Әдістемелік нұсқаулық.
3-сынып. Жаратылыстану. Табиғат физикасы Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Электр және магнит туралы не білеміз?
Сабақта қарастыратын оқу мақсаттары:
3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;
3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну;
3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.
Психологиялық жайлы ахуал орнату. Оқушы өз көңіл күйлеріне сәйкес гүлдерді таңдайды. Кейбір оқушылар өз қалауымен таңдауын түсіндіреді. Мысалы, раушан мен кактус гүлдерін пайдалануға болады.
Бәрін бергім келеді! «Поле чудес» ойыны арқылы өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында оқушылар сұрақтар құрастырып, оларға жауап береді. алдын ала Поле чудес тақтасына сұрақтарды дайындап алу керек. Ондағы сұрақтар:
-Электр тізбегі туралы не айта аласың?
-Электр құралдарын ата. Мысал келтір.
-Батереялар қалай белгіленеді?
-Шамдардың шартты белгісі қандай?
-Қыздыру құралдарына мысал келтір.
-Магниттің қандай қасиеттері бар?
-Магниттің неше полюсі бар?
-Оңтүстік полюсті қандай әріппен белгілейміз?
-Солтүстік полюсті ше?
-Сымдарды ажыратса не болады?
-Қандай заттарды магниттеуге болады?
Тапсырманы орындау барысында оқушылар электр мен магниттілік туралы білімдерін толықтырып, қорытындылайды.
Электр құралдары. Мақсаты: Электр құралдардың шартты белгілерін қайталау. Оқушылардың зейінін дамыту. Топқа біріктіру. Оқушыларды электр құралдарының мозайкасы арқылы бірнеше топтарға біріктіруге болады. Тапсырмада оқушылардың зейіні, тапқырлығы дами түседі. Олар топтасып, берілген суреттерден электр құралдарын табады. Тапсырмаға арналған кестені алдын ала дайын қою керек. Кесте толтыра отырып, оқушылар шартты белгілерді естеріне түсіреді.
Зерттеу жұмысы:Мақсаты: Денелердің үйкелудің көмегімен электрленуін анықтау.
Ресурстар: Алдын ала пластмасса қабықпен жабылған құрғақ шыны ыдысты дайындау, жүн мата немесе қолғап, мойынорағыш, кішкентай қағаз шыпшалар таратып беру. Тапсырманы оқушылар жұптасып орындауларына болады. Зерттеудің жоспары:
-Ыдысқа бірнеше шыршаларды салып, ыдыстың қақпағын жауып қойып матамен сүрту;
-Қақпақтың электрлену себебін түсіндіру.
Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға немесе оқушылар жұбына зерттеудің басқа қандай жолмен жүргізуге болатынын сұрауға болады. Мысалы, дымқыл ыдысты пайдаланса не болатыны жайлы зерттеу жүргізуге болады.
Қорытынды: Зерттеудің соңында оқушылар қақпақтың электрлену себебін түсіндіреді. Шыршалардың оған тартылу себептерін талқылайды. Олар құтының құрғақ болуынан электрлену үрдісінің жақсы жүретіні мен дымқыл ыдыста электрленудің болмайтынын қорытындылайды.
Ойлан. Тапсырманың мақсаты: Электр құралдарын пайдаланудағы қауіпсідік ережелерін құрастыру. «Т-кестесі» стратегиясы арқылы оқушылар электр құралдарын пайдаланудың ережелерін құрастырады. Тапсырманы жұппен орындауға болады.
Қосымша ақпарат.
Қазіргі кезде адам өмірін электр қуатынсыз елестету қиын, ал оның қауіпсіздігін сақтамау онан да қиын жағдайға әкеліп соқтырары сөзсіз, сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтай білу өзіңнің өміріңді сақтандырумен барабар. Соңғы кездері балалардың үзілген электр сымдарына ұрынып қалуы жиі байқалады. Дерек көздеріне жүгінсек, электр тогынан жарақат алушылардың саны жыл сайын арта түсуде, яғни жарақаттанушылардың үштен екі бөлігі осы топқа жатады. Балалардың электр тогымен жарақаттануының алдын алу үшін төмендегі ережелерді білулерің керек: электр сымдары өтетін үй-жайлардың шатырына шығуға болмайды; электр сымдары тартылған бағаналарға шығуға болмайды; элетр сымдары тартылған бағаналардың астында отыруға, дем алуға, аялдауға болмайды; көшеде жанып тұрған электр шамдарын қиратуға және тіректердегі ажыратқыштарды сындыруға болмайды; электр сымдарына бір нәрсені іліп қоюға, лақтыруға болмайды.
Үй жағдайында токшәугім, үтік пен жұмыс істегенде қолың су болса айыршықты ұстау өміріңе қауіпті екенін ұмытпа! Бұзылып, істен шыққан тұрмыстық техникаларды өздігіңнен жөндеу орны толмас өкінішке әкелерін әрқашан есіңде ұста! Розетка ұңғысына ток өткізгіш заттарды тығуға қатаң тиым салынатынын ішңнен бірнеше рет қайталап айтып жүр.
Кез келген үзіліп қалған электр сымынан адам өміріне қауіп төнеді. Оларды қолыңмен ұстау былай тұрсын, 5-8 метр қашықтықтан айналып өт, себебі тіпті сымның өзін ұстамай-ақ жақындасаң да, ток соғуы әбден мүмкін. Үзіліп түскен немесе салбырап тұрған электр сымдарын көріп қалсаңдар, бұл туралы бірден ересек адамдарды хабардар етіңдер.
Ток соққан адамды шалқасынан жатқызып, кеудесіндегі түймелерін ағыту керек. Қозғалмай жатқызу керек. Сусын беруге болмайды, өйткені демалысын қиындатады және құстыруы мүмкін. Егер де есін білмесе қырынан қатты жерге жатқызып таза ауамен демалдыру. Бетіне суық су шашу, денесін ысқылап, жылыту керек. Егер демалысы қиындаса, жасанды демалдыру шараларын жүрекке массаж жасау керек, адамның өзі-өзіне келгенше, әйтпесе дәрігер келгенше. Электр тоғы соққанда немесе найзағай соққандағы қауіпсіздік ережесі Тоқты электр жүйесінен дереу ажырату керек Тоқ соққан адамды киімімен тартып алып шығу, ол үшін құтқарушының қолы құрғақ шүберекпен оралуы керек (тек қана бір жақ қолымен ғана), өйткені өзі тоққа түспес үшін. Адам есін жоғалтпаса, оған айғайлау керек, тұрған жерінен секіріп түссін. Жоғары вольтты ток үзілгенде немесе адамға тиіп, тұрса қос аяқтап секіріп кету керек.