СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Доклад Ыбырай.Алтынсарин

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі

 аралықта әр адам өзінің рухани дамуына

 қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады »

Просмотр содержимого документа
«Доклад Ыбырай.Алтынсарин»

«Қостанай қаласы әкімдігінің

Білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің

№ 13 бөбекжай бақшасы»МКҚК










Тәрбие басы тал бесік.





Тәрбиеші: Әлімханова А.Қ.














Қостанай 2017




Тәрбие басы тал бесік.


«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі

аралықта әр адам өзінің рухани дамуына

қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады »

Ы.Алтынсарин


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның жеке адам ретінде қалыптасуы мен дамуына жағдай жасайды.Тәрбиенің кілті халық педагогикасында деуге толық негіз бар.Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілік, қайрымдылық, мейірбандықты дәріптейді.Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз - ақ жана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған.Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады.Атақты педагог Ы.Алтынсариннің «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады » - деп айтқан.Ыбырай өзінің педагогикалық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдерін, шығармалары бар. Бұл шығармалардың тақырыптық идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдың ұстаз, тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.Оның шығармалары қысқа мазмұнға құралады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал – мәтел қолдану, әр ертегінің тәлім тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады.

Ыбырай Алтынсарин әңгімелері: «Таза бұлақ», «Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Киіз үй мен ағаш үй», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Атымтай Жомарт», «Асыл шөп».

Өлеңдері: «Кел, балалар оқылық!», «Өзен», «Бұл кім», «Жаз», «Өнер білім бар жұрттан» т.б. өлең шығармалары бар.Бұл өлеңдердегі жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді.Сондықтан Ыбырай Алтынсарин өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп салыстырулар жасайды.Бұл өлеңдердің көп тіркестері қазірде мақал – мәтелдерге айналып кеткен.Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы.Оны жазушы шағын әңгімелерінде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармалары халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалисттік суреттер арқылы бейнелейді. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш » әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді.

№ 13 бөбекжай бақшасының ересек «Құлыншақ» және ортаңғы «Жұлдыз» тобы осы Қостанай қаласындағы мұражайға саяхатқа бардық. Мұражайға бару мақсатымыз Ы.Алтынсаринның 175 – жылдығы қарсаңында балаларға ұлы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы туралы таным түйсіктерін кеңейтіп, қызығушылықтарын арттырып насихаттау болды. Келешек ұрпағымыздың тәрбиелі, өнегелі, білімді болып өсулеріне жол ашып отырмыз.  «Тәрбие —басы балабақшадан басталады»  демекші, кішкене балаларымызды өз елінің ұланы болып өсіру, халқымыздың  атақты адамдарының есімдерімен  таныстыру, кішкентайынан ішкі  рухани   байлықтарын арттыру және қазақ халқының тарихын, мәдениетін бойларына сіңіру мақсатында  осы мұражайға барып келдік.  Мұражай дегеніміз кішкене балаларымыз үшін таптырмас оқу құралы.  Олар көргендерін, білгендерін зердесіне тоқып,   елтану, жертану қасиеттері дамып, өзінің туған Отанына деген сүйіспеншілігі арттады. Ыбырай атамыздың мұражайындағы әр жәдігермен таныса отырып, өздерінің  қабылдау түйсіктерімен, болмыстарымен  түсіне, ұға біледі деп ойлаймыз.   Осындай іс-шаралар балалардың ой-өрісін, кеңейтіп, жан-жақты дамытары анық. Балаларға әңгіме айту бір басқа да,  сол айтқан жәдігерлерді көру бір басқа. Балалар мұражай ішін аралап, мұражай қызметкерлерінің айтқандарын тыңдап, жәдігерлерді  қолымен ұстап көрді.    Білім саласында өзіндік өшпес із қалдырған  Ыбырайдай атамыз туралы айтқан әңгімелеріміз, мұражайдан көрген жәдігерлері олардың естерінде  қалары сөзсіз. Сондықтан  балалары  облыстық  тарихи өлкетану,   ұстаз атамыздың атындағы  мұражайларына саяхатқа келіп  тұрса,    балаларымыз үшін тәрбиелік мәні зор іс деп білеміз
Балалар ақын, жазушының шағын өлең жолдарын жатқа орындап, әңгімелерін баяндап отырды.Шағын шығармалары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзіреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыруды мақсат еткен.Шығармалар, әңгімелердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшелігі бар.Қандай әңгіме, шығармаларды алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құралады.Оқиғаның желісінің басталуы, өрбуі, аяқталуы өзіндік шешімі болады және де баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.Әсіресе адам өміріне байланысты әс – әрекет өтірік ысқақ – мысалдармен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз еткізеді.Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады.Әңгіменің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне байланысты деп ойлаймын.Ағартушы, ғалым, педагог адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше екендігін істеген істің, жүріс тұрыстың, демалыстың, яғни өмірдің сан алуан саласының қай қайсысы да ұнамды не ұнамсыз әдетке айналып отыратындығын, яғни адамды жарамды жақсы әдеттермен қатар жағымсыз жаман әдеттер болатындығын ескертеді. «Әдептілік адам көркі», «Әдепті бала ата – анасын мақтатар, әдепсіз бала ата – анасын қақсатар». Осындай нақыл сөздер ұлттық тәлім – тәрбиенің бастау бұлағы.Ыбырай Алтынсарин жақсы тәрбиеші, ғана емес , ол сонымен бірге тәжірибелі ой – пікірі озық мұғалым еді.Ы.Алтынсариннің тәрбиеші – ұстаз, мұғалімдік өнер жөніндегі айтқандарында педагогикалық түйіндері аз емес.Ол оқу тәрбие үрдісінде мұғалым рөліне айрықша маңыз береді, мектеп ісінің сан саласындағы жетістіктері мұғалімнің білім мен іскерлігіне, беделі мен өз жұмысын жан – тәнімен сүйе білуіне байланысты деп түсінген.Ы.Алтынсарин халықтың мұң мұқтажын білдіруші ағартушы педагог ретінде өз халқының білім мен мәдениетін, тұрмыс жағдайын жақсартуды игі мақсат етті, оны жүзеге асыру қазақтың озық ойлы және білімді азаматтарына байланысты деп ой түйді.Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыатасуына Ы.Алтынсарин өте зор еңбек сіңірген.Ы.Алтынсаринның даралығы анық, жұлдызы жарық екендігі бәрімізге аян.Бірліктің, өркениеттің алтын діңгегі - Білім әлеміне қазақ сахарасында тыңнан жол салып, ұстаздардың ұстазы атанған.

Ыбырай бабамыздың шамшырақ боп жағылған нұрлы, сәулелі оттары – білім ордалары бүгінде молайып ,біршама ұлы ағартушы есімін иеленді. «Кел, балалар оқылық »өлеңін жаттап өскен әрбір Қазақстандық азамат тамаша педагог есімін әр кез қастерлеп, асыл мұрасынан рухани нәр ала бермек.