Сабақ тақырыбы: §45-47. Денелердің жүзу шарттары. Су көлігі. Ауада ұшу.
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларға шөгім, су ығыстырым, ватерсызық, , кемелердің жүзуі, көтеріші күш, ауада ұшу туралы ұғым қалыптастыру.
- Сұйық ішіндегі денеге ауырлық және кері итеруші күш әсер ететіндігін, егер осы күштердің бірі көп болған жағдайды тәжірибе жасай отырып, меңгерту.
- Өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран
Демонстрациялар: «Гидростатика» жиынтығы бойынша сүңгуір қайықтың жұмысын демонстрациялау.
Просмотр содержимого документа
«Денелердің жүзу шарттары. Су көлігі. Ауада ұшу.»
Сабақ тақырыбы: §45-47. Денелердің жүзу шарттары. Су көлігі. Ауада ұшу.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға шөгім, су ығыстырым, ватерсызық, , кемелердің жүзуі, көтеріші күш, ауада ұшу туралы ұғым қалыптастыру.
Сұйық ішіндегі денеге ауырлық және кері итеруші күш әсер ететіндігін, егер осы күштердің бірі көп болған жағдайды тәжірибе жасай отырып, меңгерту.
Өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран
Демонстрациялар: «Гидростатика» жиынтығы бойынша сүңгуір қайықтың жұмысын демонстрациялау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сағат тілдері бойынша жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар. Оқушылар әр сағат тіліне сыныптастарының есімдерін жазады.
Мұғалім экранға сұрақтары бар сағаттың суретін шығарады. Әр оқушы жазған сыныптастың жанына барып осы сұрақтарға жауап алады.
Шынықтыру мәдениетіне не жатады?/Жүзу/
Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)
Аяғы жоқ, жүреді,Сылқ-сылқ, күледі Бұлақ.
Теңізде бәрі үрейлі: аяқсыз қылыш жүзіп келеді (кеме)
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Мұғалім: балалар, қалай ойлайсыңдар бұл сұрақтардың барлығы неге байланысты? (кемеге, суға, жүзуге)
Ендеше біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Денелердің жүзу шарттары. Су көлігі. Ауада ұшу.»
Сабақтың мақсатын анықтау (плакат)
2. Үй тапсырмасын тексеру (оқушылар өз бағаларын параққа қойып отырады) Тест жұмысы
Бағалау критерийлері: 7-«5», 6-5-«4», 5-3-«3», 3-0-«2»
3. Жаңа сабақ
Топқа бөлу: 3-топ
Проблемалық сұрақ: балалар, бүгінгі тақырыпты ашып-зерттеу үшін сендерге осындай сұрақ қойғым келеді және берілген тапсырманы орындау барысында осы сұраққа жауап іздеңдер.
Неге байланысты денелер жүзеді, жартылай батады немесе батады?
1-тапсырма: постермен жұмыс: 45,46,47-параграфтар.
2-тапсырма: әр топқа жеңіл сұрақтар беріледі
1-топ:Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?
2-топ:егер дененің ауырлық күші архимед күшінен үлкен болса, онда денемен не болады?
3-топ: егер дененің ауырлық күші архимед күшінен кіші болса, онда денемен не болады?
Мұғалім постерлерге өз бағасын қояды
Оқушылар мұғалімнің бағасын бағалау парағына қояды
Төмен оқитын оқушы жеңіл сұраққа жауап береді
Өзін-өзі бағалап, бағалау парағына барлық топқа өз бағасын қояды
4. Сабақты бекіту
3-тапсырма: әр топқа есептер беріледі
Орташа оқитын оқушы есепті тақтаға шығарады немесе постерге
Өзін-өзі бағалап, бағалау парағына барлық топқа өз бағасын қояды
5. Сабақты қорытындылау
Бағалау критерийлеріне стикерге өз есімдерін жазып, жабыстырады.
Түсініксіз
Түсіндім
Түсіндім, қолдандым
Бағалау
Мұғалім қорытынды суммативті бағалауын шығарып, нәтижесін айтады.
Үйге тапсырма:45-47-параграфтарды оқу, мазмұндау
Үлгілі оқушыларға қосымша тапсырма: кемелердің түрлері, даму тарихы
(Жукенова, Елубаева, Изтелеуева,)
7-модуль
Диалогтік оқыту
СТО
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
АКТ
Талантты және дарында балаларды оқыту
Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру
Білім беруді басқару және көшбасшылық
Массасы 100 кг, көлемі 0,2 м3 дене суат бетінде жүзіп жүре ме, әлде батып кетеді ме? Жауабы: (ауырлық күші 1000Н архимед күші 2000 Н)
Кеменің суға батқан бөлігінің көлемі 25 м3 . кеменің массасы неге тең? Судың тығыздығы 1000 кг/м3. M= V*
Жауабы: 25 тонна
Кеменің салмағы 1000 кН. Ол қанша су көлемін ығыстырып шығарады? V=P/g
Жауабы:100 м3