Просмотр содержимого документа
«Диктант "Құрманғазы Сағырбаев"»
Сабақ тақырыбы: Диктант Құрманғазы Сағырбаев.
Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, өнер адамдарын құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау-жинақтау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Бақылау-байқау әдісі
Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.
ІҮ. Ой қозғау:
-Қ.Сағырбаев кім?
-Сазгер деп кімді айтамыз?
-Оның шәкірті кім?
-Қ.Сағырбаев туралы әңгімелейік:
Құрманғазы Сағырбаев.
Құрманғазы Сағырбаев–ұлы күйшi,сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Бiз бастауыш мектептен бастап, сазгердiң күйлерiн тыңдап, тамашалаймыз. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра қалдырған.Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын.
Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар. ұлы сазгер өмiрдi сүйген.
(41 сөз.)
Тапсырмасы: 1. Сөйлем саны:
2.Күйші,сазгер сөздерінің түбірі мен қосымшасын ажырат.
3.Аспаптар сөзіне дыбыстық талдау жаса
ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау.
Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.