СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дене шынықтырудан: "Футбол элементтері" тақырыбының сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шағын орталықтың  2 - сәбилер тобына арналған сабақ жоспары. Жоспары тығыз әрі сапалы жазылған.  

Просмотр содержимого документа
«Дене шынықтырудан: "Футбол элементтері" тақырыбының сабақ жоспары»

Білім беру саласы : «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Футбол элементтері»

Негізгі қимылдар:

Қақпаға доп домалату (арақашықтығы 2 м).

Қос аяқпен секіру (бір аяғы алда, екіншісі артта).

Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 3 м)

Мақсаты: Допты екпінмен итеру және доп қимылының бағытын сақтауды үйрету. Секіруде аяқты қою күйін біртіндеп ауыстыра білуді бекіту. Тіреуіштің кішірейтілген алаңы бойымен жүруде қалыпты тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру.

Құралдары: ленталар,кедергілер,доп,кеглилар

Билингвалды компонент: Қақпа-ворота, аяқ-нога;

Іс-әрекет кезеңдері

Нұсқаушының іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушы

Кіріспе бөлім:


-Балалармен амандасу.

-Сәлеметсіңдерме балалар!



-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?


Ұсынылған жағдаятқа

қатынасын көрсету

-Балалар белгі бойынша сап тізбекке тұрады.


-Сәлеметсізбе!


-Көңіл күйіміз жақсы.



Ұйымдастыру

іздестіру

Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді.



Жаттығуларды ленталармен жасау.


  • Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау үшін екі қатарға бөлінуге нұсқау береді

  • Таныс жаттығуларды атайды.. Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.

Жалпы дамытушы жаттығуларды дұрыс жасауларын қадағалау.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.





  • Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

  1. Қақпаға доп домалату (арақашықтығы 2 м).







  1. Қос аяқпен секіру (бір аяғы алда, екіншісі артта).





  1. Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 3 м)


Қозғалмалы ойын

«Туннельдің ішінен еңбектеп өту»



Балаларға дене қызуларын басып, демалу барысында ұсынылады.

Аз қозғалмалы ойын.

Кеглиларды құлат





Ойынды аяқтау.

Балаларды бір қатарға жинау.

Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).

Жүруідің әртүрлі қимылдарын жасап жүреді.Маршпен,аяқ ұшымен,өкшемен, секіріп.

  • Сапта жүріп келе жатып ленталарды алып екі қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

  • -Балалар қолдарын тура бағытта алдыға қарай созады.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды


- Балалар нұсқаушының түсіндіруі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

- Балалар бір қатарға тұрып нұсқаушының белгісімен бір-бірден тұрып қақпаға доп домалату жаттығуын орындайды.


-Қос аяқпен секіру жаттығуларын жасайды. Өткен іс-әрекетте жасаған жаттығуларды еске түсіреді.


-Балалар белгіленген сызықтан шықпай жүруге жаттығады.


-Балалар ойынның шартын түсініп ойнайды.

-Арнайы жасақталған тунельдің ішінен шапшаңдықпен өту керек.




Балалар кезек-кезек кеглиларды құлатып ойнайды.

-Дәл көздеу,көз мөлшерін жаттықтырады.



Балалар бір қатарға тұрады.




Рефлексивті-түзетушілік

Іс – әрекетті қорытындылау

-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесін талдайды:

-Қандай жаттығулар жасадық?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

Балаларды мадақтау.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

-Балаларға бір қатарға түзелуге белгі беріп рахмет айтып қоштасу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің нәтижесі бойынша сұрақтарға жауап береді:

-Өздеріне ұнаған жаттығуларын айтады



Нұсқаушыға көмек көрсету ниетін таныту

-(Нұсқаушымен бірге спорттық құрал-жабдықтарды жинайды)

- Қоштасу

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қос аяқпен секіруді біледі (бір аяғы алда, екіншісі артта)

Нені игеру керек: Қақпаға доп домалатуды игереді

Нені біледі: Сызық арасымен жүру жаттығуын біледі