу (рет) | - | 11 | |
Арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру (1 мин ішінде көтеру саны) | 30 | 18 | |
Төзімділік (ұсынылып отырған жаттығулардың бірін таңдау) | Дала жарысы (мин) 2 шқ | 15,00 | 16,00 |
Шаңғымен 2 шқ жүгіру (мин) | 14,30 | 15,00 | |
1000 м жүгіру (мин) | - | 5,30 | |
2000 м жүгіру (мин) | 9,30 | - | |
Алға бірізділікпен домалау, аунау (рет) | 5 | 3 | |
3×10 м қайталап жүгіру (с) | 9,0 | 9,6 |
8 сынып оқушылары дене қимылдарының мына қасиеттерін көрсетуі тиіс:
Дене сапалары | Дене жаттығулары | 9 сынып | |
ұлдар | қыздар | ||
Жылдамдық | Төменгі сөреден 60 м жүгіру | 10,5 | 10,9 |
Жылдам қарқында секіргішпен секіру (с) | 25 | 15 | |
Күш | Кермеде тартылу (рет) | 5 | - |
Бір орынна ұзындыққа секіру (см) | 170 | 155 | |
Аласа кермеде асыла жатып тартылу (рет) | - | 15 | |
Арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру (1 мин ішінде көтеру саны) | 33 | 23 | |
Төзімділік (ұсынылып отырған жаттығулардың бірін таңдау) | Дала жарысы (мин) 2 шқ | 14,00 | 15,00 |
Шаңғымен 3 шқ жүгіру (мин) | 20,00 | 23,00 | |
2000 м жүгіру (мин) | 11,0 | - | |
1000 м жүгіру (мин) | - | 5,10 | |
Алға бірізділікпен домалау, аунау (рет) | 6 | 4 | |
3×10 м қайталап жүгіру (с) | 8,7 | 9,2 |
9 сынып оқушылары дене қимылдарының мына қасиеттерін көрсетуі тиіс:
Дене сапалары | Дене жаттығулары | 9 сынып | |
жігіттер | қыз балаларр | ||
Жылдамдық | Төменгі сөреден 60 м жүгіру | 9,8 | 10,2 |
Жылдам қарқында секіргішпен секіру (с) | 20 | 10 | |
Күш | Кермеде тартылу (рет) | 7 | - |
Бір орынна ұзындыққа секіру (см) | 180 | 165 | |
Аласа кермеде асыла жатып тартылу (рет) | - | 12 | |
Арқада жатып (қол желкеде) денені көтеру (1 мин ішінде көтеру саны) | 37 | 25 | |
Төзімділік (ұсынылып отырған жаттығулардың бірін таңдау) | Дала жарысы (мин): қыз балалар 2 шқ жігіттер 3 шқ | - 17.30 | 13.30 - |
Шаңғымен 3 шқ жүгіру (мин) | 19.00 | 21.00 | |
2000 м жүгіру (мин) | 9.30 | - | |
1000 м жүгіру (мин) | - | 5.00 | |
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігі | Бірізділікпен домалау, аунау (рет) | 6 | 4 |
3×10 м қайталап жүгіру (с) | 8,0 | 9,0 |
Тұлғалық нәтижелер
Негізгі білім беру бағдарламасын игеру кезінде пайда болатын тұлғалық нәтижелер мынаны айқындауы керек:
- патриотизмді, өз Отанына, көпұлттық Қазақстан Республикасының өткені мен келешегіне деген құрметті тәрбиелеу; жауапкершілік және Отан алдындағы борышты сезінуді тәрбиелеу;
- оқу-үйренуге жауапкершілікпен қарау, оқушылардың үйрену мен танымға деген қызығушылықтарын ояту арқылы дербес дамуға және өз беттерімен білім деңгейлерін көтеруді қалыптастыру, сонымен қатар еңбекке деген құрметті қалыптастыру арқылы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға белсенді ат салысуды дамыту;
- өз құрбыларымен, өзінен кіші және үлкендермен қарым-қатынас орнатуда, ересектерден білім алуда, қоғамдық маңызы бар жұмыстарды орындауда, ғылыми, шығармашылық және өзге де іс-әрекеттерді орындау кезіндегі құзіреттілікті қалыптастыру;
- қауіпсіз және салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру; адамдардың өміріне және денсаулығына нұқсан келтіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжым болып әрекет ету ережелерін, көлікке мінгенде және жолда жол ережелерін сақтауды игеру.
Жүйелік-әрекеттік нәтижелер
Негізгі білім беру бағдарламасын игерудің жүйелік-әрекеттік нәтижелер мынаны айқындауы керек:
- жұмыс істеу қабілетін жоғарылату, денсаулықты сақтау мен нығайтуды;
- жеке, ұжымдық және отбасылық демалысты ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық-спорттық көпшілікке арналған жарыстарға қатысуды;
- белсенді шығармашылық жұмыстар, салауатты өмір салтын таңдау және қалыптастыруды;
- өзінің оқуға деген мақсатын дербес анықтап, оқу және танымдық іс-әрекеттер кезінде жаңа міндеттер жүктей және құра білу, өзінің танымдық қызығушылықтарын дамытуды.