СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Денсаулық бағыты бойынша "Ақсерек-көксерек" ойын сабағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың ой-өрісін дамыту үшін жасалған бұл жоспар мектепке дейінгі балалардың қызығушылығын арттырады. 

Просмотр содержимого документа
«Денсаулық бағыты бойынша "Ақсерек-көксерек" ойын сабағы»

Ойынның тақырыбы : «Ақ серек,көк серек»

Ойынның мақсаты:

1.Балаларды тез жүгіруге және шапшаңдыққа үйрету.

2 Батыл, жедел қимыд жасауға жаттықтыру.

3.Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дайындық бөлімі (5-7 минут)

1.Бір қатарға сапқа тұру керек.

2.3-4 минут жүгіру және жүру.

3.Төмендегі жаттығуларды орындау.

- «Қолды бастан жоғары шапалақта», қолды жанға созу, қолды жоғары көтеріп шапалақтау.

- «Алақанды көрсет». Б.қ. қолды шынтақтан бүгіп, саусақтарды иыққа қою. Екі қолды кезек-кезек алдыға, артқа айналдыру. Оң қолды көтеру, түсіру. Сол қолды көтеріп түсіру. Иіліп саусақтарды аяқтың басына тигізу.

-Б.қ.-еденде отыру. Аяқтар иық кеңдігінде. Екі қолды артқа қойып, тірелеміз. Оң аяқты көтеріп, аяқтың ұшын түзейміз. Сол аяқты көтеріп, аяқтың ұшын түзейміз.

- «Секіру».Б.қ. бір орында тұрып екі аяқпен орта жылдамдықта секіру.

Негізгі бөлім (20минут)

Балаларды сапқа тұрғызып, ойынның мазмұнымен, ережесімен таныстыру.

Ойынның мазмұны.

Ойын жазда ойналады. Ойнаушылар екі топқа бөлініп, бір-бірінен 30-40 метрдей жерде қол ұстасып, қаз-қатар тізіліп тұрады. Өз тобының оң жақ басынды басқарушылар болуға тиіс. Жеребе бойынша ойынды бастау ие болған топтың жетекшісі:

Ақ серек, көк серек,

Бізден сізге кім керек?-

Деп екінші топтан сұрайды. Оған қарсыластары былай деп жауап береді:

Ақ серек, көк серек,

Сонау тұрған Арманның өзі керек,-деп қарсы жақтың ойыншысының атын атайды. Сол шақырылған бала жүгірген қалпымен қол ұстасып тізіліп тұрған топтың ең әлсіз деген жерінен үзір өтуге тырысады.

Егер ол үзіп кетсе, үзілген жердегі бір баланы өз тобына апарып қосады. Үзе алмаса, ол сол топта қалады. Ендігі кезек екінші топқа беріледі. Оларда осы тәртіп бойынша ойынды жалғастырады. Ақыры ұтылған топта аз мөлшерде, кейде жалғыз басқарушы ғана қалады.

Ұтқан топ өз жүлдесін алады. Жүлдені тәрбиеші өз қалауынша ұсынады.

Ойынның ережесі.

1.Бір тізбекте тұрғандар өлеңді барлығы бір уақытта айтып аятауы тиіс.

2.Балалар қолдарын қатты қыспауы керек.

3.Бір баланы қайта-қайта шақыра беруге болмайды.

Әдістемелік нұсқаулар.

Екі топтың балалары ара қашықты сақтау керектігі айтылады. Ойын басталғаннан аяқталғанға дейін тәрбиеші қадағалап отыру керекті айтылады.

Қорытынды бөлім (3минут)

Ойынды қорытындылау. Жеңімпаз топты анықтау. Мадақтау.