МЕКТЕПТЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫН ДАМЫТУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ
Қазақстан Республикасы Конституцияның 29 бабында «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар» деп көрсетілгендей, «Қазақстан-2030» Жолдауында жас ұрпақтың толыққанды денсаулығын қалыптастыру міндеті қойылған.
Денсаулық бұл–адамның ең ұзақ ғұмыры бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үдерісі. Ендеше, жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата – анасына, одан соң білім нәрімен сусындататын мектепке және қоршаған ортаға байланысты.
Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру - күн тәртібінде тұрған өзекті мәселердің бірі. Сондықтан жаңа ғасырда табалдырықтан аттап, мектебіміздің есігін айқара ашқан кезде «Бүгінгі күні заманымызға сай оқушымыз, ұстазымыз қандай, мектебіміз қандай болу керек?» деген сан сұраулар көкейімізде тұрды. Педагогикалық кеңесте мектептің жағдайы ескеріле келіп, «Денсаулықты сақтау мектебі» бағытында жұмыс жүргізу қаралып, бекітілді. Оның мақсаты: Оқушылардың денсаулығы үшін зиян келтірмейтін сапалы білім мен саналы тәрбие беру қызметінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін мектеп мүмкіндігін пайдалану арқылы денсаулықты сақтау білім кеңістігін құру.
Оқу–тәрбие үдерісінің сапасы мен нәтижесі ең алдымен алдымызда отырған өскелең ұрпақ пен соны өмірге жетелейтін мұғалім денсаулығына тікелей байланысты болатынын ескере келіп, жыл басында 1–сыныпқа қабылданатын әрбір баланы педагогикалық –психологиялық және дәрігерлік зерттеулерден өткізілді:
ата – аналармен бала денсаулығы, мінез–құлқы мен мектепке дайындығы туралы пікірлесу жүргізіліп, баланың жеке басының ерекшелігі туралы жан–жақты ақпарат жинақталды. Бұл жұмыстарды қалалық балалар емханасынан бөлінген балалар дәрігері, мектеп медбибісі мен мектеп психологі, сынып жетекшілері бірлесіп атқарды.
Мектептің ашылуына орай қаланың барлық мектептерінен жинақталған 2 – 11 сынып оқушылары да жоғарыдағы әдіс – тәсілмен толық зерттеулер мен бақылаудан өткізілді.
Осындай зерттеулер мен бақылаулар нәтижесінде мектеп оқушыларының мынадай денсаулық жағдайы анықталды.
Мектеп оқушыларының денсаулық жағдайы

Талдаулар нәтижесі бойынша іс – шаралар жоспарлау қолға алынды.
Дені сау бала оқу үдерісіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл күйі жоғары болады. Сондықтан да мектептің негізгі міндеті - әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерді дамыту.
Бұл міндетті орындау мектеп ұжымынан жаңаша педагогикалық көзқарасты, жарық көрген байқау оқулықтарын жаңаша оқытуды, денсаулығын аялай отырып, баланың дамуына ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды талап етеді. Әрине, бұл міндетті жүзеге асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдаудан шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар мұғалім қажет. Осы қажеттіліктер мектептің әдістемелік жұмысын қайта қарауға, оқыту үдерісіне денсаулық сақтау технологияларын енгізу мәселелері төңірегінде мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру жұмысын ұйымдастыруға себепші болды. Оқу жоспарына өзгерістер енгізілді. Мектеп психологі сыныптардағы оқыту үдерісіне араласып, мұғалім, оқушы әрекетіне терең талдаулар жүргізуге мәжбүр болады.
Денсаулықты сақтау мектеп ортасын құру алдында оқушылардың денсаулық жағдайына әсер ететін факторларға зерттеулер жүргізілді. Оған әсер ететін төрт кешенді проблемалар жиынтығы анықталды.
Біріншіден, жаңа жағдайға ( әлеуметтік ортаны ауыстыру), жаңа іс әрекетке (ойыннан оқу еңбегіне ауысу) бейімделу.
Екіншіден, оқушыға оқу үдерісінің талаптарына икемделу қажет. Әлеуметтік ортадан түсетін қысым (ата-ана, сыныптасы, мұғалім) неғұрлым жоғары болса, соғұрлым білім алу қажеттілігін және қоғамның дамуын сезіну күшті жүреді. Өйткені елімізде сапалы білім мемлекеттік жүйенің бірінші әлеуметтік тапсырысы болып табылады.
Үшіншіден, «қоғамды технологизациялау» оқу бағдарламаларын қиындату, оқытуды компьютерлендіру, мектеп оқушыларының білім көлемін ұлғайту.
Міне, осы санаулы ғана аталып отырған факторлар әсерінен психологиялық өзгерістер туындайды.
Патологиялық көрсеткіштерді талдай келе, балалар денсаулығындағы ауытқуларды байқауға болады. Кіші жастағы оқушыдан сыныбы өскен сайын денсаулықтарындағы ауытқулардың белгілі бір ауру түрлеріне қарай өсунемесе кему динамикасы байқалады.
Мектеп оқушыларының ауру түрлерінің статистикасы

Бұлар:
Қан қысымы синдромдары - мұғалімдер тарапынан оқушыны
жалықтыратын оқытудың әдістерін көрнекі және практикалық оқытудан басым өткізуі, шамадан тыс үй тапсырмаларының көп берілуі, оқу үдерісімен оқу тәртібін ұйымдастырудың жеткіліксізідігі, оқу кестелерінің оқушылардың ой еңбек қабілеттеріне сай құрылмауы;
2. Тыныс жол ағзаларының аурулары – оқу бөлмелерінде гигиеналық
талаптардың сақталмауы (желдету, жарықтандыру) статистикалық
жүктеме, қозғалыс белсенділігінің аздығы;
3. Сүйек-бұлшық ет жүйесі-оқу үдерісіндегі қозғалыс белсенділігінің
жеткіліксіз болуы;
4. Көздің көру қабілетінің төмендеуі - оқу үдерісіндегі гигиеналық
нормалардың бұзылуы, сабақта денсаулыққа зиян келтіретін
оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдарды қолдану;
5. Жүйке жүйелер аурулары- оқушылардың психофизиологиялық
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері есепке алынбай, оқу- тәрбие
үдерісінің денсаулық сақтау талаптарының бұзылуы, есеңкірету
жағдайлары;
6. Аллергиялық тері аурулары–әр-түрлі бояулар, жасанды оқу
құралдарымен жиһаздар иісі, шаң, тағы басқалар;
7. Ас қорыту-үздіксіз білім беру жүйесінде тамақтану сапасының
сақталмауы;
8. Жалпақ табан - сауықтыру дене тәрбиесі сабақтарының жүйесіздігі;
9. Бездердің қабынуы – мектеп ғимараттарының температуралық
жағдайларының санитарлық нормаларға сай болмауы.
Аталған факторлардан басқа да көптеген себептер оқушы денсаулығына тікелей және жанама әсерін тигізеді. Осындай себептерді ескере келе, мектепте өткен оқу жылында оқушылармен сабақ алдында 15 минуттық таңғы және сабақ аралық динамикалық үзілістер ұйымдастырылып, тұрақты жүргізіліп келе жатыр. Сондай-ақ үзіліс арасында оқушылардың қозғалыс белсенділіктерін арттыру және омыртқа майысуларының алдын-алу мақсатында би билеу және ән айту сергіту жаттығулары жасалады.
Денсаулықты сақтау және нығайту мектебі аурулардың алдын-алу ғана емес, сондай ақ сауықтыру және қалпына келтіру іс шараларын да қолға алған. Күзгі жәнее көктемгі уақыттарда мектеп оқушылары аскорбин қышқылын қабылдаумен толық қамтылған. Мектеп асханасында оқушылардың витаминді шөп шай қабылдауына жағдай жасалған. Ауру түрлеріне қарай арнаулы дәрігерлік топтағы оқушылармен мектеп дәрігерінің қатысуымен емдеу алдын –алу кешенді жаттығуларды дене тәрбиесінің мұғалімдері тұрақты жүргізеді.
1-11 сынып оқушылары және мұғалімдер жүзу сабағымен қамтылды.
Мектеп мұғалімдерімен оқушыларға түсетін жүктемелерді азайту, сабақты өткізудің белсенді, иновациялық әдіс -тәсілдерін қолдануды іс жүзіне асыру үшін жоғары оқу орындарының ғалымдары тартылып, семинар сабақтар ұйымдастырылып жүргізілуде. Мектеп маңы оқу -тәжірибелік алаңында емдік шөптер егу қолға алынды. «Өзін өзі тану» пәнін апробациялау және енгізу үшін мектеп республикалық тәжірибелік-сынақ алаңы болып ашылды.
Денсаулық сақтау мектеп жұмысын жандандыру, оқушыны жалықтырмай сабақты қызықты өткізу, әрбір сабақта инновациялық технологияларды тиімді қолдану бойынша 2007-2008 оқу жылы мектеп мұғалімдері:
30 мұғалім «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциясынан;
2 ұстаз «Мектеп оқушыларының дене бітімі және психикалық денсаулығына мониторинг» тақырыбына Павлодар педагогикалық институтында;
2 мұғалім «Өзін-өзі тану» пәнінен Облыстық мұғалімдер білімін арттыру институтында курстық даярлықтан өтті.
Денсаулығы төмен ұстаз бен шәкірттің берері де аз, нәтижесі де төмен. Жан саулығы мен тән саулығы үйлесімді болған жердің де көңілі көтеріңкі, нәтижесі жоғары. Көз болаты өткір, дені сау сергек, дене сымбаты толысқан, көкірегі ояу шәкірт ұстазын талай асулардан асырып, белестерге шығаратыны сөзсіз. Олай болса, ең бастысы оқушы мен ұстаз денсаулығын сақтау.