СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Достық - біздің тірегіміз.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға өзге ұлт өкілдері мен достық туралы ой –пікірлерін, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту.

Просмотр содержимого документа
««Достық - біздің тірегіміз.»»

Ортаңғы «Ақерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 03.05.2019 ж

Тәрбиеші: Биржикенова. А.Б

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Бейбітшілік қорғанында»
Тақырыбы: «Достық - біздің тірегіміз.»

Мақсаты
Тәрбиелік: Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Балаларға өзге ұлт өкілдері мен достық туралы ой –пікірлерін, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту.

Оқыту: Көп ұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту.

Педагогикалық технологиялар:дамыту,ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,

Билингвалдық компонент: досты-друзия

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Балалар, Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мысалы: жергілікті ұлт-қазақ халқы және сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр, т.б. Сондықан Қазақстан Республикасын көпұлтты мемлекет дейміз.

Негізгі бөлім:

Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды-ынтымақ» дейді халық даналығы. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары бар. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді. Көпұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.

Сергіту сәті: Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

Қазақ халқы бауырмал халық. Біздің елімізде тұрып жатқан орыс, корей, түрі т.б. халықтар біздің жерімізден жер беріп, жылы құшақпен қарсы алған.

Боямақпен жұмыс. Суретте берілген қазақ, орыс, өзбек, татар халқының ұлттық киімінің ерекшелігін айтып, сәйкес түспен бастырып, бояуды ұсынамын.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.



Қорытынды: Балалардан сұрақ –жауап арқылы сұрау.Сабақтан алған әсерлерін сұраймын. Қорытындылаймын.