СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Достық - қымбат өмірде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Достық қымбат екені баршаға белгілі. Достыққа адал болу керек.

Просмотр содержимого документа
«Достық - қымбат өмірде»

Ауылдық жерлерде, бір жақсысы, сынып жетекшісі, баланың үйіне барып, қандай жағдайда тұрып жатқанын, баланың көңіл күйіне әсер ететін жақсы-жаман жақтарын көріп, көңіліне түйіп алуына мүмкіндік мол. Ал қала деңгейінде бұл жұмыс қиындау, дегенмен, сынып жетекшісі әрбір баланың қандай ауамен де­малып, қандай жанұяда өсіп жатқанын білмейінше, тәрбие дұрыс жүрмейді деп ойлаймын. әйкесінше, ата-ана да баласының қандай ортада өсіп жатқанын, қандай балалармен оқитынын білуге мүдделі болуы шарт. Тәрбие саласындағы олқылықтың орнын толтыру үшін ынтымақтастық педагогикасын жаңғыртуымыз керек.

.Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделi процесс. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым–қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шебері аса кең, көп қырлы. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, достармен сөйлессек те, осының бәрі – қарым–қатынастың сан алуан қырлары болып есептеледі. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым–қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қатаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым–қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана қалай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым–қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым–қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады. - ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған; - ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас; - өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас; - бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас; - түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас. Әр отбасында жоғарыдағыдай түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жіберіп жатады. Мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. «Ата-ана – бала» жұбындағы кез келген қарым-қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Тұлғаны қалыптастырудың маңызды факторы бола отырып, қарым-қатынас үлкен педагогикалық мүмкіндіктерге ие. Тәрбие мақсатына жету үшін ата-аналар әр түрлі әсерлерге жүгінеді: мадақтау және жазалау. Балаларды саналы түрде мадақтау нәтижесінде баланың тұлға ретінде дамуын жеделдетуге болады. Егерде жазалау қажеттілігі туындаса, онда оны тек қана қажетті жағдайда ғана қолдану керек. Өте қатал жаза нәтижесінде балада қорқыныш немесе өшпенділік болуы мүмкін. Кез келген физикалық әсер нәтижесінде балада өзіне ұнамаған жағдайды күшпен шешуге болады деген ұстанымды туындатады. Өзіндік бағалауы жоғары жағдайда да адекватсыздық байқалады. Бұл баласын көп мақтап, кішкентай жетістіктері үшін де сыйлық беретін отбасында да кездеседі. Жоғары, бірақ шамадан тыс өзіндік бағалауы жоқ отбасында балаларға бағытталған көңіл бөлушілік қажетті деңгейдегі талапшылдықпен сәйкес келеді. Өзіндік бағалауы төмен балаларға отбасында шамадан тыс еркіндік ұсынылады, алайда бұл еркіндік ата-ана мен бала арасындағы қатынас бұзылуы нәтижесіндегі бақылаусыздық болып табылады. Қарым-қатынас барысындағы қиыншылықтар эмоционалды қарым-қатынас бұзылуының нәтижесі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың сөзі мимика, жест және поза көмегімен жүзеге асырылады. Бала ата-анасы және жақындарының қарым-қатынас стиліне еліктей отырып, санасыз түрде соған бейімделіп кетеді. Сөйлеу мәдениетіне ие отбасы баласының бойына қолданылып жүрген қарым-қатынас стилін бейімдейді. Эмоционалды қатынастың бұзылуы нәтижесінде бала бойында үрейлілік дамиды. Жоғары үрейлілік тұрақты сипатқа ие болады. Егер оның бойындағы уақытша қиындықтарды ересектер тітіркендірсе, бір нәрсені қате жасап қою қорқынышы, үрейлілік туындайды. Мұндай жағдай ата-аналар тым жоғары талап қойғанда да туындайды. Үрей мен оған байланысты төмен өзіндік бағалаудың өсуі нәтижесінде баланың танымдық жетістіктері төмендеп, сәтсіздік сезімі беки түседі. Өзіне деген сенімсіздік нәтижесінде келесідей ерекшеліктер де туындайды. Ересектердің нұсқауын орындау, үлгі бойынша ғана әрекет ету, өз ойын білдіруге қорқу, білімдер мен әрекет тәсілдерін ресми түрде меңгеру. Өз баласының оқу әрекетінің нәтижелілігінің төмендеуіне көңілі толмаған ересектер қарым-қатынас барысында аса үлкен көңіл бөле отырып, бала бойындағы эмоционалды дискомфортты үдете түседі. Балаға жақын ересек адамдар бала жетістіктерін байқап, оны қателіктері үшін аса қатал жазаламау арқылы оның үрейлілік деңгейін төмендетеді және сол арқылы оқу тапсырмасының сәтті орындалуын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі эмоционалды сәтсіздіктердің басқа формасы ата-ананың диктат болуы нәтижесінде пайда болады. Оларға қорқыныш – адам санасындағы нақты қауіпті сезінуі; үрей – болашақтағы қауіпке эмоционалды түрде тұрақталып қалу. Үрей қорқынышқа қарағанда әрқашанда теріс сезім емес, өйткені ол қуанышты қобалжу кезінде де орын алады. Қорқыныш пен үрейді біріктіруші– мазасыздық сезімі болып табылады. Оны баланың сасқалақтап, қажетті жауапты бере алмай, дірілдеген дауыспен сөйлеп, мүлдем үндемей қалуынан көреміз. Ол мүлдем көп қимылдарды жасайды немесе мүлдем қозғалыссыз қалады. Мұндай симптомдар ағзаның психофизиологиялық функцияларына шамадан тыс қысым түскенін білдіреді. Қорқыныш жасқа немесе жүйке жүйесіне байланысты болады. Жасқа байланысты қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда кеңінен көрініс табады. Олар келесідей факторларға байланысты болады: ата-анасында қорқыныштықтың болуы, баламен қатынастағы үрей, шамадан тыс қамқорлық және оны құрдастарымен қатынасынан оқшаулау, ата-ана тарапынан тыйымдардың көп болуы немесе шамадан тыс еркіндік және отбасындағы ересектердің көптеген қорқытулары, ата-ана арасындағы конфликтілік қатынас, қорқыныш сияқты психикалық жарақат, құрдастары және ересектерімен қатынастағы қорқынышты психиканы жұқтырып алу. Жүйке жүйесіне байланысты қорқыныштың сипаттары: жоғары сезімдік және қысым жағдайында болу; тұлға және оның мінез-құлқының қалыптасуына кері әсер ету; басқа қобалжулармен байланыс, барлық жаңалықтан және таныс емес нәрседен қашу; қорқынышты жоюдағы қиындық. Сондай-ақ жүйке жүйесіне байланысты қорқыныш ұзаққа созылған шешімі күрделі қобалжулардың нәтижесінде туындайды. Көп жағдайда сезімтал, отбасындағы қарым-қатынасты эмоционалды қиындықты басынан кешіретін, өзі жайлы көзқарасы отбасындағы қақтығыстар нәтижесінде өзгертілген балалар осындай қорқыныштарды сезінеді. Мұндай балалар ересектерге бедел және махаббат негізі ретінде сүйене алмайды. Мектепке дейін ересектермен қарым-қатынас тәжірибесіне ие болмаған балалар олардың көңілінен шықпай қалуға, мектеп ұжымына бейімделуде қиыншылықты басынан өткізеді және мұғалімнен қорқады. Кейбір жағдайларда құрдастарымен қақтығыстарға түсіп, олардың тарапынан болатын агрессиядан қорқу (төбелесу, ұрып-соғу) мектептен қорқу себептерінің бірі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы қорқыныштың нәтижесінде ұялшақтық сияқты мінез-құлық формасы туындайды. Ұялшақтық – бұл көптеген адамдарға тән, қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін ерекшелік. Сонымен жоғарыда сипатталған бала тұлғасының негативті қырлары дискомфорттың (жайсыздықтың) салдарынан туындайды. Сондықтан ата-ана мен бала арасындағы терең және үздіксіз қатынас болуы қажет. Бұл тәрбиелеудегі негізгі талап. Қатынасты сақтаудың негізі – бұл бала өміріндегі оқиғалардың барлығына да қызығушылық таныту, оны түсінуге, оның өміріндегі өзгерістерге көңіл бөлу. Балалар мен ата-аналар арасындағы эмоционалды қатынас өзара түсіністік жайлы айтқанда бала мен ересек адамның арасындағы әрекеттестік, диалог жайында ой қозғалады. Зерттелініп отырған жас кезеңінде эмоционалды қатынас, дыбыстық қатынас өте маңызды болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ересектердің балалармен қарым-қатынасының мынадай принциптерін көрсете аламыз: баланы қаз қалпында қабылдау; эмпатия - ересек адам бала позициясын қабылдайды, туындаған мәселеге бала көзімен қарайды; конгрэнттілік - болған оқиғаға ересек адамның адекватты қатынасы. Қорыта келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/30042/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты

Қазақ отбасындағы ата-ана мен баланың кісілік қарым-қатынасы, эмоционалды сезімдері – олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық арқылы орындалған. Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп қалыптастыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар туғызуда. Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті балажандылығы деп саналған. Тіпті қазақ әйелі әулиеге түнеп перзент үшін өмір сүретін. Ал, қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсеңдеп кеткен сияқты. Себебі сәби өмірге мүлде дәрменсіз күйде келеді. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің келісіп, жөргекке оралуынан бастап дені сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы ата-ананың өмірінде таусылып бітпейтін қарбаласы басталады.. Осы бағыттағы құнды зерттеудің негізін, әсіресе мектепке дейінгі кезеңде М.И. Лисина, Қ.Т. Шериазданова сынды ғалымдар салды. Олар психологиядан мектеп жасына дейінгі баланың ересектермен қарым-қатынасын зерттеуде жаңа жол ашты. М.И. Лисина зерттеулеріндегі негізгі әдістердің бірі – отбасында тәрбиеленуші және түрлі типтегі балалар мекемелеріндегі отбасынан тыс тәрбиеленіп жатқан балаларды салыстыра отырып зерттеу. Балалар үйінде тәрбиеленушілер өмір сүруге қажетті барлық қажеттіліктермен (қалыпты тамақтану, киім, ойыншық, дәрігерлік бақылау, білім т.б.) қамтамасыз етілгенімен, дара бағыттағы үлкендердің эмоционалды – жағымды қарым-қатынасының тапшылығы олардың жан-жақты дамуын баяулатады.

Қарым-қатынас – баланың психикалық дамуының негізгі факторы, әрі шарты. Кеңестік психология мен педагогика қарым-қатынасқа бірнеше анықтама береді. Біреулер, қарым-қатынасты ақпарат алмасу деп түсінсе, келесі біреулер, қарым-қатынасты – адамзат дамуының құрамдас бір бөлігі деп қарастырады. «Қарым-қатынас – қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты – жеке даралық құбылыс. Сондықтан да, қарым-қатынастың ең маңызды құралы – тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизмі болып табылатын – сөйлеуде, әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығына көрінеді…». Қарым-қатынас тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып табылады. Адамды қалыптастыратын қоршаған орта, қоғам екендігі белгілі шындық. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесін В.С. Мухина мен Л.А. Венгер де ғылыми тұрғыдан зерттеді. Олар отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдісі нәтижесінде мектеп жасына дейінгі бала өздігінен дербес түрлі әрекеттер (киім кию, жуыну, тамақтану т.б.) орындағандарымен, ата-ана тарапынан көрсетілген эмоционалды қарым-қатынасты әлі де болса ас қажет етеді. Деп тұжырымдайды. В.С. Мухинаның айтуынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында балада әр түрлі тәртіп формалары қалыптасады. Бұл жерде бала үшін ең бастысы – ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті қалыптастырады. Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоционалды қолдауды қажет етеді. Л.А. Венгер өз пайымдауын айтады. Баланың жан-жақты дамуына отбасының әсерін көрсете келіп, ол жердегі тәрбиелік ықпалдардың дұрыс ұйымдастырылмауы, қарым-қатынасқа қанағаттанбау, ұжымда өз орнын дұрыс сезінбеу, отбасындағы кикілжің жағдайлар, осылардың бәрі бала тәртібінде біраз қиындықтар тудырады деп қорытындыласа, ресейлік ғалым Б.Лихачев отбасы баланың жеке басына екі жақты: біріншіден, отбасының материалды жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктері мен әлеуметтік құндылықтары арқылы; екіншіден әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекет арқылы әсер етеді. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқараспен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеологиялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес болуына байланысты жүзеге асырылады деп көрсетеді. Баланы дұрыс толыққанды азамат етіп тәрбиелеу үшін ынтымақтастық қарым-қатынастың керек екені белгілі. Осы қарым-қатынас түрін дамыту жолдарына баса көңіл бөлген жөн. Біздің бұл көзқарасымыз халықтық тәрбиенің басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысын қарастырған С.Қалиевтің тұжырымдамасымен қабысып жатыр. Халық педагогикасында тәрбие ісі баланың жас ерекшелігін ескере жүргізуді талап ете отырып: «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшындай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досындай бағала» — делінген. Осылайша баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп санаудың өзі ғылыми педагогиканың ынтымақтастық заңдылықтарымен байланысады.

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін Л.А. Венгер баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды. Ойын барысында жүргізілген қарым-қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі болып табылады. Себебі ойын әрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала өзгенің көңіл күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды. Ал, А.В. Запорожец, Я.З. Неверовичтер тек отбасы жағдайында, жағымды қатынастар негізінде ғана мектеп жасына дейінгі бала тәртібінде айналасындағы үлкендер, құрбыларына деген көнгіштік, аяушылық, өзгелердің әрекетіне баға беру сияқты эмоционалды тәжірибе қалыптасады деп көрсетеді. Кейде өмірде болашақ ата-ана бала тумай жатып, оның қандай болатыны, қалай өсетіні, немен шұғылданатыны туралы жоспар құрып қояды. Біраз уақыт өткен соң ата-анасы оның өзгеше екенін түсінеді. Ғалымдардың ойынша отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді. Айналада болып жатқан құбылыстар балаларды сөзсіз қызықтырады. Қазіргі заман психологиясы балалық шақты – баланың өзіндік сана сезімі, «өзінің» және «өзге» этностарға деген рефлексивті қатынастарының жедел жүретін кезі екенін көрсетеді. Осы айтылған өзіндік сана – сезім балада ең алдымен отбасы деген әлеуметтік – этникалық ортада қалыптаса бастайды. Отбасындағы әлеуметтік нормаларды меңгеру барысында балада өзін-өзі қабылдауы және «мен» деген түсінігі пайда бола бастайды. Өздерінің бұрынғы армандарына ой жүгіртіп саралай келе, олар өз баласының ойдан жасаған бейнесі мен өмірдегі болмысының арасындағы сәйкессіздіктен қанағаттанбаушылық сезінетінін түсінеді. Шынайы «көрініс» қиялмен алмастырылады. Шынайы бала мен айналасындағы адамдар туралы түсінік көзқарастың, мақсаттың әсерінен бұрмаланады. Осы кезде бала өзін қалай сезінеді? Нені уайымдайды? Кез-келген бала өзінің «жақсы» бейнесіне қолдау көрсеткенің қалайды. Бұл қолдау жақсы көретін ересектер тарапынан, көбінесе ата-анасы жағынан болуы керек. Бірақ жақсы көретін бұл ересек адамның өз баласынан көңілі қалғандықтан, қажет қолдауды көрсетуге қабілетсіз болады, көбінесе тек өзінің наразылығын ғана көрсетеді. Дәл осы жағдай қарым-қатынастың ушығуына әкеп соғады. Өкінішке орай ақыл ойының әлі толық жетілмеуіне байланысты бала өзінің қолдау мен махаббатқа зәру екенін сөзбен айтып жеткізе алмайды, сондықтан ол ересектермен клиникалық психологияда белгілер деп аталатын түрлі аурушаңдықтың көріністері бар түсініксіз тілмен сөйлеседі. Бұл белгілер тілінің түсініксіздігі сонда, ол физиологиялық тегі жағынан ауру сияқты болып көрінеді, сондықтан да ата-аналар оны ушыққан қарым-қатынастан туындаған ішкі сезім қиналысының белгісі ретінде қабылдамайды. Кейін бала өскенде өзінің ата-анасымен қарым-қатынасын «Менің ата-анамның үнемі бірдеңеге көңілі толмайтын, меніңше олар мені жек көретін», немесе «олар мені өте жақсы көретін, бірақ менен ештеңе шықпады» деген сияқты сөздермен суреттейді.

Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - жас ұрпақ. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін мектеп болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Бала бақытының кепілі - ата- ананың өнегелі тәрбиесінде.


Өнегелі ұрпақ тәрбиесі отбасы татулығынан басталады. Ұлағатты ұл, ибалы қыз тәрбиелеп, оларды өмір бәсекесіне қабілетті етуде ата-ананың ересен еңбегі қажет. Бұл ретте салт-дәстүрге берік, ата-баба аманатына адал болу да үлкен мәнге ие. Осы қағидаларды назарға алған түркістандық аналар алқалы жиында бас қосты. Елбасы мақаласында айтылған ұлттық код, ұлттық прагматизм тақырыптарында терең әңгіме өрбітті.

Түркістан – рухани орда. Тарихи мекенде салт-дәстүрдің озық үлгісі сақталған. Жастардың ел тізгінін ұстайтын, бәсекеге қабілетті болып өсуіне жергілікті кітапханалардың да ықпалы зор. Сондықтан да әжелер мен өнегелі аналар дәл осы кітапханада бас қосты.

Қоғамда отбасы мәртебесін көтеріп, некенің қағидаттарын берік ұстау – өзекті мәселе. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетін бүлдіршіндердің дұрыс бағытта тәрбиеленуі ана мен әке еншісінде. Жас буынды салт-дәстүрге негіздеп, тәрбиелеу ұлттық кодты сақтаумен пара-пар.  

Жиында сөз алған әжелер қауымы жас аналарға ұлағат айтты. Ұсынылған бейнеролик пен кітаптар көрмесі қалың көрерменнің жүрегіне ұя салды. Елбасы екшеген рухани жаңғыру отбасынан басталатыны айтылды.

алаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды.

Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау болуы керек.

Президент тарапынан қойылған міндеттерді шешу, отбасындағы ізгілік тәрбиесін дамытуда көп ғасырлық халық педагогикасына және балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарға оқытудың әлемдік тәжірибесіне негізделген, ҚР білім беру жүйесінде лайықты орын алған, Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен үндеседі. Бағдарлама балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады.

Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан, оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса, үйде тыныштық болады. Үйде тыныштық болса, мемлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса, әлемде тыныштық болады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген бағдарламаны жүзеге асыру арқылы «Мәңгілік Елдің» болашағын құра аламыз.

Әр адамның өмірінде отбасы, оның өзіндік санасының қалыптасуының алғашқы баспалдағы болып табылады. Отбасында баланың қарым-қатынас жасауындағы біліктілігі мен дағдысы жетіліп, оның адамгершілік бейнесі мен кәсіби өзінің орнын өзі табу қабілеті қалыптасады. Отбасы ұлттың, елдің, әлемнің, адамзаттың негізі және сондықтан да отбасында дұрыс қарым-қатынас орната білу қажет.