СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Дос құшағы жаз.(сынып сағатының жоспары)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақта достық сөзінің мағынасы түсіндіріледі.Кеспе сөздерден мақалдар құрастырылады.Достық туралы әндер айтылып,ойындар ойналады.

Просмотр содержимого документа
«Дос құшағы жаз.(сынып сағатының жоспары)»

ПДТ балаларға арналған облыстық арнаулы түзету мектеп-балабақшасы















Класс сағаты

Дос құшағы жаз

Өткізген:Тасимова.Л.Ж



























Сабақ тақырыбы:Дос құшағы жаз

Сабақ мақсаттары:

1.білімділік:Балаларға «достық» сөзінің кең мағынасын түсіндіру,достық қарым-қатынас орната білуге үйрету.

2.тәрбиелік:Дос бола білуге,достарын сыйлай білуге,жолдастық көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

3.дамытушылық: Қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Сабақ әдістері:Сұрақ-жауап,әңгіме,түсіндіру,ойын,көрнекілік.

Сабақты өткізу түрі: Әңгімелесу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп соғайын

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен

Маңдайынан сипайын

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір қысайын

2.Сабақ мақсаты.

Шифрограмма шешу.

ш

қ

з

ғ

о

ұ

ж

д

а

с

а

ы

6

4

12

8

2

5

10

1

7

3

11

9

Сандарды өсу ретімен орналастырсақ сабақ тақырыбы шығады.

3.Әңгімелесу.

А.Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Өз досың туралы әңгімеле.

Б.Мұғалімнің «достық» туралы әңгімесі.

Достық

Мақсат Арман Талап

мүдесі тілегі талғамы



үйлесімді адамдар

В. Жағдаяттарды талдау, оқушылармен бірігіп қорытынды жасау.

4.Кеспе сөздерден мақалдар құрастыру.

Досы жоқ адам тұзы жоқ тағам.

Ағаш тамырымен,

Адам досымен мықты.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Жалған достан -жау артық.

Жақсы жолдас жарыққа шығарады.

Жаман жолдас батпаққа батырады.

5.Ән: «Дос болайық бәріміз»

Әрқашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер

Достық жырын біліңдер

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер



Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз

Қайраттанып қарышта

Озып шыққан жарыста

Батыл бас, жас ұлан

Самға биік ,алысқа,

Жұлдыздарға,ғарышқа

Бойда күш тасыған.

6.Ойын : «Достық шеңберін үзбе»

Оқушылар әуелі достық шеңберін құру үшін бір-бір жақсы сөзден айтады.Кейін дос болу үшін не қажет екенін айтып шеңберді үзбеуге тырысу керек.

7.Асоцияция құру.

Мұғалім «Достық» сөзін шеңбер ішіне жазып қояды.Оқушылар алдарындағы парақшаға өз ойларын жазып магнитпен тақтаға бекітеді.

8.Сабақты қорытындылау.

Әкел достым қолыңды.

Татуласқан орынды

Өкпелесіп не керек

Көрсет кәне соныңды

Баққа бірге кірейік

Қол ұстасып жүрейік

Татулықтың белгісі

Кел қосылып күлейік

Ха-ха-ха-ха.