СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Диктант Соңғы алма

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру

Просмотр содержимого документа
«Диктант Соңғы алма»

Сабақ тақырыбы: Диктант Соңғы алма

Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, өнер адамдарын құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау-жинақтау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Бақылау-байқау әдісі

Пәнаралық байланыс: Еңбекке баулу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

Соңғы алма

Күз айы еді. Рысбек ауланы жапырақтардан тазартып жүрген еді. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алмаға көзі түсті. Рысбек ойланбастан алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлап түсті. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алма кірпінің үстінде кетті. (44)


Тапсырма

1.Мәтінде қанша сөйлем бар?

2.Соңғы сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді белгіле

3.Алма деген сөзге бірнеше жалғау қосып жаз

ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.