Просмотр содержимого документа
«Диктант Бозторғай»
Сабақтың тақырыбы: Диктант Бозторғай
Мақсаты:Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі:Білімді есепке алу сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Бақылау-байқау әдісі
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
-Қыста қыстап қалатын кішкентай құс қай құс?
-Бозторғай
ТОРҒАЙ АҒАШ ҚОРҒАЙДЫ
ІІІ.Мағынаны тану: Бозторғайлар туралы жалпы мәлімет:
Бозторғайлар – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Ұя салмаған кезде, топтасып ұшады. Бұлардың ішінде ең көп кездесетіні – бозторғай .Оның қанатының ұзындығы 8,5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктерменқоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.
Диктант Бозторғай.
Омар атам үй сыртындағы бақшаны аралап келе жатты.Түні бойы суық жаңбыр жауды.Жер саз.Атай жусанның ығында бүрісіп отырған кішкентай құсты көрді.Ұшуға жарап қалған бозторғайдың балапаны екен.Тұмсығының жиектері сап-сары.Өзіне әбден жаңбыр өткен.Екі қанаты салбырап, дір-дір етеді.
Тапсырма:
1.Мәтінде неше сөйлем бар жақша ішіне цифрмен жазып көрсет
2.Бозторғай сөзіне дыбыстық талдау жаса
ІҮ.Ой толғаныс: Бозторғай сөзінен сөз жасам жаса
-боз, торғай,тоғай,тор,ай,тай,торай,бай т.б.
Үйге тапсырма: пысықтау.
Ү. Оқушыларды бағалау
оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.