Тақырыбы: Жасыннан шыныксан – гасырга жарайсын.
Мақсаты:
Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл,
таза да әдемі болуға тәрбиелеу. Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, денсаулық туралы кітапшалар көрмесі.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру барысы
ІІ.Кіріспе
Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбірадам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашанқұлшына кіріседі. Халқымыз «дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдырыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың –салауатты өмір салтын сақтау. Біздин де өмірімізді жарық қылатын, жан-
жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық.
Мұғалім: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар: Шынығып, спортпен шугылданып, тазалық сақтауымыз керек.
Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Жасыннан шыныксан –гасырга жарайсын» деп аталады. Денсаулық –зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Дені сау адамның көңілішат, өмірі бақытты.
Денсаулық ол шыныққын
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол –күлуің
Көңіл-күйің жадырай,
Денсаулық ол –жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Әр түрлі жұқпалы аурулардың адамға микробтар арқылы таралатыны және одан
микробтардың кір-қоқысты жерлерде өсіп-өніп, шаң-тозаңмен бірге ауаға көтерілетіні баршамызға белгілі жағдай. Сондықтан тұрмыста тазалық сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдайекенін естен шығармаған дұрыс.
Адамның денсаулығы, еңбекке қабілетті болуы көбінесе үйдегі тұрмыс жағдайына байланысты.Сондықтан да үй тұрмысы, әсіресе оның тазалығы белгілі санитарлық-гигиеналық талапқа сайболуы қажет. Үй ішіндегі бөлмелер тұратын адам санына сай және әрқашанда құрғақ та жылы, күнсәулесі жақсы түсетін кең болуы керек.
Балалар, біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын оқушылар болса, олар
туралы мынандай олен жолдарыбар.
Күнде бетін жумайды,
«Жу» десең-ақ тулайды.
Өз-өзінен өкпелеп,
Жатып алып тұрмайды.
Дейді ақырып «Жолама»,
Сондай бала бола ма?
Беті қандай кір еді,
Айниды адам жүрегі.
Көрсе осы бір кескінін,
Күледі-ау жұрт, күледі.
Сондай бала бола ма?
Сендер оған жолама.
Ал тазалықты сақтайтын, жақсы ұқыпты балалар туралы не айтамыз?
Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық,
Істемейді шалалық,
Тап-таза боп жуынып,
Алады өзі таранып.
Балалар, салауатты өмір дегенді қалай түсінесіңдер? Салауатты өмір салты деген не?
Оқушылар: Спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, жаман
қылықтардан аулақ болу, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу.
Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттыңтіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
Қақпаға туралап
Теп допты оң аяқ
Теп допты сол аяқ
Жаттығу, сол аяқ
Жаттыға оңай – ақ
Ал балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық
А дегенде отырып
Б дегенде тұрайық
А - Б, А – Б, А – Б.
Мұғалім: Сонымен ішімдіктің, темекінің, нашақорлықтың денсаулыққа зиян екенін білдік. Тағынелерге зиян?
Оқушылар: Еңбек етуге,қоғамға, ұрпаққа, отбасына зиян.
Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін,
Біз тілейміз ұрпақты амандығын.
Ей болашақ саулығың өз қолыңда,
Уламасын тәніңді у, санаңды мұң.
Нашақорлық жайлаған індет білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем.
Күресуге ғасырдың тағдыры үшін
Оған сен де міндетті, міндетті мен.
Балалар денсаулыққа зиян жаман әдеттерден аулақ болу үшін өзіміз білетін нақылсөздер мен мақалдарды окып, даптеримизге жазып алайык.
Болар бала кісілікке үйір
Тозар бала ішімдікке үйір.
Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Тәні саудың – жаны сау.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Кортынды
Жиырма бірінші ғасырда,
Ашық аспан астында,
Денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын,