| I КЕЗЕҢ. «Алтын ұяшық» (топ қатысушылары ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.) 1 ұяшық. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ Жауабы: дене тәрбиесі 2-ұяшық. Ол судан қорқады, одан кір қорқады Жауабы: сабын 3-ұяшық. «Таза» сөзінің антонимі, синонимі Жауабы: кір, синонимі: мұнтаздай, жылан жалап кеткендей, тұнық, мөлдір 4-ұяшық. Сан есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата Жауабы: Сан есім заттың санын білдіретін сөз табы. Неше? Ненінші? Қанша? деген сұрақтарға жауап береді. 5-ұяшық. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Жауабы: 9 6-ұяшық. Фонетика қандай сала? Жауабы: тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы II КЕЗЕҢ. Мақал – сөз мәйегі ( әр топ ұяшықтарды таңдап, мақалдың жалғасын табады) 1-ұяшық. Денсаулықтың қадірін ... білерсің. Жауабы: ауырғанда 2-ұяшық. Дені саудың ... сау. Жауабы: жаны 3-ұяшық. Аурудың ... жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ. Жауабы: жақсысы 4-ұяшық. Еңбектен асқан ... жоқ. Жауабы: ем 5-ұяшық. ... – жаман ауру Жауабы: жалқаулық 6-ұяшық. Жарлының байлығы – Дәнінің ... Жауабы: саулығы III КЕЗЕҢ. Постер қорғайық (үш топтың басшысы жеребе арқылы тақырыпты таңдайды. Таңдап алынған тақырып негізінде постер қорғайды) 1-тақырып. Денсаулыққа зиянды заттар 2-тақырып. Денсаулыққа пайдалы заттар 3-тақырып. Денсаулыққа пайдалы және зиянды тағамдар IV КЕЗЕҢ. Кім жылдам (қатысушылардың артына әріптер жабыстырылады. Жабыстырылған әріптерден 30 с ішінде сөзді табу керек, әуен қосылып тұрады) топқа футбол топқа жануар топқа қасқыр |