СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК – ін анықтау.

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

7 сыныпқа арналған сабақ жоспары мұғалімдерге пайдасына жарар деген үміттемін.

Просмотр содержимого документа
«Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК – ін анықтау.»

7-сынып


7 зертханалық жұмыс. Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау.

Көлбеу жазықтықтың ПӘК – ін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.

Құрал – жабдықтар: тақтай, динамо-

метр, өлшеуіш таспа немесе сызғыш,

ағаш білеуше, жылжымалы қысқашы

бар штатив.

1 – тапсырма: Денені Һ биіктігіне бір-

қалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.

Жұмыстың барысы: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді. А1= F1Һ.

Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретін F күші дененің Р ауырлық күшіне тең : F1= Р.

Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:

1) білеуді көтеретін Һ биіктігін таңдап алыңдар;

2) білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;

3) білеуді Һ биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.

Жұмысты орындау: 1.Білеуді көтеретін биіктікH=40 см=0.4 м

Ауырлық күші F=0,7 Н. Көтергенде істелетін жұмыс А1= F1Һ. =0,7Н*0,4 м=0,28Дж

2 – тапсырма. Денені көлбеу жазықтың бойымен Һ биіктігіне бірқалыпты көтергенде істелетін жұмысты анықтау.

Жұмыстың барысы: Денені жоғарыдағы таңдап алынған
Һ биіктігіне тік көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы L көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге де болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1 2), оның есесіне жолдан ұтыламыз (LҺ). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2= F2L

«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір - біріне тең: А1= А2 немесе F1Һ= F2L

Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2 пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А2 А1

  1. Тақтайды көлбеу орналастырыңдар (Һ биіктік пен көтерілетін білеу өзгеріссіз қалуы керек);

  2. Көлбеу жазықтықтың L ұзындығын өлшеңдер;

  3. Білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдарда, F2 тарту күшін өлшеңдер;

  4. Білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.

Жұмысты орындау: 1. Биіктік Һ=40 см=0.4 м

2. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы L=65 см =0,65 м

3. F2 тарту күші F2=1,2Н

4. Білеуді көлбеу жазықтықпен көтергенде істелетін жұмыс

А2= F2L =1,2Н*0,65м=0,78 ДЖ

3 – тапсырма. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК-ін) табу.

Жұмыстың барысы: Көлбеу жазықтықты пайдаланып, білеуді көтергендегі көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін пайдалы А1 жұмысты толық А2 жұмысқа бөлгенге тең: ŋ= немесе (%) есептесек: : ŋ=*100 %

ПӘК –ті табу үшін : 1) Көлбеу жазықтықтың ПӘК –ін есептеңдер;

2) Механиканың «Алтын ережесін» пайдаланып (§76) үйкеліс есепке алынбаған жағдайда көлбеу жазықтық күштен қандай ұтыс беретінін есептеңдер. Есептелге F2 мәнімен динамометр арқылы өлшенген F2 мәнін салыстырыңдар;

3)Көлбеу жазықтықтың Һ биіктігін өзгертіңдер де істелген жұмыстарды және көлбеу жазықтықтың ПӘК –ін анықтаңдар;

Зертханалық жұмыстың барлық тапсырмалары бойынша алынған нәтижелерді мына кестеге түсіріңдер;

1.Көлбеу жазықтықтың ПӘК- =*100%=36%

2.Көлбеу жазықтықтың формуласы - = F2= F1Һ/ L=0,4Н

F2- динамометрмен өлшенген мәні 1,2 Н, есептелген мәні -0,4 Н себебі үйкеліс күші бар

3.Көлбеу жазықтық биіктігін өзгертеміз Һ=60 см=0,6 м

Ап= F1Һ=0,42 Дж АТ= F2L=0,97 Дж; =*100%=43%

Көлбеу жазықтық бойымен тарту күші

F2 (Н)

Ауыр-

лық

күш F1(Н)

Білеуді көлбеу жазықтық бойымен қозғалтып көтергенде істелетін толық жұмыс

А2=F2 (Дж)

Көлбеу жазықтық

биіктігі,

Һ (м)

Көлбеу жазық-

тық

ұзын-дығы,

L (м)

Білеуді тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыс ,

А1 =F1Һ (Дж)

ПӘК (%)

0,4

0,7

0,78

0,4

0,65

0,28

43


Қорытынды: Көлбеу жазықтық арқылы денені Һ биіктікке көтергенде пайдалы жұмыс Ап толық жұмыстанАТ аз болады. Көлбеу жазықтық биіктігі артқан сайын пайдалы әсер коэффициенті артады.