Есетаева Айгүл Мұхаметқалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық- зор байлық
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – тыңдаушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ұжымдық ойлау, сұхбаттасу.
Грамматикалық анықтама: барыс септік (қайталау)
Сабақтың жабдықталуы: слайд, видео, интерактивті тақта, орысша-қазақша сөздік, дәрігерлік құралдар, себет, жеміс пен көкіністер, дәрумендер.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті әріптестер, ұстаздар! Бейнекөріністен, слайдтан не көрдіңіздер? Бейнекөріністі көргенде ойларыңызға не келді? – деген сияқты сұрақтарды қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.
Бүгінгі өткізгелі отырған ашық сабағымыз денсаулық жайлы болмақ.
Психологиялық ахуал
«Жан жүрек сыры»
(Жүректен шыққан жылы сөздерін, тілектерін айтады)
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректерге Сіздер жылы, мейірімді сөздерді, тілектеріңізді бір-бірімізге жазуларыңызды сұраймын. Сол үлкен жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастырасыздар.
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?
Иә, өйткені сіздер жылы лебіздеріңізді, тілектеріңізді білдірдіңіздер.
Өмірде ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу - ол еліне, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға, қасыңыздағы адамның пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.
Күндей жарық, айдай арайлы,
Жұлдыздай жарқын, судай мөлдір,
Таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастайық!
II. Қызығушылықтарын ояту кезеңі
Дәрігерлік аялдама
Сұраққа жауап беріңіз.
1-тапсырма. Денсаулық деген не? Денсаулық деген сөзді қалай түсінесіздер?
1. Ерте тұру.
2. Жаттығу жасау.
3. Дұрыс тамақтану.
4. Тазалықты сақтау.
5. Дұрыс ұйықтау.
6. Өзіңді сергек ұстау.
7. Зиянды нәрселерден аулақ болу.
8. Спортпен шұғылдану.
9. таза ауада көбірек жүру
10. адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі
11. Артық тамақ ішпеу.
12. Күн тәртібін дұрыс ұстау.
13.Денсаулық- тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады
Д-дем алу.
Е-еңбектену.
Н-нашақорлыққа жоламау.
С-салауатты болу.
А-алғырлық.
У-уайымсыз өмір.
Л-лайықты өмір.
Ы-ынта.
Қ-қозғалыс.
Денсаулық зор байлық» денсаулық болса, бәрі де болады.
II. Жаңа сабақ
Негізгі тірек сөздерді қайталап шығайық
Оқылым
Сурет пен сөйлемдерді сәйкестендіріңіз. Соедините картинки с предложениями.
| | Тамағым ауырып тұр | | |
| Менің тісім ауырып тұр. | |
| Маған тұмау тиген секілді. | |
| Мен қолымды күйдіріп алдым. | |
| Менің қызуым көтерілілп тұр. | |
| Арманның белі ауырып тұр. | |






Сөйлемді толықтырыңыз. Дополните предложения.
Тамағым ауырып тұр | | Саусағыңды кесіп алма | | Тұмау тиген секілді |
|
Қолыңды күйдіріп алма | | Қолын сындырып алды | | Тісім ауырып тұр |
Мен бүгін қатты сөйлей алмаймын. Себебі менің .
Менің__________ _________ __________, сондықтан тіс дәрігеріне барамын. Тісімді емдеу керек.
Мен қатты тоңып тұрмын. Басым ауырып тұр. Маған ___________ _________ __________.
Ақырын, шай ыстық екен. __________ ____________ _________.
Мына, пышақ өткір екен. Абайла, __________ ____________ _________.
Ол бүгін емтиханға бармайды, себебі ол бәрі бір жаза алмайды, өйткені ол __________ ____________ _________.
Бәрекелді! 1 кезеңді тамаша орындап өттік.
Сөйлесім
Дәрігерлік пошта
Топтық жұмыс.
Не пайдалы? Не зиян?
Берілген сөздерді өз орнына орналастырыңыз.
Спортпен шұғылдану, қуырылған тамақ, темекі, есірткі, көп ұйқы, күлкі, балық, дәрумен, серуен, таза ауа, арақ-шарап, майлы және тұзды тағам, еңбек, торт, сүт тағамдары, теледидарды көп көру, кітап оқу, күріш ботқасы, дұрыс тамақтану.

Сергіту сәті Сіз базарға бардыңыз. Базарда жеміс-жидек пен көкөніс көп. Себетіңізге не саласыз? Қайсы денсаулыққа пайдалы? Құрамында қандай дәрумен бар? Таңдаңыз.
Дәрумендердің адам денсаулығына пайдасы.
Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.
Мысалы:
«А» дәрумені: қызыл бұрышта, сарымсақта, қызанақта бар.
«В» дәрумені: қиярда, қырыққабатта, сәбізде кездеседі екен.
«С» дәрумені қарақатта, лимонда, мандаринде кездеседі.
«Д» дәрумені: алмада, алмұртта, пиязда, жүзімде .
«Денсаулыққа- ең пайдалы тағамдар»
Балық-қартаюға ең қарсы азық, миды жүректі қорғайды.
Сүт -витамин , минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Жаңғақ -жүректің қызметін реттейді.
Жұмыртқа- миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Көк шәй- ішектердің, тыныс жолдарының жұмысын реттейді
Алма- сүйекті қуаттандыратын витамині бар.
Шие -күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ- инфекцияларды жояды
Айран, сүзбе, ірімшік- тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша-бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан-жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді
ГРАММАТИКА
Еске түсіріңіз!
Жазылым
Барыс септіктің жалғауларын жазыңыз
1. Қанат нефрологқа көрін+ді. Оның бүйрегі ауыр+а+ды.
2. Жұлдыз неврапотологқа көрін+ді. Оның жүрегі ауыр+а+ды.
3. Бекжан стоматологқа көрін+ді. Оның тісі ауыр+а+ды.
4.Нұртас лорға көрін+ді. Оның тамағы іс+іп кетті.
5.Сәбира педиатрға бар+ды. Оның қызы ауыр+ып қалды.
6. Қайрат окулистке жазыл+ды. Оның көзі ауыр+ып жүр.
Тыңдалым.
№45 Тыңдаңыз. Толықтырыңыз. Оқыңыз. Прослушайте. Дополните. -Прочитайте.
Дұрыс тамақтану ______________ кепілі. Бұны жақсы түсінеміз, алайда қазіргі кезде көп адамдар ______________ тамақтанбайды. Мысалы, таңғы, түскі, немесе кешкі асты ______________ ішпейді. Себебі жұмыс уақыты сай келмейді немесе ______________ уақытын дұрыс пайдаланбайды.
______________ дұрыс тамақтанудың бірнеше жолын ұсынады.
Мәтіннің жалғасын тыңдаңыз. Белгілеңіз.Прослушайте продолжение текста. Отметьте.
IV. Рефлексия
(«Қолшатыр» тренингі)
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Тыңдаушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
темекі шекпеу, ішімдік ішпеу,тамақтану, спортпен шұғылдану,таза ауада серуендеу, демалу т.с.с).
V. Қорытынды
Құрметті тыңдаушылар, әріптестер! Міне, бүгін өздеріңізбен «Денсаулық–зор байлық» - атты тақырыбында қазіргі заманымыздағы өзекті мәселелердің бірі – денсаулық жайында біршама сөз қозғап, өз ойымызды ортаға салдық. Ендеше, Сіз бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз? Қандай әсер алдыңыз?
Тыңдаушылар сабақтан алған әсерлерін айтып, қорытынды жасайды.
VI.Үйге тапсырма. «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында эссе жазу
Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Гүліміз жайқалып өссін! - деген тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.