СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

" Доға астынан еңбектеп өту "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға доға астынан еңбектеп өту, орнынан ұзындыққа секіруді үйрету. Балалардың денсаулығын түзеп нығайту ,жүруін, икемділігін ой-өрісін дамыту. Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«" Доға астынан еңбектеп өту "»

Білім беру аймағы: Денсаулық.
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1.Доға астынан еңбектеп өту.
2.Орнынан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: Балаларға доға астынан еңбектеп өту, орнынан ұзындыққа секіруді үйрету. Балалардың денсаулығын түзеп нығайту ,жүруін, икемділігін ой-өрісін дамыту. Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Билингвалды сынары: қыс – зима, доға – дуга, ұзындық – длина, секіру – прыжок, орман – лес қоян –заяц


Кіріспе бөлім:
Балалар маршпен залға кіреді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар, қараңдаршы бізде қонақтар бар, спортша қонақтармен амандасайықшы -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? – қыс мезгілінің ерешеліктерін кім айтып береді? Жарайсыңдар балалар.
-Балалалар біз бүгін сендермен бірге, орманға саяхатқа барамыз. Дайынсыңдар ма?
-Олай болса алдымен орман ережесімен таныстырайын:
Орманды жалғыз аралауға болмайды,
Ол үшін бір – бірлеріңнен қалмауларың қажет.
Жарайды естеріңе сақтадыңдар ма? Ендеше сапқа тұрамыз! Алға адымда!
Біз бір – бірінің артынан жүреміз
Орман ішімен жүреміз
Күнге қол созамыз
Аяқ ұшына тұрамыз (аяқ ұшымен жүру)
Енді өкшемен жүреміз
Қаздар ұқсап жүреміз (аяқтың ішімен жүру)
Аюға ұқсап маймаңдаймыз (аяқтың сыртымен жүру)
Аяқты көтеріп жүреміз (зат аттап жүру)
Жолда мұқият боламыз!
Жүгіреміз, жәй жүреміз
Осы жерде біраз отырайық, орманды біз бірге бақылаймыз.

Негізгі бөлім: Жалпы дамыту жаттығулары:
(Әр жаттығу 3реттен қайталанады және 5сек.)
Сырттан сықырлаған дыбыс естіледі
Балалар бұл ненің дыбысы екен тыңдайықшы
Мен қоянмын! Менің бүгін туған күнім. Мен сендерді қонаққа шақырғым келеді, бірақ менің үйшігім құлап қалды. Мен оны жинай алмаймын, көмекшілерім жоқ, не істерімді білмеймін, мүмкін сендер көмектесерсіңдер? (Қоян асығып кетіп қалады)
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Ой балалар біз қалай барамыз, біз қоянның үйшігін таба аламызба?

Негізгі қимыл қозғалыс:
1. Доға астынан еңбектеп өту.
2. Орнынан ұзындыққа секіру.
- Алақай, Біз қоянның үйшігін таптық. Осы жерден тоқтайық.
- Біздің үйшігімізге бір нәрсе жетіспейтін секілді?
- Балалар бізге айналамызды көру үшін не керек? (көз)
-Дұрыс айтасыңдар. Мына үйшікте не жетіспейді? Балалар біз үйшікті сиқырлап орнына келтіру үшін көзімізбен сиқырлаймыз, үйшігімізді орнына келтірейік.
«Денсаулық» технологиясы
Көзге арналған жаттығу.
Жоғары, төмен, солға, оңға айналдырамыз, ашып – жұмамыз. Енді көзді жұмамыз, олар бізге сиқырласын. Санаймыз 1, 2, 3, 4, 5... көзімізді ашамыз.
Балалар көзін жұмып отырғанда, қоян келеді.
Қоян:
- Ой балалар жарайсындар, менің үйшігімді жөндеп, орнына келтіріпсіңдер. Мені қуанттыңдар. Сол үшін сендерді орманда қалдырамын, маған осындай көмекшілер қажет.

-Балалар сендермен ойын ойнағым келеді
Нұсқаушы: «Өз ұяңды тап» ойынын қоянмен бірге ойнайық

Қорытыңды:
Қоян:
-Ой балалар мен шаршап қалдым, белімде ауырды. Ой балалар сендермен ойнаған өте қызық екен.Бірақ уақыт тығыз сендер балабақшаға қайтуларың керек. Қазір сиқырлап сендерді өз балабақшаларыңа алып барамын. Бірақ алдымен жатып, дем алып алайын, ал сендер неге тұрсыңдар? Қане менімен бірге жатыңдар! Жұлдыздарға қарайық, армандайық.

«Денсаулық» технологиясы
Қане жұлдыздарға жақындайық, әуе шар болайық. Шар ол сендердің іштерің болады. Қолдарыңды іштеріңе қойындар, сендердің шарларың дұрыс үрленіп жатқанын білу үшін, демді ішке тартып шар үрлейміз, демді шығарамыз, желін шығарамыз. Міне сендер биіктесіңдер, көздерінді жұмыңдар, жұлдыздарды елестетіңдер. Қараңғы түнгі аспан, жарық ай, көп-көп жұлдыздар. Олар жанады, жарқырайды, құлайды да, ғайып болады. Қандай тамаша! Әдемі! Құстарда ән салып тұрғандай, күн шықты, таң да атты. Сендер ояндыңдар, тұрдыңдар. Міне біз өзіміздің балабақшаға да келдік

Дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы: Балалар

. Қоянға көп рахмет, ол бізге ертерек келуімізге көмектесті. Сендерге саяхат ұнады ма? Біз не саяхатта қандай жаңа жаттығу жасадық? Қандай кедергілерден өттік? Ой балалар мына себетте не бар екенін көрейікші, ой бұл қоянныңбізге берген сыйлықтары? Тез топқа барып сыйлықтарды бөлісіңдер.Балалар қане сапқа тұрамыз! Ендеше сау болыңдар